Допты жоғарыдан соғып ойынға қосу. Допты екі қолмен жоғарыдан беру және төменнен қабылдау

Дене тәрбиесі сабағында волейбол  ойынының техникалық әдістерін үйрету үшін материалдық база болу керек.  Волейбол доптары , торлар, нығыздалған доптар, секіргіштер, кішігірім кір тастары. даярлық бөлімінде денені қыздыру  жаттығуларын дұрыс өткізу керек. өтілетін тақырыпқа сай сол жаттығуларды допсыз жасату, кедергілерден секірту, қысқа қашықтыққа жылдам жүгірту керек. сыныпты екі немесе үшке бөлу, әр топқа әртүрлі жаттығулар беру керек. допты жоғардан беру және төменнен қабылдау әдісін жасату ...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Волейбол (10 сынып)

Тақырыбы: Допты жоғардан соғып ойынға қосу.

Допты екі қолмен жоғардан беру және төменнен қабылдау .
Сабақтың мақсаты:
1) оқушыларға допты ойынға жоғардан соғып қосу әдісін үйрету және жетілдіру.
2) Допты екі қолмен жоғардан беру және төменнен қабылдау әдістерін бекіту.
Өткізілетін орыны: Спорт залы
Қолданатын жабдықтар: Волейболдық тор, волейбол доптары.
Сабақ барысы
1. Кіріспе бөлім. 10 минут.
а) Саптық тұрыс, мәлімет қабылдау.
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

Саптық жаттығулар: оңға ,солға ,кері бұрылулар; бір,екі қатарлы/лек/ сапқа тұру.
1. Жүріс.
а) Аяқтың ұшымен, қолды жоғары созу.
Б) Өкшемен жүру, қол белде.
В) Аяқтың сыртымен, қол белде.
Г) Ішкі жағымен, қол тізеде
2. Жүгіру.
а) Бір қалыпты жүгіру.
Б) Он жақ иық алда тіркемелі адыммен.
В) Сол жақ иық алда тіркемелі адыммен.
Г) Артпен, сол немесе оң жақ иықтан кері қарау.
Д) Аяқты артқа сермей лақтырып, қол артта.
Е) Тізені көтере жүгіру.
Ж) Жай жүгіру.
3. Жалпы дамыту жаттығулар.
1 Қозғалыс кезінде.
А) Демді қалпына келтіру жаттығулары.
Б) Адым сайын қолды аяқтың ұшына тигізу.
2.Бір орында .
а) Б. Қ - Н. Т,- қол белде.
1 - басты оңға , солға айналдыру..
Б) Б. Қ - Н. Т
1 - қос қолды жоғары көтеріп керілу
2 - алға еңкейіп, қолмен аяқтың басына жету
3 - қолды алға созып отыру
4 - Б. Қ
в) Б. Қ - Ж. Т,- қол жан - жақта
1 - алқа еңкею
2 - оң қолды, сол аяқтың басына жеткізу
3 - сол қолды, оң аяқтың басына жеткізу
4 - б.қ.
г) Б. Қ - Н. Т,
1 - оң аяқты, сол қолдың алақанына жеткізу
2 - сол аяқты, оң қолдың алақанына жеткізу
д) екпеттен жатып қолды бүгіп-жазу

е) Б. Қ - Н. Т. қолдың басы қуысталған
1 - алға бір аттам жасап, саусақ қайыру

ж) Б. Қ - Н. Т - допты төменнен қабылдау және жоғардан беру әдістерін допсыз жасау/имитация/

2. Негізгі бөлім 30минут
1. Допты жоғардан соғып ойынға қосу.
А) ойынға допты қосу кезінде аяқты дұрыс қою.
б) допты жоғары лақтыру
в) лақтырылған допты тордан асыра ұру
2. Допты жоғардан беру және төменнен қабылдау әдістері.
А) доп беру кезінде қолмен аяқтың іс - қимылы
Б) алақанды ұстау әдісі, ойыншының тұрысы.
3. Екі қолмен төменгі әдіспен доп қабылдау тәсілі
а) қол ұстау әдісі, төменгі доп қабылдауда
б) ойыншының тұрысы

4. Екі жақты жаттығу ойыны./ үйретілген әдістердің қолданылуын қадағалау/

3. Қорытынды бөлімі. 5минут.
1. Бір қалыпты жүгіру, жүру.
2. Сабақты қорытындылау.




© 2010-2022