Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.

С.Мырзатаев,

Жабасақ орта мектебінің

дене шынықтыру пәні

мұғалімі.

Шаңғы спортына жалпы шолу.

Сабақтың мақсаты: - Оқушылар шаңғының шығу түп тамырын білу.

-Шаңғы спорты жылдамдыққа,төзімділікке шыңдайтындығын

түсіндіру.

- Шаңғы жүрістерін шаңғысыз жүре білу.

- Шаңғы спортына қызығушылығын арттыра отырып

салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Теориялық.

Сабақтың әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап,өз ойларын жеткізу.

Қажетті құрал жабдық:Шаңғы,шаңғы таяғы,аяқ киімі,интерактивті тақта.

Сабақтың өтілу жоспары:

1.Шаңғының шығы тарихы.

2.Шаңғы сабағындағы қауіпсіздік ережесі.

3.Шаңғыны әзіне таңдау (бір оқушының ұйымдастыруымен)

4.Шаңғы жүрістері және таудан түсу,тоқтау,өрге шығу әдістері.

5.Шаңғы күтімі.

6.Қортындылау.

Сабақтың барысы:

1.Шаңғының шығу тарихы.

  • Шаңғы біткеннің шыққан жері - Алтай. Бүгінде байрақты бәсекелердің көрігін қыздырып жүрген ғажап спорт бұйымының атасы саналатын шаңғы ең алғаш Алтайлықтарда пайда болған. Мұны шетел ғалымдарыда мойындап отыр.Ғалымдардың айтуыншы жылқы терісімен қапталған шаңғының жасалуы қарапайым болған. Әр шаңғыны жасау барысында, оны қолданатын адамның бойы мен салмағы ескерілген.Айталық адамның бойы қаншалық ұзын болса шаңғы соған шақ болған. Алтайлықтар шаңғының көбінде жеңілдігін ескеріп самырсыннан, кейде қалыбын бұзылмас үшін қарағайдан жасаған. Таңдап алынған ағашты бір ай молшерінде кептіріп койып бабына келген соң адам табаны тұратын жерден төрт тесік тесіп бау өткізген. Ал табанына соғымға соғылған жылқы терісінің пұшпағын жүннің жату бағытын артқа қаратып қаптаған. Соның арқасында шаңғы алдыға қарай жеңіл сырғанаса өрге қарай жүргенде кері таймайтын болған. Әрі еңіске қарай сырғанап келе жатып тоқтауғада қолайлы. Шаңғышы таяғы о баста бірнеше қызметті қатар атқарған. Ол қардың қатты жұмсақтығын біліп бұрылуға сондай-ақ қуып жеткен аңды соғып алуға пайдаланған. Б.з.б 5-ғасырда Алтай сілеміндегі деңлек деп аталатын тайпалар қолданған.

2.Шаңғы сабағындағы қауіпсіздік ережелері.


  • Шаңғы таяғын бір-біріне лақтыруға болмайды.

  • Шаңғымен таяқпен ойнауға болмайды.

  • Тауға шыққанда, таудан түскенде арақашықтық сақтау керек.

  • Шаңғымен басқа адамның шаңғысын басуға болмайды.

  • Бір-бірінің жолын кесуге болмайды.

  • Шаңғымен таяқ соғысып ойнауға болмайды.

  • Қармен бір-біріне лақтырып ойнауға болмайды.

  • Сабақ аяқталғанда, шаңғыны қардан тазалап спортзалға кіріп сапқа тұру керек.

  • Мұғалім шаңғыны тапсырыңдар дегенде бір-бірін итермей, асықпай шаңғыны тапсыру керек.

  • Шаңғыны тепкенде жылы қолғап, жылы бас киім кию керек.

  • Сабақта сағыз шайнауға болмайды.

  • Аязды күні қасыңдағы балалардың денесін үсік шалғандай белгі байқаса ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап көмек көрсету керек.

3.Шаңғыны әзіне таңдау (бір оқушының ұйымдастыруымен)

Шаңғы таңдау. Таяқ таңдау. Қолға таяқ ұстау әдісі.

Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.


4.Шаңғы жүрістері.

Шаңғы жүрісі негізінен екі топқа бөлінеді:1.Классикалық жүріс.2.Конькише жүріс.

Оқушыларға ведио арқылы көрсетілген классикалық жүрістің түрлерін көрсетіп оны оқушылар ажырата біліп және кабинетте қыймылды қайталап көрсету(имитация).Классикалық жүріс түрлері.1.Бір мезгілде бір адымды жүріс.2.Алма кезек екі адымды жүріс.3.Бір мезгілде екі адымды жүріс.4.Бір мезгілде адымдамай жүріс т.б.

Конькише жүріс түрін ведиодан көріп түсінік беру.Сырғанау жағдайын едәуір жақсарту кең және жақсы тапталған шаңғы жолдары,конькише жүріс басқа жүру әдістерімен салытырғанда жоғары жалдамдықпен жүруге мүмкіншілік береді.Шаңғышы осы тәсілмен жүрген кезде оның қыймылдары коньки тебушінің қыймыл әрекетіне ұқсайды-осы тәсілдің конькише жүріс деп аталуының өзі осында.Бір шаңғының ішкі жағымен шаңғышы алға жаңға сыртқа қарай теуіп күш алып жылжып дене салмағын екінші сырғанаушы шаңғыға ауыстырады.Енді осы қыймыл екінші аяқтан қайталанады осы тәсілмен жүру кезінде қолдары белсенді жұмыс атқарады.Аяқтың жұмысы қарқынмен үйлесімді түрде бір мезгілде немесе алма кезек жүзеге асады.


Таудан түсу:1.Тік тұрып.2.Орташа еңкейіп.3.Төмен еңкейіп.4.Жылдамдықпен.Слайдтар арқылы көрсету.

1 2 4 5

Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.

Тоқтау әдістері:1.Соқа әдісімен.2.Жартылай соқа.3.Тіреліп тоқтау.4.Бұрылып

тоқтау.5.Құлап тоқтау.Слайттар арқылы көрсету.

1 2 3 4 5

Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.

Өрге шығу әдістері:1.Шыршалап.2.Жартылай шыршалап.3.Жанымен. Слайттар арқылы көрсету.

1 2 3

Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.

5.Шаңғы күтімі.

Шаңғыны туіп болғаннан кейін құрғатып сүртіп кергішке (пирамида) керіп қою керек.Қыс бойы әлсін-әлсін 2-3 рет ескі майларын тазартып қарағай шайырын жағады.Шаңғының метал бекіткіштерін маймен майлайды.Ал шаңғыға арналған батинкаларды да майлап қою керек.

Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.

6.Қортындылау.

Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма:Шаңғы жүрістеріне қайталау жасау(имитация).Қоштасу.

Сабақтың тақырыбы: Шаңғы спортына жалпы шолу.

Ақтөбе облысы,

Әйтеке би ауданы,

Жабасақ ауылы.







© 2010-2022