Спорттық шара Епті, мықты күшті (5-9 сыныптар)

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Епті, мықты, күшті!


Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты достар! Сіздермен «Епті, мықты, күшті» спорт сайысында тағы жүздескенімізге өте қуаныштымыз!

Жүргізуші: Ойынымыз бастау алды. Көңіл-күйіміз тамаша. Барлық қатысушыларды сергіту ойындарын жасауға шақырамыз.

Жүргізуші: Бүгінгі ммерекеміздің бағдарламасы эстафеталық ойын түрлерін қамтиды. Қатысушыларымызға сәттіліктер тілейміз!

Жүргізуші: Бірінші эстафетамыз Садақ ату деп аталады. Гүл қүмыралары финиш алаңынан 5 метр қашықтықта қойылады. Түрлі түсті шарлар финиш алаңында қатысушылар санына байланысты қойылады. Әуен басталған кезде бірінші қатысушы ойынды бастап, шарды алып, гүл құмырасына салып, тобына қарай жүгіреді.

Жүргізуші: Екінші ойынымыз. Қызықты волейбол. Барлық қатысушыларға шарлар беріледі. Топтар арасына арқан тартылады. Әуен ойналады. Топ ойыншылары шарларды қарсы топтың ауласына лақтырады. Әуен тоқтатылған кезде, ауласында аз шар қалған топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Келесі ойынымыз Клюшкалы Чура. Жүргізушінің сигналы бойынша бірінші қатысушы теннис добын таяқпен белгіленген жерге дейін апарып, қайтадан орнына әкеліп, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады.

Жүргізушіі: Төртінші эстафета Қарбызды зстафета деп аталады. Қарбызды балалар аяқтарына қысып, жүгіре белгіленген жерге дейіін апарып, қайтадан орнына әкеліп, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады.

Жүргізуші: Келесі эстафета Балалар аралы. Әрқайсыңыздың алдарыңызға 2 белшеңберден берілген. Бала алдымен бірінші белшеңбердің ішіне тұрады. Одан соң екінші белшеңберге өтеді де, алдыңғы шеңберді алға қарай жылжытады. Осылайша айналма сызыққа дейін жету керек. Ал қайтар жолда бір белшеңбермен мәреге қарай жүгіреді.

Жүргізуші: Келесі эстафета Автожарыс деп аталады. Кішкентай машиналарға бау тағылған. Ойын басталды деген кезде жіпті таяқшаларға орап, машиналарды өзіңізге қарай жақындатасыз. Мәреге жеткен машина жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Қымбатты қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар! Көптен күткен сәт те келіп жетті. Байқауымызды қорытындылау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші: Құрметті жарысқа қатысушылар, көрермендер! Біздің бүгінгі тамаша кездесуіміз аяқталады. Біздің үміткерлеріміз барлық сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің мықтылықтары мен ержүректіліктерін көрсетіп, жан дүниелерінің тәнмен өзара үндестікте екендігін тағы бір дәлелдеп берді.



© 2010-2022