Бастауыш сыпта Қош бол, бастауышым сыныптан тыс мерекелік іс - шара

Қош  бол,бастауышым!   Мақсаты: оқушылардың   бастауыш   сыныпта  алған  білімдерін  қортындыла өз Отанына,   мектебіне,ұстазына  деген  сүйіспеншілігін  арртыру. Әдіс-тәсілдері:ән-би  орындау,өлең  оқу,сахналау. Көрнекілігі:білім  туралы  нақыл  сөздер,түрлі-түсті  шарлар,залды  безендіру. Мұғалімнің  құтықтау  сөзі: Құрметті  қонақтар,ұстаздар,оқушылар!   Бүгін  сіздер  4  «А»  сыныбының  «Қош  бол,бастауышым!» атты ертенгілігіне  келіп  отырсыздар.Төрт  жыл  бойы  білімге  жол   ашқан  оқушыл...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош бол,бастауышым!

Мақсаты: оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін қортындыла өз Отанына, мектебіне,ұстазына деген сүйіспеншілігін арртыру.

Әдіс-тәсілдері:ән-би орындау,өлең оқу,сахналау.

Көрнекілігі:білім туралы нақыл сөздер,түрлі-түсті шарлар,залды безендіру.

Мұғалімнің құтықтау сөзі:

Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!

Бүгін сіздер 4 «А» сыныбының «Қош бол,бастауышым!» атты ертенгілігіне келіп отырсыздар.Төрт жыл бойы білімге жол ашқан оқушыларым өздеріңнің бастауыш сыныбымен қоштасып,жоғарғы сынып табалдырығын аттағалы отырсыңдар.Осы қуанышқа құтты болсын айтып,ертенгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер демекпін.

Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар

Білім іздеп,инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып,би билеп,ән де бүгін айтылар.

Бастауыш сыныпты бітіруші түлектерді ортаға шақырамыз.

1:Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауыш пен қоштасып.

2:Ақыл-ойың жаңғырып.

Бастауышпен қоштасқан,

Өңкей білгір балдырған

Өсті бойың,ойларың.

3:Оқытты ұстаз анамыз

Өсті білім санамыз.

Білгіш ер боп өсетін

Біз бақытты баламыз.

4:Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір күш сыныпқа ап барғаны.

5:Енді міне сағымдай өте шықты,

Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел танымас бір-бір мықты.

Ұстаз:

Бүгін біз сауатымызды ашып,білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай,ұстазымыз білімнәрімен сусындатып көп нәрсені үйретті. Сондықтан да ұстаздарымызға(хормен) «Мың алғыс!»

Би: Аққу биі.

1:Білімнің терең мәндерін

Мерейінде пәндердің.

Мерекеде сөйлесін

Мектептегі пәндерім.

Ана тілі пәні:

2:Адамдықты үйреткен,

Жамандықтан жиренткен.

Тілімізді ширатқан,

Ана тілі данамыз.

Математика пәні:

3:Ойланып есеп шығартқан,

Төрт таңбалы білдірткен,

Ғылымдардың патшасы

Математика данамыз.

Дүниетану пәні:

4:Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген

Дүниетану сабағы.

Ән сабағы:

Күмбірлеген күй тартып,

Әуелетіп ән айтып,

Күй атасын танытқан

Ән-күй өнер сабағы.

Ән:Ұстазым.(хор )

Ұстаз:

Балалар,біз төрт жыл бойы не үйрендік?

Оқуды,жазуды,есеп шығаруды,ән айтуды,би билеуді.Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды,жерімізге,елімізге жақсылық жасауды үйрендік.

Әйтекенің жарып айтқан,

Қазыбектің қазып айтқан,

Төле бидің тауып айтқан

Ұлағаттысөзінен өнеге үйрендік.

Біз нені сүйеміз?

Отанды,ата-анамызды,халқымызды,достарымызды,жақындарымызды,құрбы-құрдастарымызды,табиғатты,ұстаздарымызды,алтын ұя мектебімізді сүйеміз.

Біз нені ажырата аламыз?

Жақсылық пен жамандықты,арамдықты,ақ пен қараны ажырата аламыз.

Бізді болашаққа не бастайды?

Ұстаздың көрсеткен жолы,ата-ананың ақылы,болашаққа деген берік сенім.

Біз кім боламыз?

Адал азамат,оқымысты ғалым,елін-жерін сүйетін нағыз адам боламыз.

Мектебім -білім бастауы,

Тәрбие беріп оқытқан.

Ұстаздың зор ғой еңбегі

Оқытқанын тоқытқан.

Балалар сендерге ұстаздардан басқа кімдер көмектеседі?

1:Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт,ана -күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер баласын.

2:Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығармыз,

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс!

3:Біздерге бақыт әкелген.

Айбынды кім бар әкеден.

Әкеге өлең арнаймыз,

Мақтан етер баласын.

Ән: Анашым

Ата-аналар атыннан құттықтау сөзі.

Бітіруші түлектер,

Жүктелер бар аманат.

Айтылар ізгі тілектер

Болмасын еш жаманат.

Бастауышта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар,

Ертенгі ірі ғалымдар.

Алдыңда үзақ жолың бар.

Оқумен өсіп толыңдар,

Қиындыққа мойымай.

Аман-есен болыңдар,-деп бастауышпен қоштасу ертенгілігімізді аяқтаймыз.

Би: Шығыс биі.

© 2010-2022