Футбол ойынының жалпы ережелері (6 класс)

Раздел Физкультура
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Футбол ойынының жалпы ережелері

Сабақтың мақсаты:

а) теориялық; Футболдағыең негізгі әдісті үйрету және шеберлікті шыңдау.

ә) жетілдіру Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін арттыру.

б) тәрбиелік Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.

Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан-жақты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Ысқырық, доп.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Сынып санын түгелдеу.

Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау.

Қозғалмалы бой жазу жаттығулары

- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.

- Екі қол белде өкшемен жүру.

- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.

- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.

- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру

- Арқанды алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.

Саптағы бой жазу жаттығулары

- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.

- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.

- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.

- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.

- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.

- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.

- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

- Қолды алға созып ұстап тұған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.

-Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру.

-Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке жәнесыртқа айналдыру.

-Дем алу, дем шығару.10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Себепсіз оқушыларды анықтау. Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау.

Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту.

Оң және сол бүйірмен жүгіруін ескерту.

Қатарға дұрыс тұруын ескерту.

Қолды белге ұстауын ескерту.

Дұрыс иілулерін ескерту.

Қолдың аяққа тиюін ескерту.

Артқы тізенің бүгілмеуін ескерту.

Аяқтың қолға тиюін ескерту.

Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.

ІІ. Жаңа сабақ

Футбол ойынының тарихы

Футбол ойыны

Ойынның негізгі ережелері. Футболды арқайсысында 11 ойыншысы бар екі команда ойнайды. Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 60-70 м болатын тік төртбұрышты тегіс көгалда өткізіледі.

Қарсылас екі команданың ойыншылары ойын барысында өздерінің таңдап алған шабуылдау және қорғаныс тәсілдерін ұйымдастыру жүйелерінің шеңберінде техникалық-тактикалық тәсілдер мен қимылдарды пайдалана отырып, қарсыластарының қакпасына көбірек доп соғуды, сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.

Ойыншыларға алаңда қолын допқа тигізуге тыйым салынады. Допты қолмен ұстауға немесе қағуға тек қақпашының ғана айып алаңның шегінде еркі бар.

Ойынның ұзақтығы - әрқайсысының 45 минут уақыт болатын 2 кезеңдік ойын. Мектеп оқушыларында оның ұзақтығы, ойыншылардың саны, жасы және дайындығына байланысты әр түрлі болады.

Футбол ойынының әдістері

Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы

Доппен айла-тәсілдер жасау - футболдың негізгі мәні. Футболшылар ойнай жүріп допты алып жүруден, тоқтаудан, оны тебуден жарысқан секілді болады.

Футболшының алаңда алға қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен жанға қарай ауыса білуі, жақсы секіруі өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алуы қажет. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты тебу.

Допты тебу - футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты тоқтату әдісі.

Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді. Допты тоқтату кезінде ең бастысы - ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)


Допты алып жүру әдісі.

Допты алма-кезек тебу арқылы алып жүреді.допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)


Допты тартып алу әдісі.

Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға болады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Қақпашының ойыны.

Қақпашы - командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты қағып алу, қағып жіберу, ойынға қосу тәсілдерін жақсы білуі керек.

Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

  • Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды, бірақ ойыншы әріптесіне белгі беруге болады.

  • Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншылар мүлтіксіз орындауға тиісті.

  • Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда, оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.

  • Төрешінің берген белгісін естіген сәтте ойынды тоқтату керек.

  • Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге, шалуға болмайды.

  • Допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.

  • Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды.

  • Дөрекілік жасау футболшыға жат құбылыс.

  • Ауа райына қарай ойынға киетін спорт киімдері өзгереді.

ІІІ. Сабақты бекіту.

Допты тартып алып, алып жүру тәсілдерін жетік меңгерту


  1. Допты кедергілер арасымен алып жүру


  1. Үшбұрыш әдісімен қақпаға жақындап допты тебу.

ІV. Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушыларды бағалау. Қоштасу.

Бір саппен спорт алаңынан шығару.

Үй тапсырмасын беру. Футбол ойынының жалпы ережелері (оқу)

Сабаққа қатысуына байланысты бағалау.

Бір саппен шығуын қадағалау.


© 2010-2022