Сабақ жоспары Спорт ойыны-волейбол

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Спорт ойыны - волейбол. Ережеге сай екі жақты ойын.
Сабақтың мақсаты:

Ойын әдістерін үйрену.
Дене, қол, аяқ қимылдарын икемдеу.Қимыл қозғалысын арттыру.Әр түрлі жаттығуларды доппен жетілдіру. Дене тәрбиесі пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Өтілетін орны: спортзал .
Спорттық құрал-жабдықтар: волейбол торы , доп, ысқырық
Сабақтың өтілу барысы
Дайындық бөлім.
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Кезекшінің баяндамасы.
Сәлемдесу, түгелдеу.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Сабақтың барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескерту.
Саптық жаттығулар.
Оңға, солға, кері бұрылу. Алға жүру.
-аяқтың ұшымен жүру
-өкшемен жүру;
-аяқтың ішімен, сыртымен жүру;
Жеңіл жүгіріспен жүгіру.
Оң қапталмен қолды алға айналдыру.
Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.
Оң қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.
Сол қапталмен аяқты қайшылап жүгіру
Белмен алға қарай жүгіру.
Бұрыштан бұрышқа жүгіру.
Оң аяқпен секіру. Сол аяқпен секіру.
Тізені алға көтеріп жүгіру.
Аяқты артқа сермей жүгіру.
Аяқты бір ішке , бір сыртқа көтеріп жүгіру.
Отырып секіру.Толық отырып жүру.
Жылдамдықпен жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары 10мин. Спорттық киімдеріне көңіл бөлу.
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.
ІІ Негізгі бөлім:
Ережеге сай екі жақты ойын өрнегін құру үшін алаңдағы ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы бар екі команда қатысады. Әр команданың ойыншылары өз алаңына орналасады. Қарсылысынан екі ұпай артықшылықпен 25 ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Жасөспірімдердің ойыны 3 кезеңнен тұрады. Тордың ені 1 м, ұзындығы 9,5 м . Тордың биіктігі - 2 м, 20 см. Доптың салмағы 260- 280 гр. Ойын шарты жаттығуларды дұрыс орындауы тиіс.
Ойын кезінде үйренген жаттығуларды қайталау. Допты төменнен ойынға қосу, допты жоғарыдан ойынға қосу.
Допты төменнен қабылдау, жоғарыдан қабылдау, допты құлап барып алу. Шабуылға шығу, тосқауыл қою, екінші зонадан шабуылға шығу. Допты жоғарыдан екі қолмен артқа құлап алу. Ойын кезінде осы жаттығуларды оқушылар орындауы тиіс. 30 мин
Ойын барысын қадағалау.
Жаттығулардың бір қалыпты орындалуын ұйымдастыру.
Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
ІІІ Қорытынды бөлім.
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Жақсы, дұрыс орындаған оқушыны мадақтау.Жіберген қателіктерін айту. Ынтасыз оқушыға ескерту.
Оқушыларды бағалау.
Бой жазу жаттығулары.
5 мин Қателіктерін дұрыстау. Бағалау.




© 2010-2022