«Қазақ елі Тәуелсіздігіне 25 жыл» (6 сынып)

Раздел Физкультура
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс шара

Көңілді эстафета

(6 сыныптар)


Сабақтың тақырыбы: «Қазақ елі Тәуелсіздігіне 25 жыл»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

2.Оқушыларды ұйымшылдыққа, досстыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Оқушыларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту.

Міндеттері:

1.Сауықтыру:а) жылдамдылық, шапшаңдық,шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

2. Салауаттандыру: таяқша беру,таяқшаны алу және сөреден шығаруды үйрету.

3. Тәрбиелеу: жігерлікке, қайсарлыққа және татулыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Өткізілетін орны: спорт бөлмесі.

Түрі: командалық жарыс.

Құрал-жабдығы: доп, хоккей таяғы, секірткіш, ысқырық, арқан, эттафета таяқшасы.

Құрметті спорт сүйер қауым! Спорт жанкүйерлері! 2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ.

Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік -ар ұжданы кісілік.

Тәуелсіздік -менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным. Осындай, жүректі лүпілдететін сөздермен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына құрылған жоспар бойынша «Қазақ елі Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты спорт мерекесіне қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсан да өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Біздің ата- бабамыз жаңқиярлықпен табанды күрес арқасында өзінің елін, жерін бірлік берекесімен сақтағаны, ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенін мәңгілік есте сақтауды ұмытпаймыз. Әр сабақта, сабақтан тыс іс- шараларда еліміздің тарихы қайталанып өтуде, себебі тарихты білмеген адам өзін де, елін де құрметтеп сүйе білмейді.

Ал кәзіргі таңа дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды, Төл теңгемізді басқа елдерге мақтаныш етеміз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!

Жарысымыздың қорытындысын шығарып, әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.

Әділ қазылар құрамы:

1.Мектеп директоры Иманалиева Жанар Мықтыбаевна

2. 8 сынып оқушысы Қабдырахман Әйгерім

3. 9 сынып оқушысы Зәңгір Амина

Жарыс бағдарламасы:

І. Таяқшамен жүгіру.

ІІ. Секіртпемен жүгіру.

ІІІ. Хокей таяқшасымен кіші допты алып жүру.

ІҮ. Себетке допты лақтыру.

Ү. Кім жылдам

ҮІ. Шенбермен батпақты өту.

ҮІІ. Қаппен жүгіру

ҮІІІ. Арқан тартыс

Таяқшалармен өткізілетін эсафета.

«Секіртпемен жүгіру»

Ойыншылар екі командаға бөлініп,олар бір-бірінен 3-5 м қашықтықта параллель сап түзеп тұрады.Екі саптың алдына да сызық сызылады.Сызықтан 10-20 м жерге бір зат немесе жалауша шаншып қояды.Әр команданың бірінші ойыншысына таяқша беріледі де, төрешінің белгісі бойынша таяқша ұстаған екі бала әлгі затты немесе жалаушаны жүгіре айналып келіп,таяқшаны өзінен кейінгі дайын тұрған оқушыға береді.Ойын шартын бұрын орындап шыққан команда жеңген болып есептеледі. Әрбір жіберілген қате үшін команда айып ұпайын алады.

«Секіртпемен жүгіру»

Секіртпемен секіре жүгіріп жалаушаны айналып эстафетаны келесі ойыншыға беру.Солайша жалғастыра жарысып соңғы ойыншы бірінші келген команда жеңіске жетеді.

«Себетке допты лақтыру»

Командалар баскетбол қалқанының алдына одан 2-3 м қашық жерге лек түзеп тұрады.Алдымен бірінші команданың бірінші ойыншысы берілген белгі бойынша допты торға лақтырады.Сонан соң ол допты ұстап алып,екінші ойыншыға береді.Ол да осы жаттығуды (допты екі қолмен кеуде тұстан,екі қолмен төменнен,бір қолмен иық тұсынан лақтыру деген сияқты) орындайды. Допты торға қай команда көп түсірсе,сол жеңіске жетеді.

«Кім жылдам»

Төрешінің белгісі арқылы белгіленген жерге допты жерге ұрып барып, қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып, бірінші келген команда жеңімпаз болады.

«Қаппен жүгіру»

Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып, белгіленген жерге секіріп барып, кейін қайтады. Қапты шешіп келесі ойыншыға береді. Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

«Арқан тарту»

Арқан тартыс. Ойнаушылардың саны 10 баладан аспаған жөн.Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады.Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады.Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да,ойын жүргізушінің берген командасы бойынша «бір,екі» дер санап шығады.Содан кейін «бір» дегендері (тақ) бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді.Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап,тартып тұра қалады.Егерде бәрі бірдей арқаннан ұстауға қолдары сыймаса,онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды.Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі.Ойынның мақсаты - қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу.Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады.Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе,сол команда ұтқан болып есептеледі.


Міне, сайысымызда аяқталды. Әр команда өз қабілеттерін ортаға салып, қызықты да, тартымды сайыс көрсетті. Жарыс болған соң оның міндетті түрде жеңімпазы болады. Сөз әділ қазылар мүшелеріне беріледі.


«М.Жұмабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Бекежанов Самат Нурсейтович

Алматы облысы,

Сарқан ауданы,

Қойлық ауылы,




© 2010-2022