Урок по физкультуре на тему

Сабақ тақырыбы:Жергілікті жерде бағдарлану. Мақсаты: 1. Оқушыларға жергілікті жерді бағдарлану жәнінде түсінік беру 2. Оқушыларды далалық жерде жеке қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету 3. . Оқушыларды тапқырлыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Жергілікті жердің картасы, топографиялық карта сызбасы, дидактикалық үлестірмелі кестелер, компас. Шалқар — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы көл, Солтүстік Арал алабында. Шалқар темір жолы станциясының оңтүстік-батысында орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 1...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы №2 мектеп-гимназия

Тілеубергенов Жұмабек

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Сабақ тақырыбы:Жергілікті жерде бағдарлану.

Мақсаты: 1. Оқушыларға жергілікті жерді бағдарлану жәнінде түсінік беру

2. Оқушыларды далалық жерде жеке қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету

3. . Оқушыларды тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жергілікті жердің картасы, топографиялық карта сызбасы, дидактикалық үлестірмелі кестелер, компас.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сынып оқушыларын түгендеу

ә) Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру, қадағалау

б)Шалқар көлі туралы мағлұмат беру (аудио,видио жазба арқылы)

Шалқар - Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы көл, Солтүстік Арал алабында. Шалқар темір жолы станциясының оңтүстік-батысында орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 167,0 м. Ауданы 5,65 - 7,9 км², Ұзындығы 7,0 км, ең енді жері 1,8 км. Солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауы жазық, қалған бөлігі жарлауытты. Көл Ескі Шалқар көлімен бір қазаншұңқырда жатыр. Ертеректе екеуі суы ащы бір көл болған, 1937 жылы тас-бетон бөгет арқылы көл екіге: солтүстік-шығыс тұщы (Шалқар көлі) және оңтүстік-батыс ащы (Ескі Шалқар көлі) көлдерге бөлініп қалды. Суы мол жылдары көл суының бір бөлігі бөгеттегі су жібергіш арқылы Ескі Шалқарға құйылады. Кәуілжір өзені құяды, бұрын көлден қайта ағып шығатын. Суы тұщы, минералдылығы 400 - 500 мг/л. Шалқар темір жол станциясы-ның тұрмыстық-шаруашылық қажеттілігін өтейді, бау-бақша, мал суаруға пайдаланады.

в)Топографиялық карта сызып,сол бойынша саяхат жасау

г) Оқушылардың өздерін қатыстыра отырып баяндау, тірек сызбамен жұмыс арқылы нәтижеге бағыттау

2.Үй тапсырмасы тест арқылы тексеріледі.

3.Жаңа сабақ :Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.

а) Күн бойынша ,сағат көмегімен

ә) Көкжиек тұсы түнгі мезгілде Темір қазық жұлдызы

Бағдарлау дегеніміз - көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау. Бұрыннан жақсы таныс жерде компас пен картаның көмегінсіз-ақ, ойланбастан, үйреншікті дағды бойынша жүре бересің? Ал бейтаныс жерде өзіңе қажетті бағытты тауып жүру оңай емес. Ол үшін алдымен түрлі әдістерді қолданып немесе картаны пайдалану арқылы бағдарлап алуға тура келеді.

Бейтаныс жерде бағдарлау үшін ең алдымен көкжиек тұстарын табу керек, содан кейін барып өзіңнің тұрған жеріңді анықтайсың. Көкжиектің түстарын күнге, Темірқазық жұлдызына және жергілікті белгілерге қарап анықтау тәсілдері сендерге белгілі (қалай анықтайтынын естеріңе түсіріңдер). Дәл бағдарлау үшін компасты қалай пайдалануға болатынын білесіңдер. Көкжиектің негізгі және аралық тұстары бағытты тек тұспалдап қана білдіре алады. Ал компастың көмегімен жүретін жолды дәлме-дәл анықтауға болады. Ол үшін компаспен азимутты өлшейді.

Азимут (арабша ас-сумут - жол) деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут компастың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0°-тан З60°-қа дейін есептелінеді.

Толық шеңбер 360°-тан тұрады. Соған сәйкес компастың циферблаты 360°-қа бөлінген

0° - солтүстік, 90° - шығыс, 180° - оңтүстік, 270° - батыс бағытқа сәйкес келеді.

Карта бойынша немесе жер бетіндегі азимутты табу үшін компасты дәлдеп қойғаннан кейін алынған нүктеге қарай жүргізілген бағыт циферблаттың қай градусына тура келетінін байқаймыз. 12-суреттегі азимуттар: ағашқа қарай - 45°, төбеге қарай -135°, оқшау тұрған үйге қарай - 225°, электр бағанасына қарай - 315°.

Азимут А әрпімен белгіленеді де, жанына градус мөлшері қойылады. Мысалы, А=30°.

2.Азимут бойынша жол тауып жүру. Кдраңғы түнде, қалың түман, ақ түтек боранда, сондай-ақ орман ішінде немесе тұлдыры жоқ жазық жерде жол тауып жүру қашан да қиын. Мұндай жағдайда алдын ала тағайындалған деректер бойынша бағдарды компаспен белгілейді де, жүрген қашықтықты өлшеп отырады. Бұлай жол тауып жүруді азимут бойынша жүру дейді.

Азимут бойынша жүру үшін қажетті деректер (азимут пен қашық-тық) картадан алынады. Мұндағы алға қойылатын шарт - жергілікті жерде қажетті бағытты таба білу, компастың көмегімен сол бағыттан айнымай жүріп отыру, соның нәтижесінде белгіленген жерден тура шығу. Бұл әдісте жол жүруші бір бағдардан екінші бағдарға дейін жетіп отырады. Қажетті деректер қолдан сызып алынған жол сызба нұсқасына белгіленеді (13-сурет). Есептеп жатпау үшін бағдарлардың метр есебімен көрсетілген ара қашықтығын қос қадам есебіне айналдырып алған жөн.

3. Жер бетін планға түсіру үшін тек қана заттардың бір-бірінен қай бағытта орналасқанын анықтау жеткіліксіз. Сонымен бірге олардың мөлшерін, бір-бірінен ара қашықтығын да білу керек.

Жер бетіндегі қашықтық таспамен, өлшеуіш ашамен және басқа түрлі құралдармен өлшенеді. Онша үлкен дәлдік қажет болмаған жағдайда қашықтықты қадаммен де анықтауға болады.

Жасына және бойына қарай адамдардың қадамының ұзындығы біркелкі болмайды. Сондықтан әр адам өз қадамының орташа ұзындығын анықтап алуы керек. Ол үшін тегіс жерден 100 м қашықтық өлшеп алынады. Бұл қашықтықты қадамдап 3 рет жүріп өтіп, оның орташа мөлшері шығарылады.

Мысалға, 100 м жерді жүргенде бірінші рет 154, екінші рет 153, үшінші рет 155 қадам шықты дейік. 154+153+155=462 : 3=154 қадам. Бір қадамның орташа мөлшері 100 м : 154=0,65 м.

Топ серуен кезінде, алыс жол жүргенде сан көбейіп кетпеу үшін қашықтықты қос қадаммен санау қолайлы. Қадамдау сол аяқтан басталады да, есеп оң аяққа келіп отырады. Біраз жаттыққанға дейін сол аяққа «және» деген сөз сәйкес келіп отырады. Мысалы, «және бір, және екі, және үш, т.с.с».

Кейде қашықтықты барып жатпай-ақ көз мөлшермен анықтау қажеттігі туып қалады. Ол үшін мына кестедегі белгілерді пайдалануға болады:

4.Меңгерту үшін тест сұрақтары беріледі

5. Білімін тексеру

Тесті кілті бойынша тексереді, тапсырманы орындай алмағандармен жеке жұмыс үлестірмелі кеспелер беріледі

6. Үйге тапсырма :Жергілікті жерде бағдарлану

7. Бекіту білімдері мен біліктерін нақты дәйектемелермен талдау - сараптама арқылы бағалау.



© 2010-2022