Мүмкіндігі шектеулі ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІнің маңызы. (МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС)

Мүмкіндігі шектеулі ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІнің маңызы Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы азаматтық-рухани байлықтарға негізделуі тиіс.Ол жеке бастың үйлесіміді дамуына, денсаулықты нығайтуға адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы тиіс.Бүгінuі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі ұлттың денсаулығы.Арнайы зерттеулерге сүйенсек Респу... Егеменді ел болғаннан бері қарай да ересек адамдардың өзі де шылым шегу, есірткі пайдалану, ішімдік ішу сияқты зиянды  әрекетерден арыла алмай отыр. Яғни өз өмірлеріне саналы түрде денсаулықтарын құртуға уақытынан бұрын жол беруде. Келесі бір мәселе адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаттары. Мектеп жасына дейінгі балалар жүреді, ойнайды әйтеуір қозғлыстан қол үзбейді . Ұйқысы қанып  орынан тұрғаннан кейін кешке төсегіне жатқанға дейін бала жиынтығы 6 сағаттан артық уақыт бойында қозғалы... Сабақ беретін сыныптарда мүмкіндігі шектеулі оқушылар кездеседі. Осы бағытта мен жұмыс жасау үшін алдыма мынадай мақсаттар қойдым. 1.жеке тұлға ретінде қалыптастыру. 2. салауатты өмір салын қалыптастыру . 3. Дене тәрбиесі сабағына қатыстыру . 4. Дене бітімін жетілдіру, дамыту, тәрбиелеу. Әрбір ұстаз ең бірінші бала жүрегіне жол табуы, әр баланың бойындағы қабілетін тану, оны әрі қарай дамыту үшін еңбек етеді.Әр оқушының жетістігі мұғалімнің сол оқушыға деген сенім артуында, оның табандылығы мен шыдамдылығына дер кезінде көмекке келуімен тікелей байланысты. Егеменді еліміздің туын көкке көтеретін әрине келешек ұрпақ десек онда білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне, заман талабына сай жауапкершілгі жоғары, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптасырған, салауатты өмір сал... Сол себептен мектептегі дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері үш бағытта жүргізіледі. 1.Сауықтыру 2. Тәрбиелеу. 3.Білім беру . Дененің дамуы дегеніміз –адам организімінің қызмет мен формалары өзгеріп, жетіліп отыруы. Адам денесінің дамуына биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, географиялық жағдайлар әсер етеді. Мысалы:балалар ата-анасының дене бітімінің ұқсап (тұқым қуалаушылық ) өседі деген түсінік қалыптасқан . Ауа-райының  жағдайы дененің дамуын тікелей әсер береді. Әлеуметтік  жағдайда тұрмыстық жағдай, еңбек ету, дене тәрбиесі және жалпы тәрбие мазмұны жатады.  Медициналық дайындық топтарындағы оқушылар денсаулығының қалыпты жағдайдан ауыстыруына және жеткіліксіз дене дайындығына байланысты сабақта негізгі топтармен бірге шұғылданады және бірегей бағдарламаны игереді. Жоғары жүктемеге байланысты қозғалыс әрекетін үйрену кезінде олардан бағдарлама бойынша жаттығуларды орындауы талап ету төменірек болады. Жаттығудың мөлшер өлшемін көрсету немесе бір жаттығуларды екіншісімен ауыстру тікелей сабақ барысында да, мұғалім алдын-ала дайындаған тапсырма түрінде...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мүмкіндігі шектеулі ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІнің маңызы.(МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС)

Серікбаева Айман Тұрсынбаевна

219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі


Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы азаматтық-рухани байлықтарға негізделуі тиіс.Ол жеке бастың үйлесіміді дамуына, денсаулықты нығайтуға адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы тиіс.

Бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі ұлттың денсаулығы.Арнайы зерттеулерге сүйенсек Республика көлемінде халықтың 80 пайызы әр түрлі ауруларға шалдыққан.

Егеменді ел болғаннан бері қарай да ересек адамдардың өзі де шылым шегу, есірткі пайдалану, ішімдік ішу сияқты зиянды әрекетерден арыла алмай отыр. Яғни өз өмірлеріне саналы түрде денсаулықтарын құртуға уақытынан бұрын жол беруде. Келесі бір мәселе адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаттары. Атом радиоциасының кеселінен су кетті, жер тозаңға, тас күлге айналады, өсімдік өсуін тоқтаты. Ауа қозғлысы өзгергендіктен жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда. Енді адам зат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде . Демек денсаулықты сақтап ұзақ өмір сүрудің бірақ жолы бар. Ол салауатты өмір салтын ұстану.

Жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесі жасөспірімдердің денсаулығын қалыптастыру, сондай-ақ оқушыларға тәрбие болып табылады.

Мектептегі денешынықтыру пәні бойынша негізгі оқу формасы-сабақ болып саналады. Бағдарлама бойынша қарастырлған сабақтың міндеті мен мазмұнының ерекшелігі мектеп сабағында шұғылданатындардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескерледі.

Мектеп жасына дейінгі балалар жүреді, ойнайды әйтеуір қозғлыстан қол үзбейді . Ұйқысы қанып орынан тұрғаннан кейін кешке төсегіне жатқанға дейін бала жиынтығы 6 сағаттан артық уақыт бойында қозғалыста болады екен. Ал мектеп табалдырығын аттаған сағаттан бастап осы балалардың жүрісі-тұрысы, қозғалысы таза ауада болатын уақыта шамамен 50 % қысқарады екен. Баршамызға белгілі республика көлемінде бүгінгі мектеп оқушыларының 60%-ның организімінде дімкесі бар.

Әрине өтілетін 3сабақ дене тәрбиесі сабағы оқушылар үшін организмінің дамуына жаңбыр тамшысындай ғана әсер етеді. Ендіше балалардың белсенді қозғалысының орнын толтырғанда ғана біздер болашаққа дені сау қоғамның мүшесін оқытып тәрбиелей алады екенбіз.

Денсаулық жағдайына байланысты арнайы дәрігерлік топқа іріктелген оқушылармен өткізілетін сабақтарын ескерту арқылы ұйымдастырлады.

Сабақ беретін сыныптарда мүмкіндігі шектеулі оқушылар кездеседі. Осы бағытта мен жұмыс жасау үшін алдыма мынадай мақсаттар қойдым.

1.жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

2. салауатты өмір салын қалыптастыру .

3. Дене тәрбиесі сабағына қатыстыру .

4. Дене бітімін жетілдіру, дамыту, тәрбиелеу.

Әрбір ұстаз ең бірінші бала жүрегіне жол табуы, әр баланың бойындағы қабілетін тану, оны әрі қарай дамыту үшін еңбек етеді.Әр оқушының жетістігі мұғалімнің сол оқушыға деген сенім артуында, оның табандылығы мен шыдамдылығына дер кезінде көмекке келуімен тікелей байланысты. Егеменді еліміздің туын көкке көтеретін әрине келешек ұрпақ десек онда білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне, заман талабына сай жауапкершілгі жоғары, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптасырған, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркенеттегі ұрпақ таңдау кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.

Сол себептен мектептегі дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері үш бағытта жүргізіледі.

1.Сауықтыру

2. Тәрбиелеу.

3.Білім беру .

Сауықтыру міндеті денсаулықтың артуына, денені жетілдіруге, адам ағзасын бір қалыпты дамыту. Бұл міндеттің негізгі көрсеткіші адам денсаулығын жақсарту, қалыптастыру,денені дамыту.

Дененің дамуы дегеніміз -адам организімінің қызмет мен формалары өзгеріп, жетіліп отыруы. Адам денесінің дамуына биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, географиялық жағдайлар әсер етеді. Мысалы:балалар ата-анасының дене бітімінің ұқсап (тұқым қуалаушылық ) өседі деген түсінік қалыптасқан . Ауа-райының жағдайы дененің дамуын тікелей әсер береді. Әлеуметтік жағдайда тұрмыстық жағдай, еңбек ету, дене тәрбиесі және жалпы тәрбие мазмұны жатады. Дененің дамуына әлеуметтік жағдай жоғары мөлшерде орынды иеленеді.мысалы:тұрмыстық жағдайдың жақсы болуы бойдың, кеуде өсуі,салмақтың артуына әсерін тигізеді. Ауа -райының қолайсыздығына қарамастан , арнайы іріктеліп алынған дене жаттығуларының көмегімен денені жалпы жетілдіріп, жекелеген дене мүшелерінің қызметін жақсартуға болады. Қазіргі таңда көптеген ауруларды емдеуге емдік дене шынықтыруды қолданатынын ұмытпағанымыз жөн. өмірде қаншама ауру адамдар,балалар өздерінің табандылығының, еңбекқорлығының арқасында дәрігердің болмайды деген медицина сараптамасының қортындысына қарамай, өздігінен жаттығуға арналған кітаптарды тауып, ауруларынан арылып, салауатты өмір сүріп жүр.

Оқушылардың денсаулық жағдайы мен дене дайындығына қарай үш медициналық топқа бөлінеді.

1. Негізгі

2. Дайындық

3. Арнайы

Медициналық дайындық топтарындағы оқушылар денсаулығының қалыпты жағдайдан ауыстыруына және жеткіліксіз дене дайындығына байланысты сабақта негізгі топтармен бірге шұғылданады және бірегей бағдарламаны игереді. Жоғары жүктемеге байланысты қозғалыс әрекетін үйрену кезінде олардан бағдарлама бойынша жаттығуларды орындауы талап ету төменірек болады. Жаттығудың мөлшер өлшемін көрсету немесе бір жаттығуларды екіншісімен ауыстру тікелей сабақ барысында да, мұғалім алдын-ала дайындаған тапсырма түрінде де беріледі.

Арнайы медициналық топқа денсаулықтары қалыпты жағдайдан едәуір ауытқыған оқушылар кіреді, яғни оларды дене тәрбиесі сабағының жалпы бағдарламансына босатуды талап етеді. Олар үшін бағдарлама жалпы бағдарлама негізінде,бірақ кейбір шегіністермен және қосымшалармен жасалынады. Мұнда ерекше назар денсаулықты нығайтуға, шынығуға, дене және ақыл-ой жұмыс қабілетінің артуына , денсаулығына байланысты әлсіреген ағзаның физилогиялық белсенділігіне аударылады. Бағдарламаға ілімдік мәліметтер, гимнастикалық жаттығулар, қозғалыс-қимылдар, спорт ойындары,жеңіл атлетика элементтері кіреді. Ілімдік мәліметтерде гигена, жаттығудың ағзаға әсері,дәрігерлік бақылау, денсаулықты жақсартуға арналған дене дайындығы құралдарын оқушылардың саналы түрде қолдануына күшейтілген назар аударылады .

Бағдарлама мына төмендегі гимнастикалық жаттығулар үлкен орын алады: сапқа тұрғызу және қайта тұрғызу , би жаттығулары , спорт құралдарынсыз және спорт құрал жабдықтарымен гимнастикалық қабырғаны, орындықты пайдаланып, тепе-теңдікке арналған жаттығуларын енгізуге болады , дене тұлғасы дұрыс қалыптастыратын жаттығуларға ерекше мән беріледі әсіресе тыныс алу жаттығуларының мәні ерекше. Мұнда тыныс алудың әртүрлі типтерін пысықтап үйрету қажет. Әртүрлі тыныс алу жаттығуларының түрлерін оқытып, үйрету тыңғылықты жүргізілуі керек (көкірекпен, ішпен, аралас.) . Терең ырғақты, қозғалыста тыныс алумен дұрыс үйлестікті дұрыс қамтамасыз ету үшін арнайы тыныс алу жаттығулары беріледі. Кез -келген жатттығулардың әдісін үйрену үшін тыныс алуды тыңғылықты бақылау іске асырлады .тыныс алуда зорлықпен, тынысты ұзақ уақыта ұстауға балмайды, тыныс алу ырғағы бұзылған жағдайқалпында кетіру жаттуғыларын жасату керек .

Жылдамдық күш-сипаттағы және төзімділікке берілген жаттығуларға барынша шектеу қойылады. Өзім сабақ беретін 5-11 сыныптар арасында денсауығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар бар . Атап айтатын болсам: Бекембаева Г, Әлмуханов М, Айтуғанова А, Бекпейісов М. Шілман А. Оқушылардың әр сыныпта, әр кезекте оқуына байланысты әр оқушымен бөлек жұмыс жасадым. Ең бірінші әр оқушының дәрігер қойған медициналық анықтамасымен, қойған диагнозымен мұқият таныстым. Метеп аяжандарымен тікелей байланыста болып жұмыс жүргіздім. Күнделікті сабақта әр оқушының жасына, сырқатына байланысты дене жаттығуларын жасадым.

Мысалы :Бекембаева Гүлназ 10 «б» сыныбында оқиды. Бұл оқушыға да 5 сыныптан сабақ беріп келемін. Дәрігердің қойған анықтамасы «склеродемия». Бұл оқушыға жүгіруге, секіруге, ашулануға , шаршауға болмайды. Сабаққа қатысуға ата-анасы тікелей қарсы, оқушының өзі де тартыншақтап тұрады, сабақтан босатылсын деген ВКК-дан анықтамасы бар. Гүлназбен сөйлесу арқасында спорт киімімен сабаққа қатыстыру мүмкіндігіне ие болдым, жайымен сапқа тұруды, саптық жаттығуларды жасауға бейімделді. Қазіргі таңда қысқа қашақтыққа жүгіру, волейбол ойынын сүйіп ойнайды. Сабаққа деген қызығушылығы артты. Ата-анасы да қарсылық білдірмейтін болды . Мен бұны өзімнің және оқушымның қол жеткізген жетітігі деп білемін.

Шілман Айдана 11 «б» сыныбында оқиды. Бұл қызға да 5 сыныптан сабақ беремін. Сырқаты көзі алыстан көрмейді. Айдана қазір жүктемесі төмендетіліп алынған тапсырмамен жұмыс жасайды. Спорттық ойындарға белсене араласады, қысқа қашықтыққа жүгіруде жақсы нәтижеге ие.

Айтуғанова Ақерке мен Әлмуханов Мейіржан қазіргі өзім жетекшілік ететін 6 «в» сыныбында оқиды. Менің сыныбым мектептегі спортқа бейімделген іріктелген сынып. Бірақ жоғарыда аталған оқушыларымның ВКК-дан сабаққа қатыстырылмасын деген қағаздары бар, дәрігердің қойған диагнозы ДЖВП өт жолы дұрыс жұмыс істемейді,бүйректің қызметі төмен деген анықтама . бұл оқушыларымның ата-анасымен сөйлесе отырып өз сыныбымда қалдырым. Спорттық жаттығулар арқылы барлық қиындықтарды жеңе алатынымызды, және оған әркімнің мүмкіншілігі жететініне көздерін жеткізуге тырсамын. Ол үшін күресу қажет екендігін айтып түсіндіремін. Дамыту жаттығуларынан жалықан оқушы қазір спорттық ойындарға қосыла бастады. Келешекте осы оқушыларыммен нәтижелі көрсеткішке жетемін деп ойлаймын.

№219 Ы.Алтынсарин атындағы мектепте мүмкіндігі шектеулі ( үйден оқытылатын) бес оқушы бар. Соның ішінде Құлмағанбетова Аягөз 6 сыныптың оқушысы. Дәрігерлік анықтамасы -созылмалы пиелонефрит,гломерулонефрит.Яғни туа бітті бір бүйрегі жоқ екінші бүйректің қызметі төмен.

Бірінші кезекте дәрігерімен,мектеп психологы Ә.Жандаулетовамен ақылдаса отырып дене тәрбиесінен жеңілдетілген түрде бағдарлама жасадым.(2 қосымша) Жұмыс барысында бірінші, екінші сабақтарда теориялық мәлімет бере отырып,оқушымен жете таныстым. Әр сабағымды әртүрлі суреттермен, көрнекіліктермен,жеңіл тест алу арқылы бағалап ынталандырып отырдым.

Тест сұрақтарын мысалыға:1.медал металдарын атаңыз? 2.Доптың пішіні қандай? 3.Спорттық ойындардың түрлерін атаңыз? т.б. Нәтижесінде Аягөздің өмірге деген көзқарасы өзгеріп, өмірге деген құлшынысы артты деп толық сеніммен айта аламын. Осы тәжірибеден соң мынадай қорытындыға келдім. Үйден оқытылатын оқушылар үшін дене тәрбиесі сабағын кірістірсе, арнайы бағдарлама жасалып, бекітілсе. Аптасына екі рет дене тәрбиесі сабағы өтілсе. Бағдарламада денесін дамыту жаттығуларын, сергіту сәтін және ұлттық ойындарды насихаттай отырып,ойын элементтерімен өтілсе, әр түрлі буклеттермен, тест сұрақтарымен толықтырып, Қазақстанның намысын қорғап жүрген спортшылармен таныстырып, қызығушылығын арттырып, өзінің де қоғамның бір мүшесі екенін сезіндірсек.

Қорыта келе мен мынадай ұсыныстар айтқым келеді. Арнайы медицинлық топтағылармен шұғылдану сабағында әртүрлі диагнозы бар және жүктемелерге әртүрлі бейімделетін әрбір оқушыға ерекше сеімталдықпен, сақтық қарым-қатыныста болу керек, мектептен тыс іс-шараларға қатыстыру, әрбір оқушыға дәрігердің қойған диагнозын, кеңесін дене тәрбиесі мұғалімі жақсы білу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ә.К.Әбділдаев «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі» Түркістан 2007ж

  2. М. Тұрыскелдиева «Дене шынықтыру пәнінің әдістемесі» Алматы 1998ж

© 2010-2022