Денешынықтыру пәні. Эстафеталық жүгіру (5-сынып)

Денешыныұтыру пәні бойынша 5-сыныпта өткізілген "Эстафеталық жүгіру" тақырыбында өткізілген ашық сабағымның қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын. Денешынықтыру пәні болса да оқушыларға топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлерін жасаттым. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жылдамдық, ептілік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.
Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың бөлімі: Жеңіл атлетика.

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жүгіру.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жылдамдық, ептілік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.

Міндеттері: 1.Оқушыларды жеңіл атлетикаға қызығушылығын арттыру.

2.Оқушыларды саламаттылыққа тәрбиелеу.

3.Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Түсіндірмелі, аралас.

Өтілетін орны: Спорт алаңы.

Өтілетін күні: 23.04.2015 жыл.

Сыныбы: 5

Сабаққа керекті құралдар: Ысқырық, секундомер, эстафеталық таяқша.

Сабақты өткізуші: Жұбатқан. Е

Р/с

Сабақтың мазмұны

Уақыт

Әдістемелік нұсқаулар

1

Дайындық бөлімі.

Сапқа тұрғызу; Оқушы мәліметін қабылдау.Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру . Саптағы «Солға»! «Оңға»! «Айнал»! жаттығуларын орындау.

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар: 1. Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру. 2.Қол белде өкшемен жүру. Қол белде жартылай отырып жүру. Қол тізеде отырып жүру, секіру.

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:

1.Спорттық жүріс

2. Жеңіл жүріс

3.Тізені көтере жүгіру

4.Өкшені көтере жүгіру

5.Оң қапталмен жүгіру

6. Сол қапталмен жүгіру

7.Тыныс алу жаттығулары

Жеке жұмыс:

Жалпы дамыту жаттығулары :

1.Б.Қ. қос қол желкеде-оңға 1-2, төмен, жоғары 3-4, солға 5-6, төмен, жоғары 7-8

2.Б.Қ. оң қол белде-1, сол қол балде-2, оң қол йыққа-3, сол қол йыққа-4, оң қолды көтереміз-5, сол қолды көтереміз-6 және кері қайталаймыз (7-12)

3.Б.Қ. қол белде, оңға бұрыламыз 1-2, қос қолды созып, оңға серпілу және оң аяқпен оң жаққа адымдау 3-4 және кері қайталау (5-8)

4.Б.Қ. қол белде, оңға, солға бұрылу 1-2, қол созып отырып тұру 3-4

Жұптық жұмыс:

5.Б.Қ. жұптасып тұрып бір-бірін айқастырып көтеру 1-4

6.Б.Қ. бір-біріне арқамен тұрып, қол ұстасып 10 рет отырып тұру.

Тыныс алу жаттығулары

10-12 минут







1-2 рет

3-4 рет

1 -2 рет

3-4 рет

3-4 рет

1-2 рет

30 сек

Бір қатарға сапқа тұру. Оқушылардан спорттық киімдерін тексеру.

Бұйрықтын дұрыс орындалуын қадағалау.

Қолды бүкпей денені тік ұстау. Кеудені тік ұстау.


Ара қашықтық сақтау.


Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау.

Жаттығу барысында қателіктерін ескертіп отыру.



2

Негізгі бөлімі:

Интерактивті тақтадан көрсетілім

(эстафеталық таяқшаны беру тәсілі. 4х60метрге жүгіру тәсілі.)

4х60 метрге екі топқа бөліп жүгірту.

«Шеңбер эстафетасы» ойыны.

Ойнаушылар төрт-бес командаға бөлінеді. Жүгіру жолы 40-50 метрден бірнеше бөлікке бөлінеді.

Әрбір бөлікке әр команда өз ойыншыларын қояды.

Бірінші нөмірлі ойыншылар белгі бойынша сөреден жүгіріп шығып, екінші бөлікке жетіп, өз командаласының ойыншысына таяқшаны береді.

Ал ол эстафетаны үшінші бөліктегі өз ойыншысына жеткізеді.

Жүгіруді бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.

25-28 минут


Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Эстафетаны беруге тиісті жерден эстафета таяқшасын алмай өтіп кетуге болмайды.


3

Қорытынды бөлім.

1.Сапқа тұрғызу.

2.Сергіту жаттығулары.

3.Сабаққа қорытынды жасау.

4. Бағалау.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Оқушылармен қоштасу.

3-5 минут

Оқушыларға қателіктерді айту, көрсету және үйде қайталау.

Жүгіру элементтерін пысықтап келу.







© 2010-2022