Сабақ жоспары 7-сынып Допты кеуде тұстан беру

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Допты кеуде тұстан беру

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеті: Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу, адамгершілік тәрбиесіне, эстетикалық тәрбиесіне т.б үйрету.

Сабақтың мақсаты: Жылдамдықты, шапшаңдықты, қимыл қозғалыс дағдыларын дамыту, жігерлікке, қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық

Өтілетін орны: спорт зал

Құралдар: ысқырық, баскетбол добы, секундомер.

қ/с



Сабақтың мазмұны

Мөлшері, уақыты

Жалпы әдістемелік нұсқаулар

Д а й ы н д ы қ б ө л і м і 10 м и н у т

1.Ұйымдастыру. Оқушыларды бір қатарлы сапқа тұрғызу

- түзел, тік тұр! Кезекші рапорты

- оңға бұрыл, алға қадам бас.

Саптық жаттығулар: Жай жүгіріс

- қолымыз белде, оңға, солға секіріп жүгіру;

- қолымыз артта, өкшені тигізіп жүгіру;

- жылдамдықты өзгертіп жүгіру;

-қолымыз белімізде, аяқтың ішімен, сыртымен, өкшемен жүгіру;

- тыныс алу жаттығулары;

- бір орында қадам бас;

-Тоқта. Бірінші екіншіге санал.

Жалпы дамыту жаттығулары:

- Бастапқы қалып, аяқ иық көлемінде, қолымыз белімізде, басымызды оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз

- Бастапқы қалып, аяқ иық көлемінде, қолымыз иығымызда, 1-2 алға, 3-4 артқа айналдырамыз.

- Бастапқы қалып, аяқ иық көлемінде, қолымымыз белде, 1-2 оңға, 3-4 солға айналдырамыз.

- Бастапқы қалып, аяқ иық көлемінде, жаттығу қолдың басына жасалады

- Бастапқы қалып, аяқ иық көлемінде, тіземізге жасалатын жаттығулар.

- Бастапқы қалып, аяқ иық көлемінде, 1- қолды алға созамыз, 2- қолымызды жоғары көтереміз, 3- тізені бүкпей аяқтың ұшына тигіземіз, 4- қолымызды алға созып отырамыз, 5- бастапқы қалып.



4-5 минут



4-5 рет

4-5 рет

4-5 рет

4-5 рет

4-5 рет

4-5 рет

Боймен тұру, арақаш. сақтау.

Техника қауіпсіздік ережесін сақтау



Басты толық айналдыру

Шынтақты айналдыру

Белді айналдырамыз

Білекті айналдырамыз

Тізені айналдырамыз

Отырып тұру жаттығуларын жасаймыз

Н е г і з г і б ө л і м 30 м и н у т

Баскетбол ойынына қарсылас екі команда қатысады. Ойын аумағы 26x14 м болатын алаңда өткізіледі. Ойынның ұзақтығы 20 минуттан 2 тайм, (мектеп оқушылары 6 минуттан 4 тайм ойнауы керек). Әр команданың құрамында 5 ойыншы ойнайды. Ойын барысында алаңдағы ойыншылар қосалқы ойыншылармен ауысып отыруы мүмкін. Ойын кезінде мынындай әдіс -тәсілдер іске асырылады: 1) орын ауыстыра білу, 2) допты беру мен қағып алу, 3) допты ыршытып алып жүру, 4) допты торға лақтыру.

Кез келген тәсілді орындау ойыншының тік тұрған қалпынан басталады. Баскетболшы екі аяғын иықтың кеңдігіндей қалыпта қойып тұрады. Бұл кезде дененің салмағы екі аяққа бірдей түседі. Екі қолы шынтақтан бүгіліп кеуде тұста ұсталады. Осындай қалыпта болу ойыншының алаңды, өзге ойыншыларды жақсы көруіне, қажетті бағытқа жылдам орын ауыстыруына, кез келген тәсілді оңай орындауға мүмкіндік береді.

Ойыншы допты қолға алып екі адым ғана жасай алады. Қарсылас ойыншыны ұстауға, итеруге, ұруға болмайды. Бір ойыншы 3 секундтан артық ұстап тұруына болмайды.

Ойын кезінде баскетболшылар әр түрлі техникалық қимыл жасауға дайын болуы керек.

Баскетболшы негізгі тұрыс бағытынан қозғалыс бағытына қарай қозғалуды алда тұрған аяқпен бастау керек. Оны бір мезгілде жылжыту, оған екінші аяқты қосу арқылы қосарланған қадам жасалады. Қосарланған адым жасағанда аяқтар айқаспай, секірмей бірқалыпты қозғалуы керек.

Допты екі қолмен кеуде тұстан беру - ең кең тараған және ең сенімді тәсіл. Ол қосымша күш жұмсамай- ақ допты 4-6м тез және дәл беруге мүмкіндік береді. Допты берудің бастапқы қалпы - допты кеудеге қарай жақындатып ұстап тұру. Допты лақтырғанда қол кеудеден шамалы доға жасап толық жазылады. Доп саусақтардың белсенді қимылымен серпіледі. Қол қимылының басталуымен бір мезетте аяқ та жазылады. Доп бір адым аттап барып берілуі де мүмкін.

10 минут ойын ойнау 20 минут ережемен танысу

Техника қауіпсіздігін ескере отырып, ойын шартымен толық таныстыру.

Ойын барысындағы әдіс-тәсілдерді толық меңгерту.

Доппен орындалатын жаттығуларды қайталау.

Баскетбол ойынындағы қозғалыстарды

Доп алу, доп беру, екі қолмен лақтыру, екі қолмен қабылдау және кеуде тұстан беру, қабылдауды ескеру.

Қорытынды бөлім 5 минут

-Сапқа тұрғызу.

-Демалыс жаттығулары.

-Кемшілігі мен жетістігін айту.

-Оқушыларды бағалау.

-Үйге тапсырма беру.

-Қоштасу, Сау болындар!

1 минут

1 минут

1 минут

1 минут

1 минут

Дұр. тыныс алу

Кемш.жібермеу

Күндел.бағалау

Тапсырма беру

Қоштасу!

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Бахыт Айнур

© 2010-2022