Открытой урок на тему Көңілді мәре 5 сынып

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Көңілді мәре
Қатысушылар: 5-сыныптың Семсер тобы, 4-сыныптың Жалын тобы
Команданың құрамы: 3 қыз бала, 2 ұл бала.
Өткізілетін орын: спорт зал.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға көңілді демалыс пен ұжымдық сайысты түсіндіру.
Дамытушылық: Дене шынықтыру мен спортқа қызықтыру және жылдамдықтарын дамытуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Алдына мақсат қоя білуге, жеңіске жете білуге және жолдастық қарым-қатынастардың қалыптасуына тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: 2 баскетбол добы, арқан, 2 қап, 10 картоп, 2 дорбаша, 2 қасық, 1 литр су, 2 кесе, 2 мензурка, 2 ұзын туннель көрпе, 2 хоккей таяғы, 2 теннис добы
Жүргізуші: Осы ойынның әділ төрелігін айтатын әділ қазылар тобын тағайындап алайық. Сонымен сайысымызды бастайық.
Допты алып жүру.
Балалар допты жерге соғып жүгіру арқылы бөгетті айналып келіп, келесі балаға береді. Осылай барлық оқушылар бөгетті айналып өтеді.

Допты аяқ арасынан өткізу.
Команда бір қатарға түзу бойымен тұрады да, аяқтарын иық көлемінде ашады. Капитан допты аяқ арасынан өткізеді, оны соңғы оқушы алып келіп, алдыңғы қатарға тұрып, тағы да допты аяқ арасынан өткізу тиіс. Осылайша капитан өз орнына келгенше ойын жалғаса береді.

Допты үстінен беру.
Алдыңғы ойындағы қатар сақталады. Ендігісі допты үстінен береді.

Допты таяқпен кедергілер арасынан алып жүру.
Хоккей таяғымен допты бөгеттерден алып жүріп, келесі оқушыға береді. Топтағы барлық бала ойынды аяқтағанша, осылай ойын жалғасын табады.

Шарикті алып жүру.
Үлкен ас қасықтың ішіндегі теннис добын түсіріп алмай, бөгеттерді айналып өтіп, келесі оқушыға беріледі. Осылай ойын жалғасын табады.

Картобыңды ек те, жинап ал.
Команда капитаны дорбадағы картоптарды шеңберлерге салып шығып, бөгетті айналып келеді. Келесі ойыншы дорбаға картоптарды жинап алып, бөгеттерді айналып келеді.

Қаппен секіру.
Екі команда капитаны қапты аяқтарына киіп, белгі берген кезде бөгетті айналып секіріп келуі тиіс. Қаптың биіктігі тізеден жоғары болуы керек.

Көрпе арасымен өту.
Ұзындығы 3 метрлік көрпенің арасымен келесі бетке өтулері тиіс.

Төрттағандап тартылу.
Оқушылар төрттағандап отырады. Қолдарына айқастырылған 2-3 метрлік арқан киіледі де, белгі берілген кезде тартыс басталады. Кімде кім сызықтан асып кетсе, сол жеңілген болып саналады.

Әтештер қақтығысы.
Екі командадан бір-бірден екі оқушы шығады. Бір аяқтарын көтеріп, иықтарын тірестіріп тұрып, белгі берген кезде текетіресті бастайды. Сызықтан асып кеткен ойыншы жеңіліс табады.

Қасықпен су толтыру.
Қарсы бетте орындықтың үстінде үлкен кеседе тұрған суды қасықпен төкпей-шашпай мензуркаға әкеліп құяды. Қай топтың суы көп, сол команда жеңіске жетеді.

Арқан тартыс.
7-8 метр ұзындығында арқан алып, екі басын мықтап байлап, екі топ екі жағына тұрады да, сызылған сызықты ортаға келтіріп тұрып, басқарушының белгі беруімен тартысты бастап, сонымен қай жағы тартып сызықтан өткізсе, сонысы ұтқан болады.

Қорытынды: Ұпай сандарын есептеп, жеңіске жеткен топты марапаттау.


© 2010-2022