Сабак жоспары 7 сыныпка Баскетбол

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баскетбол. Акробатикалық жаттығулар

І. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Баскетбол ойыны жайлы білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Допты алып жүру, допты беру, қабылдау дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара көмек көрсетуге баулу.
ІІІ. Сабақтың өтетін орны: Спорт зал
ІҮ. Сабақта пайдаланатын құрал - жабдықтар: Баскетбол доптары, кегля есептегіш, ысқырық.
Сабақтың мазмұны
Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу! Сабақтың мақсатын, қауіпсіздік ережесін түсіндіру.

Оңға, солға айнал.
Залды айнала жүр.
Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.
Баяу жүгіру.
Тіркеме адыммен оң бүйірмен сол бүйірмен жүгір.

Тыныс алу жаттығулары.
Қол мықында жартылай отырып, толық отырып жүру.
Залдың ортасында 4қатар болып тұр. Ж. Д. Ш
1. Б. Қ Қол мықында, аяқ иық кеңдігінде 1 - 4 басты оңға айналдыру.
5 - 8 солға айналдыру.
2. Б. Қ. Қол иықта, аяқ иық кеңдігінде 1 - 4 иықты алға айналдыру.
5 - 8 иықты артқа айналдыру.
3. Б. Қ. Оң қол жоғарыда, сол қол төменде
1 - 2 қолды кері созамыз
3 - 4 қолдың қалпын өзгертеміз.
4. Б. Қ. Қол төстің алдында бүгулі
1 - 2 бүгулі қолды кері созу
3 - 4 түзу қолды кері созу
5. Б. Қ. аяқ иық кеңдігінде, қол мықында
1 - 2 оңға иілу
3 - 4 солға иілу
6. Б. Қ. аяқ иық кеңдігінде, қол мықында
1 - 4 денені оңға айналдыру
5 - 8 денені солға айналдыру
7. Б. Қ. қол алда
1. сол аяқты сермеп сол қолдың ұшына тигізу
2 Б. Қ. оң аяқты сермеп сол қолдың ұшына тигізу.
3. Отырып - тұру

1. Допты алып жүру кезінде ойыншы оны саусақтарымен жерге ұра, ыршыта алға ұмтылады. Допты ыршытып алып жүру кезінде баскетболшының екі аяғы аздап бүгілген, денесі сәл еңкейген, допты алып жүретін қолы шынтақтан бүгілген қалыпта болады.
Оң қолымен допты алып жүргенде сол аяқ жарты қадамдай ілгері қозғалады.
2. Допты біреудің бастапқы қолына допты кеудеге қарай жақындатып ұстап тұру.
Доп лақтырылғанда қол кеудеден шамалы доға жасап толық жазылады. Ұшып келе жатқан допты мүмкіндігінше қарсыласынан бұрын ұстау керек. Бұл үшін баскетболшы бойын тіктеп, доптың ұшып келе жатқан бағытына қол созады.

© 2010-2022