Неделья по физической культуре

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«

Апталықтың ашылуы

Тақырыбы: Спорт - денсаулық кепілі

Мақсаты: Дене шынықтыру және спорттың балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін маңызын түсіндіру. Оқушылардың шапшаңдық, күш, епшілік қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке, батылдыққа, икемділікке тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Зиянды әдеттерден сақтануға шақыру.

Мазмұны:

1.Жүргізуші: Әр бір адам баласы күнделікте толып жатқан әрекеттермен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекеленген мүшелерінің дұрыс қалыптасып өсіп жетілуіне оң әсерін тигізеді. Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз байланысты Демек, денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Сондықтан әр бір бала жас кезінен бастап ертеңгілік жаттығуларды жасап, күн режимін сақтап, денені таза ұстап, өз денесін шынықтыруы және спортпен шұғылдануы және басқа зиянды әдеттерге жол қоймауымыз керек.

Салауатты өмір салты-әдемі және жарқын өмір сүрудің белгісі.


1 оқушы: Балақай!

Болсаң да әлі қаршыдай,

Ойнау үшін шаршамай.

Оқу үшін мектепте,

Алу үшін тәбет те,

Құру үшін сен сауық-

Керек жақсы денсаулық.

2 оқушы:

Денсаулық-ол күлуің

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық ол жүруің,

Еш бір жерің ауырмай.

3 оқушы:

Денсаулық-ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

4 оқушы:

«Басты байлық-денсаулық»,

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

5 оқушы:

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жут көбірек.

Спортты да қолға алып,

Тамақтанғын уақытында

6 оқушы:

Болар барлық мүшең сау,

Жүрсе жылдар бойында.

Баяндалған осынау

Ережелер ойыңда.

7 оқушы:

Денсаулықты сақтауға,

Денсаулықты жақтауға.

Гигиена-тән таза,

Гигиена-сау ағза.

8 оқушы:

Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге күйеміз.

Қыста қызып денеміз,

Коньки, шаңғы тебеміз.

9 оқушы:

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

«Денсаулықты» сақтаймыз.

10. Акробатикалық жаттығуларды 8 оқушы орындайды.

11. 4 оқушы (қыздар) Гимнастикалық элементтермен би.




© 2010-2022