Жауырынға тұру тақырыбының жоспары

Тақырыбы: Жауырынға тұруМақсаты: 1. Сауықтыру: Оқушыларға жауырынға тұруды үйрету.2. Дамытушылық: Оқушылардың дене бұлшық ет күштілігін,иілгіштігін,тепе-теңдігін және жұмыс қабілеттілігін арттыру.3. Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақтылыққа және сенімділікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.Сабақтың өтілетін орны: мектеп спорт залы.Өткізілу уақыты: 45 минут.Қажетті құрал-жабдықтар: гимнастикалық төсеніш, секундомер, ысқырық, және т.б.
Раздел Физкультура
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№12 орта мектебі

Гимнастика сабағынан 6-сынып оқушыларына арналған

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: Жауырынға тұру

Мақсаты: 1. Сауықтыру: Оқушыларға жауырынға тұруды үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың дене бұлшық ет күштілігін,иілгіштігін,тепе-теңдігін және жұмыс қабілеттілігін арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақтылыққа және сенімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Сабақтың өтілетін орны: мектеп спорт залы.

Өткізілу уақыты: 45 минут.

Қажетті құрал-жабдықтар: гимнастикалық төсеніш, секундомер, ысқырық, және т.б.

Сабақ

кезеңі

Сабақтың мазмұны

Уақыты

(минут)

Әдістемелік нұсқау

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

-Сыныпты сапқа тұрғызып, тізім бойынша тексеру

-Қауіпсіздік ережесін сақтау.

-Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Саптағы жаттығулар: оңға, солға және кері бұрылу.

-Жүру жаттығулары:өкшемен, аяқтың ұшымен, сыртқы қырымен, ішкі қырымен, жартылай отырып және толық отырып жүру

5

-Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.

-Оқушылардың әрбір жаттығу түрін дұрыс жасауын қадағалап, түзетіп отыру

-Жүгіру жаттығулары:жай жүгіру, тізені көтеріп, аяқты сыртқа лақтырып, ішке лақтырып оң жақ қырмен және сол жақ қырмен, артпен, аяқты қайшылап жүгіру

-Жүріске көшіп демді қалпына келтіру жаттығулары.

-Гимнастикалық жаттығулар:мойынға, белге, қол буындарына, иыққа, аяқ буындарына жаттығулар жасату.

10

-Жаттығу барысында оқушылардың дұрыс тыныс алуын қадағалау.

-Әр бір жаттығу өз әдісіне сәйкес жасалуын бақылау.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

-Жауырынмен тұру шынтақты жерге тіреу арқылы

жүзеге асырылады.Жауырынға тұру техникасын баянды ету үшін аяқпен әр түрлі қимыл-қозғалыстар жасау керек:аяқты бүгү,алшақ етіп ұстау,бір аяқты алға,екіншісін артқа жіберу,

т.с.c.

Келесі кезек-жүрелеп отырудан артқа домалап түсу; қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру: артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін, жоғары секіру, артқа қарай қатарынан екі-үш рет домалап асып түсу: аяқты бірге ұстап жауырынға тұрудан артқа қарай домалап асып түсу.

-Жауырынға тұру (қолдың және шынтақтың көмегімен).

-Баспен тұру (қолдың көмегімен).

-Бастапқы қалып:шалқалап жату, қол кеуденің жанына созылып ұсталады (1-2рет).Тіке ұсталған екі аяқты бастан асырып,аяқтың ұшын еденге тигізу (3-4). Бастапқы қалыпқа келу (4-6 рет қайталау).

-Бастапқы қалып: аяқтың арасы алшақ қойылады, қол белде. 1.Сол аяқпен отыру, тіке ұсталған оң аяқ алда,қол белде («пистолет»). 2-3. Артқа аунап түсу- сол аяқты кұшактап алу. 4.Бастапқы қалыпқа келу (3-4 рет қайталау).

-Жалпы акробатикалық жаттығуларды үйрену барысында қауіпсіздік қондырғылары болғаны жөн.

25

-Жаңа сабақтың әдістерін дұрыс игеруін бақылау және қадағалап отыру.


-Әр жаттығудың өз ережесімен орындалуын қадағалау.


-Әр жаттығуды 2-3 мәрте қайталату.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

-Оқушыларды сапқа тұрғызу

-Жалпы дамыту жаттығуларын қайталау.

-Оқушыларды бағалау.

-Үйге тапсырма:аяқ, қол және бел буындарына жаттығулар

5

-Демді қалпына келтіру жаттығуларын толық орындауларын қадағалау.

Үй тапсырмасын түсіндіру.




© 2010-2022