Открытый урок по физкультуры на тему Көңілді эстафета

Сабақтың мақсаты: 1.    Біліктілігі: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, эстафеталық ойынға қызығушылықтарын арттыру. 2.    Тәрбиелік мәні: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. 3.    Дамытушылық міндеті: Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту. Қажетті керек құрал жабдықтар: сағат, ысқырық, төсеніш, доп секіртпе, т.б. Сайыстың жүру барысы: Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар және оқушыы...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Көңілді эстафета»

Сабақтың мақсаты:

  1. Біліктілігі: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, эстафеталық ойынға қызығушылықтарын арттыру.

  2. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу.

  3. Дамытушылық міндеті: Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Қажетті керек құрал жабдықтар: сағат, ысқырық, төсеніш, доп секіртпе, т.б.

Сайыстың жүру барысы: Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар және оқушыылар! Сіздерді «Келешек ұлан ұрпақпыз, шыңдарға биік шықпақпыз» атты апталығымыз бойынша «Көңілді эстафета» атты спорттық сайысымызға шақырамыз.

Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талаптанып, соған қоғам да, мектепте жағдай жасап, денсаулықты сақтауға нығайтуға ат салуымыз қажет.Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азаматы болып өсеміз. Көп адамдар денсаулығына мән бермейді-«Қолда бар алтынның қадірі жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай» демекші, салауатты өмір салты туралы біліммен қарулануымыз қажет.

Жүргізуші: Ал құрметті халайық жарысты енді көріңдер .

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетейін.

Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау.

Біреу озсса сайыста,

Біреуі артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

«Сіздерге жеңіс тілейік», дей отырып ортаға екі топты шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

1-топ «Алғырлар» 2-топ «Жүйріктер»

А) Таныстыру рәсімі өтеді.

Б) Сәлемдесу рәсімі өтеді.

В) Топ ұрандары айтылады.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Топтармен таныстық, әділ қазылар алқасын сайладық. Енді құрметті сайыскерлер, сәт-сапар!

  1. «Кедергілерден өту» Сөреден жүрелей отырып шығып, төсеніште алға аунап, жалауды айналып, кедергілерден жүгіріп қайту. Жеңіске эстафетаны жылдам аяқтаған топ жетеді.

  2. «Шаяндар сайысы» Ойыншылар белгіленген сызыққа дейін шаян жүрісімен жүріп өтеді де, келесі ойыншыға эстафетаны береді. Тапсырманы бірінші орындаған топ жеңіске жетеді.

  3. «Теңге алу» Ұлдар допты кедергілер арасынан жүгіре шеңберге апарып тастайды, ал оны қыздар алып қайтады. Қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз болады.

  4. «Допты бастан асыра беру және аяқ арасынан өткізу». Бірінші оқушы допты бастан асыра береді, екінші оқушы аяқ астынан өткізеді, осылай жалғасады. Қай топ бұрын аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.

  5. «Арқан тарту» Белгі бойынша әр бір топ арқанды өз жағына қарай тартады. 3-рет тартысқаннан кейін 2-рет өз жағына арқанды тартып шығарған топ жеңімпаз боп танылтады.

  6. «Тұсау кесу» Оқушылардың аяғына байланған тұсау жіппен белгіленген жерден секіріп айналып өту, қай топ бірінші келсе сол топ жеңіске жетеді.

  7. «Шеңбер ішінде тіресу» Шеңбер сызылады, ішінде екі топтан бір-бір баладан, бір аяқпен екі қолды артқа ұстап тұрады. Белгі берілген соң екі бала шеңбер ішінде тіреседі, шеңберден шығып қалған топ баласы жеңіледі, шеңбер ішінде қалған топ баласы жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сөз кезегі әділқазылар алқасында. Әділқазылар сайыстың шарты бойынша қортынды шығарып, жеңімпазды атайды.

Жүргізуші: Міне біздің сайысымыз аяқталып келеді. Топ оқушылары өздерінің күштерін, ептілікпен жылдамдылығын көрсете білді. «Көңілді эстафета» сайысын қорытындылайтын кез жетті. Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айытпаған ұлы Абай данамыз да.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет!

«Бекітемін»

«А.С.Макаренко атындағы орта мектеп

Мектепке дейінгі шағын орталықпен»

Коммуналдық мекемесінің

Директоры: Р.Мауленова

«Көңілді эстафета»

3-4 сыныптар



Орындаған: Дене шынықтыру мұғалімі:

Аткенова.А.О

2014-2015 жыл

© 2010-2022