Сабақтың тақырыбы: «Спорттық ойын» БАСКЕТБОЛ

Раздел Физкультура
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дене шынықтыру сабағына арналған жоспары № 10


Сабақтың тақырыбы: «Спорттық ойын»

БАСКЕТБОЛ ойыны

«Оң және сол қолмен допты ауыстыра алып жүру», «2-3метр қашықтықтан торға доп тастау».

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс

Сабақтың формасы: ойын сабағы;

Пәнаралық байланыс: Геометрия және физика,география пәндері
Сынып: 7 «А»

Өтетін күні: 24 қыркүйек 2015ж.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды баскетбол ойынының қысқаша тарихымен және еліміздегі баскетбол спортының даму тарихымен таныстыру.Ойын техника элементтерін дұрыс үйреніп, ойын ережесін жете меңгеру және бағалау.

Білімділік: Оқушылардыбаскетбол элементтерімен таныстыра отырып, ойын техникасын қолдану арқылы дағды қабілетін жетілдіру, арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа, салауаты өмір салтын ұстануға, зейінділік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойын арқылы оқушының ептілік, икемділік, жылдамдылық, төзімділік, шапшандылық, күш және т. б. Қасиеттерін жетілдіру.

Сабақтың өткізілетін орны: мектеп спорт залы

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырғыш, секундомер, кедергі, иллюстративтік материалдар көрнекіліктер.

р/с

Сабақтың мазмұны

Уақыты мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

1. Кіріспе бөлім 15-18 мин


Сапқа тұрғызу.

Рапорт қабылдау. Салемдесу. Түгендеу

Сабақтың тақырыбын оқушылар мен бірлесе отырып ашу.

Бұрылыстық түрлері:

а)Орнында: оңға, солға бұрылу;

б) Секіріп: оңға, солға бұрылу;

в) Қозғалыста: оңға, солға бұрылу;

Жүрістің түрлері:

а) Аяқтың ұшымен жүру;

б) Өкшемен жүру;

в) Табан ішімен жүру;

г) Табан сыртымен жүру;

д) Жартылай отырып жүру;

с) Толық отырып жүру.

Спорттық жүріс.

Жеңіл жүгіру

Жүгірістік түрлері:

а)Тізені көтеріп жүгіру;

б)Аяқты артқа сермеп жүгіру;

в)Аяқты алдыға сермеп жүгіру;

г)Аяқты жаңға сермеп жүгіру;

д)Оң иық және сол иықпен секіріп жүгіру;

е) Артымен жүгіру;

з) Жылдам жүгіру.

Саптық жаттығу

(бірлектен екі, үш лекке сапталу)

Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау:

Б.Қ: Аяқты ашып, қол белде.

1-4 басты оң жаққа айналдыру.

1-4 басты сол жаққа айналдыру.

Б.Қ: Қол иықта.

1-4: алға айналдыру.

1-4: артқа айналдыру.

Б.Қ: Негізгі тұрыс

1-4 қолды алға айналдыру.

1-4 қолды артқа айналдыру.

Б.Қ: Оң қолды көтеру, сол қол төмен

1,2: қолды артқа сермеу.

3,4: қолды ауыстырып арқа сермеу.

Б.Қ: Қолды жан-жаққа жіберу.

1,2: қолдын үшін айналдыру.

3,4: шынтақты айналдыру.

5,6: қолды алға айналдыру.

7-8: қолды артқа айналдыру.

Б.Қ: Қолды бүгіп кеуденің алдында ұстау.

1,2: қолды артқа жіберу.

3,4: қолды түзетіп артқа жіберу.

Б.Қ: Аяқты ашып қол белде.

1,2 денені он жаққа бұру.

3,4 денені сол жаққа бұру.

Б.Қ: Аяқты аласа ашып қол белде.

1 - оң аяққа еңкею.

2 - ортаға еңкею.

3 - сол аяққа еңкею.

4 - Б.Қ

Б.Қ: Бір аяққа отырып.

1 -қолмен он аяқтын үшіна тигізу.

2 - Б.Қ

3-қолмен сол аяқтын бақайын тигізу.

4 - Б.Қ.

Б.Қ: Негізгі тұрыс.

1-4оң аяқты көтеріп ішке, сыртқа айландырамыз.

1 -4 сол аяқты көтеріп ішке, сыртқа айландырамыз

Б.Қ: Негізгі тұрыс.

1-4 : оң аяқта секіру

1-4 : сол аяқта секіру

1-4 : екі аяқта секіру

1 мин


1 мин

3 мин




2 мин




2 мин









3 мин










1 мин



5 мин



4-5рет

4-5рет

4-5рет

4-5рет

4-5рет


4-5рет


4-5рет

4-5рет


4-5рет


4-5рет


4-5рет

Оқышыларды бой бойымен тұруға қөңіл бөлу.

Сапқа түзу тұруын қадағалау.

Тыныштық сақтау.

Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

Бұрылу кезіңде сол иықпен бұрылуына және денені тік ұстауына қөңіл бөлу керек.

Тірек аппаратын дұрыс ұстау.

Кеудені тік ұстау.

Толық, тиянақты жасау

Жүгіру кезде арақашықтық сақтау және дұрыс дем алу қадағалау.

Қол мен аяқты бір қалыпты қозғалуын қадағалау.

Дұрыс терең демалу

Ара қашықтықты сақтау,

Жаттығу орындау кезінде жіберілген қателіктерді ескерту, Жаттығуды өте жақсы орындаған оқушыларды атап өту

Арқаны түзу ұстау.

Жаттығуларды дұрыс орындау.

Кеудені тік ұстау.


Толық, тиянақты жасау

Бұрылу кезіңде денені тік ұстауына қөңіл бөлу керек

Арқаны түзу ұстау



Жаттығуларды дұрыс орындау.



Қол белде.

Қол белде.

2. Негізгі бөлім 20-22 мин


Жаңа сабақтың тақырыбы:

«Баскетбол ойынының «Оң және сол қолмен допты ауыстыра алып жүру», «2-3м қашықтықтан торға доп тастау».

Пәнаралықбайланыс:Геометрия және физика , география пәндері

«Миға шабуыл» стратегиясы:Оқушыларға сұрақтар қойылады.1.Әр түрлі спорттық ойындар доптарының арасынан баскетбол добын таңдау

2.Баскетбол добының геометриялық пішінін сипаттау

3.Доптың ұшу траекториясын физикалық тұрғыдан сипаттау.
Баскетбол ойынының қысқаша шығу тарихымен таныстырып, баскетбол добының геметриялық пішінін сипаттау және физикалық тұрғыдан допты лақтыру траекториясын көрсету, ойын ережесін түсіндіру.

Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Ойын элементтерін үйрету және командалық ойын барысындағы ойыншылардың тактикалық тұрғыдан алғандағы алаңда орналасу тәртібін меңгерту

Оқушылар екі сапқа сапталады:

Допты бұрыштан бұрыштарға жерге соғып жүргізеді:

  • Оқушылар допты жерге соғып, кедергілерден жылан тәріздес жүгіріп келу.

Ереже: Допты бір (оң әлде сол)қолмен алып жүреді. Буынынан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді, итеріс күші шынтақтың бүгіліп жазылуына байланысты болады. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады.

2-3метрден торға доп тастау:

  • Оқушылар үш секундтық аймақ ішінен допты баскетбол себетіне лақтыру.

Ереже:баскетбол добын кеудеден екі қолмен немесе секіріп баскетбол себетіне допты лақтырулары керек.

Жеңілдетілген ереже бойынша баскетбол ойынына екі команда (5х5) қатысады. Әр команда қарсыласының торына көбірек доп түсіруге ұмтылады

10-12мин
























5 мин

















2тайм

5мин

Тыныштық сақтау.








Оқушылар екі қатарға дұрыс сапталуын қадағалау.

Оқушылар кедергілердін арасынан допты бір қолмен жерге cоғып жүгіріп өтуін қадағалау.


Айып алаңынын сызығын баспай себетке лақтыруын қадағалау

Оқушылар екі командаға дұрыс бөліну қадағалау.

3. Қорытынды бөлім 5 мин


Оқушыларды сапқа тұрғызу

Рефлексия: Сабақты қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма беру

1мин

2мин


1мин

1мин

Жылдам сапқа тұруын талап ету

Тыныш тұрып, мұқият тыңдауын талап ету

Тиісті баға қою

Доппен жаттығулар орындау.










Бақылау сұрақтары

  1. Баскетбол қашан және қайдан шықты? (Баскетбол ойыны 1981жылы, Америкада болды)

  2. Баскетбол ойыннын кім ойлап тапқан? Джеймс Нейстин

  3. Баскетбол ойында алаңда қанша адам ойнайды? 5

  4. Командадағы допты иеленуші ойыншы? Шабуылшы

  5. Командадағы допты иеленбеген ойыншы? Қорғаушы

  6. Баскетболда «Фол» деген не? Тәртіп бұзған ойыншыға берілетін ескерту

  7. Еліміздің баскетбол тарихы жайлы және қандай баскетбол командаларын білесіңдер?

© 2010-2022