Тақырыбы: «Қозғалмалы ұлттық ойындар»

Дене тәрбиесі: 5 «а» сынып Сабақ № 70 күн реті:27.02.15ж мин:45 Тақырыбы: «Қозғалмалы ұлттық ойындар».Сабақтың мақсаты: 1. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, олардың өткен білімдерін жаңамен ұштастыру. 2.Оқушылардың денсаулығын, ой-өрісін, икемділігін, шапшаңдығын, қозғалмалы ұлттық ойынға деген қызығушылығы...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: Сатанова Ш.К._________ Пән мұғалімі: Халабаева З.Р.

Дене тәрбиесі: 5 «а» сынып Сабақ № 70 күн реті:27.02.15ж мин:45

Тақырыбы: «Қозғалмалы ұлттық ойындар».

Сабақтың мақсаты:

1. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, олардың өткен білімдерін жаңамен ұштастыру.

2.Оқушылардың денсаулығын, ой-өрісін, икемділігін, шапшаңдығын, қозғалмалы ұлттық ойынға деген қызығушылығын дамыту.

3. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрсету, үйрету, жаттығу, жекелеп, топпен.

Өтетін орны: спортзал.

Құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық, уақыт өлшеуіш, теңге, шығыршық, жіп. т.б.

Сабақтың мазмұны

Уақыты

әдістеме нұсқаулар

1.





2.

Кіріспе бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.Сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасы. Оқушыларды түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру.Тақырыптың мақсатымен таныстырып өту. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.

Жалпы дамыту жаттығулар:

Б.қ: қол белде, басымызды оңға және солға айландыру.

Б.қ:қолымызды иық үстіне қойып алдыға және артқа айландыру.

Б.қ: қолдар алдында отырамыз,қолдар белде тұрамыз.

Б.қ: секіру жаттығулары.

Негізгі бөлімі: Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақтың мазмұнымен таныстыру. Қазақтың ұлттық ойындары деген сөзді естігенде ең бірінші ойларыңа не келеді? Өмірді «Ұлттық ойынсыз» қалай елестете аласыздар?

Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай әр алуан болып келеді. Ұлттық ойындарды үш салаға бөлуге болады.

1.Ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары (көкпар, қыз қуу, теңге алу, беташар.т.б).

2.Дене шынықтыру, спорт ойындары (қазақша күрес, айгөлек, соқыртеке, ақ терек, арқан тартыс.т.б).

3.Ойынмен келетін ойындар(тоғызқұмалақ).

Енді екі топқа бөлініп мына ойындарды ойнаймыз.

«Теңге алу», «орамал тастау», «тұсау кесу», «мерген», «арқан тартыс» ойындарының ережелерімен танысып, ойнаймыз.

«Теңге алу» ойыны.

Ойын ережесі: Жерде жатқан теңгені жүгіріп келіп алу керек, ол үшін ептілікті талап етеді. Теңгені іліп алған қатысушы топтың соңына барып тұрады.

«Орамал тастау» ойыны.

Ойын ережесі: Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы 3-10 м жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Орамалға ие болған ойыншы екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздік етіп бір ойыншының аяғының астына тастайды да, өз тобына қарай жүгіреді. Егер орамалды алған ойыншы жетіп алса, оны өз тобына алып кетеді, жете алмаса өзі қарсыласының тобына барады.

«Тұсау кесу» ойыны.

Керекті құралдар: 4 «тұсау» жіп, екі орындық.

Ойын ережесі: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. 15-20 метр жерге екі орындық қойылады. Ойынды жүргізуші екі топқа екі данадан «тұсау» жіп береді. Топтың басында тұрған ойншы «тұсауды» аяғына байлап тұруы керек.Белгі бойынша тұсау салынып тұрған оқушылар тұсауланған аяқтарымен жүріп немесе секіріп орындықты айналып өтіп өзінен кейінгі тұсау байлап тұрған ойыншыға қолын тигізеді. Бірінші оқушы өзінің тұсауын шешіп, екінші ойыншыға береді. Ол оқушы тұсауды аяғына байлап даяр тұруы керек. Барлық ойынға қатынасып тұрған оқушылар толық жүріп өткенше ойын осылай жалғаса береді. Осылайша топтағы барлық оқушы біткен соң соңғы қатысушы аяғындағы тұсауын шешіп, өзінің біткендігін көрсетіп, тұсауды жоғары көтеру керек.

«Мерген» ойыны.

Ойын ережесі: Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Топтар сызықта тұрады. Белгі бойынша кіші допты нысанаға лақтырады. Осылайша топтағы барлық оқушы біткен соң соңғы қатысушыға дейін жалғасады.

«Арқан тартыс» ойыны.

Ойын ережесі: Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Арқанның дәл ортасына қызыл шүберек байланады.

Екі топта арқанның екі шетіне шығып, ұстап тартады.

Ең мықты топ келесі топты белгіленген сызық мәресінен тартып кетуі керек.

10-мин



5-8 рет

5-8 рет

5-8 рет

25-мин

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.

Зейін қойып тыңдауларын бақылау.

Жеңіл жүгіріспен жүгіру.

Жаттығуларды дұрыстап орындау.



Қауіпсіздік ережелерін

сақтау.





Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін

сақтау.



Мұқия тыңдау.

Ойынның өз дәрежесінде

өтілуін қадағалау.







Дұрыс көздеуді қадағалау.

3.

Қорытынды:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Денені бір қалыпқа келтіру.

Оқушыларды бағалау.

Жіберген қателерін айту.

Үйге тапсырма беру. Ұлдар тартылу.

Қыздар белді бүгіп жазу жатығуларын қайталау.

Басқа ұлт өкілдерінің ұлттық ойындарын білу.

5-мин

Оқушылардың жіберген қателерін дұрыстау.

Сабақты аяқтау,

сау болыңдар!




© 2010-2022