Қысқа мерзімдік жоспар 9-сынып

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақ жоспары

Мерзімі: «11» наурыз 2015ж


Сынып

9 «А»


Сабақ тақырыбы


Допты төменнен беру


Сабақ мақсаты

Допты төменнен беру әдісін толық меңгеріп, ережелерін үйрену.

Оқушылардың ептілігін, жылдамдығын және қызығушылықтарын арттыру.

Оқушының өздігінен жағдайға төтеп беріп, туылған жағдайдан дұрыс әдіспен шығуға үйрету. Команда болып жұмыла жұмыс жасауға үйрету.


Сабақ нәтижесі


  • Допты төменнен беру тәсілін толық меңгереді.

  • Диалог әдісі арқылы тәжірибе өткізу.

  • Допты төменнен дұрыс беруін бағалау.

  • Волейболдың ойын әдістерін тәжірибе жасау арқылы жақсарту.


Көрнекілік құралдары

Волейбол торы, волейбол доптары,

ысқырық, секундамер


Жаттығулар

Кіріспе бөлім:

  1. Сапқа тұру, сабақ мақсатының хабарлануы.

  2. «Волейбол» тақырыбына байланысты қауіпсіздік ережелері.

  3. Саптық жаттығулар, сапқа тұру.

Негізгі бөлім:

1. Бастапқы қалыпқа тұру

2. Допты төменнен беру әдісі

3.Допты төменнен беру әдісін қайталау.

4.Қателерін түзеу


Қорытынды бөлім:

1.Сапқа тұру.

2.Дем алу, демалыс жаттығуларын жасату

3.Рефлексия.


Пайдаланылған әдебиеттер

9-сынып бағдарламасы. Астана 2010ж. «Мектептегі волейбол» Железняк Ю.Д, Слупский Л.Н. Мәскеу «Просвещение» 1989ж



Мұғалім жазбасы: Оқушылар іс-қимылы және мұғалімнің іс-қимылы.



1. Кіріспе бөлім. (13 мин)

  1. Сапқа тұру, сабақ мақсатының хабарлануы.

  2. «Волейбол» тақырыбына байланысты қауіпсіздік ережелері.

  3. Саптық жаттығулар, сапқа тұру.

  4. Оқушылардың спорт киімдерін тексеру.

Мұғалім: Бұйрық беру «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр», «Оңға!», «Солға», «Кері айнал» Бір лектен екі лекке, үш лекке тұру. Сапқа тұру. Оңға бұрылу. Сап бойынша спорт зал бойымен айналып жүру.

Оқушылар: Келісіп, жаттығуларды бұлжытпай орындау.

Мұғалім: Жалпы даму жаттықтыру :

а) Қолды көтеріп, аяқ үшымен жүру.

б) Қолды белге қойып, аяқ өкшесімен жүру.

в) Қолды белге қойып, аяқ ішімен-сыртымен жүру.

г) Қолды белге қойып, жартылай отырып және желкеге қойып толық отырып жүру.

д) Оң және сол жақ қырымен қолды алдыға-артқа айналдыра жүгіру.

Арнайы волейбол жаттығулары:

а) Допты екі қолмен жоғарыдан еденге соғып қарсыласқа беру.

б) Екі қолмен жоғарыдан допты қарсыласқа беру

в) Қарама-қарсы тұрып допты үстінен-астынан қабылдау.

Оқушылар: Жаттығулар мұғалім есебі бойынша 2-3 қадам спорт зал бойымен тұрып, бұлжытпай орындалады.

2. Негізгі бөлім (27 мин).

Мұғалім: Жатығуларды жүргізу үшін сынып оқушыларын екі топқа бөліп,

бір-біріне қарама-қарсы тұрғызу

Оқушылар: Екі топқа бөлініп, қарама-қарсы тұрады.

Мұғалім: Допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрысын көрсету

Оқушылар: Бастапқы қалыпты есте сақтау.

Мұғалім: Допты төменнен ойынға қосу әдісін көрсету.

Оқушылар: Допты төменнен оң қолмен спорт залдың шетіде тұрып допты

бір-біріне тордан асыра беру.

Мұғалім: Оқушылардың допты астынан берудегі әдісін дұрыс жасағанын қадағалап, қателерін түзейді.

Оқушылар: Айтылған бұрыс қимылдарды түзетеді.

Мұғалім: Допты төменнен қабылдау әдістерін бірнеше рет қайталату.

Оқушылар: Жаттығуды бірнеше рет қайталау.

3: Қорытынды бөлім (5мин).

Мұғалім: Дем алу,демалыс жаттығуларын жасату. Бір қатарлы сапқа тұрғызу. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы. Спорт залдан сап бойымен шығуын қадағалау. Оқушылардың белсенділігі мен қателерін анықтап, баға қою.


Рефлексия. «Бағдаршам» Мұғалім оқушыларға эмоциалық жағдайлары туралы сұрақтар қояды. Оқушылар эмоциалық жағдайына сәйкес түсті белгіні көтереді.




© 2010-2022