Тема урока Ағаш аттан таянып секіру

Раздел Физкультура
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары № 35

Сабақ тақырыбы: Ағаш аттан таянып секіру

Сабақ мақсаты:

1.Гимнастика ережелерін,ағашаттан секіру техникасын, техника қауіпсіздігін үйрету

арқылы оқушылардың іскерлігін арттырып, дағдысын қалыптастыру

2.Оқушылардың ептілігін шапшаңдығын дамыту

3.Оқушылардың дене тәрбиесіне деген белсенділігін,қызығушылығын арттырып,

оларды салауатты өмір салтына насихаттап,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сыныбы : 10 « а»

Сабақтың болатын күні: 26.11.2015.

Сабақтын болатын орны: Спорт зал

Керекті құрал-жабдықтар: Ысқырық,секундомер,гимнастикалық маталар,ағашат.

Сабақ мазмұны

Уақыты реті

Әдістемелік нұсқаулар

I.Кіріспе дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу.Кезекшінің мәліметін қабылдау.

Амандасу,түгендеу.

Сабақ мақсатын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар:Оңға,солға,артқа бұрылу.

Жүріп жасалатын жаттығулар:аяқтың ұшына,өкшеге,ішкі ж/е сыртқы қырымен,отырып,секіріп.

Жүгіріп жасалатын жаттығулар:тізені жоғары,өкшені артқа көтере оң ж/е сол жақ жанымен

Ж.Д.Ж. қозғалыста ж/е орнында.

А) Бастапқы қалып,қол белде,аяқ иық кеңдігінде

1.Басты оңға солға қисайту 2.Басты алға артқа қисайту

Б) Бастапқы қалып,қол белде,аяқ иық кеңдігінде

басты 1-2 онға айналдыру 3-4 солға айналдыру

В) Бастапқы қалып.Оң қол жоғарыда.

1-2 қолды алдыға сермеу 3-4 қолды артқа сермеу

Г) Бастапқы қалып екі қол иықта

1-2 алдыға айналдыру 3-4 артқа айналдыру

Д) Бастапқы қалып:Қол тізеде,аяқ иық кеңдігінде

1-2 тізені ішке айналдыру 3-4 тізені сыртқа айналдыру

Сабақ мақсатын түсіндіру.

12-15мин

1

1

1

3-4 рет

20-25 м


20-25 м


4-5 рет


3-4рет


4-5 рет



4-5 рет


4-5 рет

Оқушылардың спорт киімі оның тазалығына жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару

Берілген бұйрық бойынша орындау керек

Қатардан шықпау керек.

Жүгіргенде қолдың үйлсімді қимылдауын жіті қадағалау

Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау

Көзді жұмбау

Шынтақты тізеге тигізбеу

Тізені бір-біріне тигізбеу

II.Негізгі бөлімі

Ағаш аттан таянып секіру

Тақырып бойынша оқушыларға түсінік беру,үйрету көрсетіп беру.

Ағаш аттан секіру жаттығулары екі түрлі бағытта орындалады.

Біріншісі екі аяқты ашып,көлденеңнен секіру;екіншісі қолды соза тастап ұзыннан секіру.

Жүгіріп келіп секіріп аттың үстіне шығып,қолды тірей отыра қалу,соң түрегеліп сәл шалқая екі қолды жоғары көтерген қалыпта аттап секіріп өту қажет.

Ағашатқа оң,сол қолды тіреп ,екі аяқпен одан секіріп асып түсу .

Екі қолды тіреп тұрып,екі аяқты алшақ ұстаған қалыпта аттап секіріп өту қажет.

Дайындық жаттығулары : отырған қалыпта аяқты серпу арқылы алға қарай секіру ,артқа секіру ; бір орында тұрып биіктігі 40-50 см кедергіден секіріп өту; көлденең қойылған кішкене ағашаттан екі аяқты кең ашып секіріп түсу .

Оқушыларға кезек-кезек жаттығуды орындату .

Оқушыларды топтарға бөліп волейбол ойнату .

20-25мин

1-2рет




4-5 рет

1-2 рет


Техника қауіпсіздігін қатаң сақтау

Ағаш аттан секіру кезінде жаттығуды жасаушы оқушының алдынан көлденең кесіп өтпеу, кедергі келтірмеу керек .

әр топқа жетекші тағайындау

III.Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу. Дем алуға арналған жаттығулар жасау.

Сабақты қортындылау. Үйге тапсырма беру.

Оқушыларды бағалау.

Қоштасу.

5-7 мин

1

1

1

1

Сабақтың өтілгені туралы ескертулер жасау.

Оқушылардың бағаларын айту


© 2010-2022