Сабақ жоспары Қозғалыс кезінде допты себетке лақтыру

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Қозғалыс кезінде допты себетке лақтыру.

Дайындық бөлім (15 мин)

Сынып оқушыларының сапқа тұрғызу,мәлімдеме қабылдау,сәлемдесу.Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Әдістемелік нұсқаулар:

-Оқушылардың спорттық киімін тексеру.

-Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Орнындағы бұрылыстар.

Жалпы дамыту жаттығулары (қозғалыста):

-Спорт залды айнала жүру,екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру;

-Екі қол белде өкшемен жүру;

-Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы жағымен жүру,орташа боймен жүру.

Әдістемелік нұсқаулар:

-Жаттығуды сол аяқпен бастау.

-Арақашықтықты сақтау,денені тік ұстау.

-Алаңды толық пайдалану.

Жеңіл жүгіріс:

-Залды айнала жеңіл жүгіріспен жүгір;

-Қолды алға айналдыру;

-Қолды артқа айналдыру;

-Тізені кезек- кезек жоғары көтеріп жүгіру;

-Отырып жүру ортаға дейін;

-Жылдам жүгіру;

-Жәй жүру.

Әдістемелік нұсқаулар:

-Еркін жүгіру.

-Жаттығу орындағанда,қатарда келе жатқанда бір -бірін итермей,соқпай,шалмай жүру және жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары (4-5 реттен)орнында:

Б.қ.аяқ иық мөлшерінде,қол белде,1-2-басты оңға,3-4 солға айналдыру;

Б.қ.аяқ иық мөлшерінде,қол иықта,1-4-иықты алға,1-4 артқа айналдыру;

Б.қ.екі қолды қайшылау;

Б.қ.қол белде,белді айналдыру;

Б.қ.орнымызда отырып тұру;

Орнында адымдау.

Әдістемелік нұсқаулар:

-Орнында жаттығу жасағанда дұрыс,сапалы жасау.

Негізгі бөлім (25 мин)

Оқушыларды сапқа тұрғызу.Қозғалыс кезінде допты себетке лақтыру.Бір аяқпен секіріп орындалады.Қозғалыста лақтыру орта және жақын қашықтықтан орындалады.Әсіресе қалқаншаға өткенде әсерлі.Баскетболшы қозғала отырып,допты тірексіз қалыпта қабылдап,бір аяқпен түсіп,бір адым жасайды.Сосын,екінші адыммен еденнен итеріліп секіреді де доп жоғары шығарылады,лақтырылды.

Топқа бөлініп баскетбол ойнау.

Әдістемелік нұсқаулар:

-Жаттығу жасағанда әр жаттығудың нәтижесіне жету.Мұғалімнің командасын дұрыс пайдалану.Осы жаттығу жылдамдықты жетілдіреді.

Қорытынды бөлім (5 мин)

Оқушыларды сапқа тұрғызу.Үздік ойыншыларды атап өту,бағалау.



© 2010-2022