Урок баскетбол доптармен жүгіру

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дене тәрбиесі ашық сабағының мазмұндама жоспары

Өткізген: Шамшиденов Мурат Сансызбайевич

Сынып: 5 «А»

«Прииртышский жалпы орта беретін мектеп»

Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы ойындар

Сабақтың мақсаты:

  1. Қозғалмалы ойындарды насихаттау

  2. Жалпы төзімділікті дамыту

  3. Дене сапаларын дамыту

Сабақ өтетін орын: Спорт зал

Керекті құрал жабдықтар: баскетбол доптар, волейбол доптар, картон қағаздары.

Сабақтын өтетін уақыты: 04.02.2015 ж



Р/с



Сабақтың мазмұны



Уақыт мөлшері



Әдістемелік нұсқаулар

I



1

2

3

4



5



6




























































Кіріспе бөлім

Сапқа тұрғызу

Амандасу

Сабақтың мақсаты

Чсс бақылау

Жеңіл жүгіру

Жалпы дамыту жаттығулары

  1. Екі қол иықта

1-2 қолды алдыға айналдыру

3-4 артқа айналдыру



  1. Екі қол белде

1-2 шынтақты алдыға

3-4 шынтақты артқа сермеу



  1. Жеңіл жүгіру



  1. Екі қол белде

өкшемен жүру



  1. Екі қол үстіде

Аяқтын ұшымен жүру



  1. Екі қол белде

табанның сыртқы жағымен

жүру

  1. Екі қол белде

табанның ішкі жағымен жүру



  1. Оң жақпен жүгіру

  2. Сол жақпен жүгіру

  3. Екі аяқпен алдыға секіру

  4. Жеңіл жүгіру

  5. Толық отырып жүру

  6. Жеңіл жүгіру

10-15 мин

















16 рет







16 рет







50 м



20 м



























25 м



20 м

100 м






Бой-бойымен тұру

Түсіндіру

Сапта тұрып, жүгірудің алдында тексеру

Саптан шықпау



Денені түзу ұстау

Саптан шықпау

Денені тік ұстау

Үстіге тартылу





Екі қолды сермеу

Екі қол белде

Екі қол бастын артында



II



1















































































































































































































































































2















Негізгі бөлім

Қозғалмалы ойындар



































































Сынып ойыны





25 мин



Сыныпты сапқа тұрғызу. Сыныпты екі топқа бөлу.

  1. Тапсырма: кім бірінші өздеріне капитан тандап, өз тобына атын қойса сол топ 1 ұпай алады.

  2. Қайықша жүгіру.

Әр оқушы белгіленген жерге барып, айналып өтіп өз тобына жүгіріп, өз тобын айналып, тағыда сол қашықты жүгіріп өтіп келесі ойыншыға жол беріп топтың артқы жағына тұрақалады. Қай топ бірінші болып келсе, 1 ұпай алады.

  1. «Баскетболшылар».

Б.қ.-әр топта баскетбол добы болады.

Мақсаты: сигнал бойынша допты басскетбол торына допты алып жүру, допты торға лақтыру, допты алып өз тобына алып жүру. Допты өз әріптесіне 3-4 қадамнан үстінен беру.

Ең мерген, ең жүйрік топ 1 ұпай алады.

  1. Допты ауыстыру.

Б.қ.-әр топта баскетбол добы болады.

Мақсаты: Сигнал бойынша оқушы белгіленген жерге жүгіріп барады. Сол жерде екінші доп жатады. Оқушы алып келген допты сол жерге қойып жатқан допты алып өз тобына жүгіріп екінші ойыншыға береді.

Тапсырманы жылдам орындаған топ 1 ұпай алады.

  1. Допты үстіден беру.

Б.қ.-әр топта баскетбол добы болады.

Мақсаты: сигнал бойынша капитан допты екі қолымен үстіден артта тұрған ойыншыға береді. Екінші ойыншы келесі ойыншыға береді. Ақырғы тұрған ойыншы доппен алдыға тұрағалып артқа арықарай береді. Капитан қайта өз орынына келгенде ойын аяқталады.

Ең жылдам топ 1 ұпайға ие болады.

  1. Қол арба.

Мақсаты: сигнал бойынша бірінші ойыншы еденге екі қолмен тұрып екі аяғын екінші ойыншыға береді. Содан кейін тачка белгіленген жерге жүргізеді. Сол жерге қойып өз тобына жүгіріп қайтады. Үшінші ойыншыға бұрылып екі қолын еденге қояды. Үшінші ойыншы екі аяғын алып белгіленген жерге жүргізіп әкетеді.

Қай топ бірінші болып тачкаларды апарып қойса 1 ұпай алады.

  1. Доп екі аяқтын ортасында.

Б.қ.-әр топта баскетбол добы болады.

Мақсаты: сигнал бойынша капитан топқа артымен тұрып допты екі аяқтын арасынан лақтырады, доп артта тұрған ақырғы ойыншыға жету керек. Егер доп жарты жолда тоқтап қалса қолмен арықарай етеруге болады. Ақырғы ойыншы допты алып топтың алдына тұрып қайтадан допты аяқтардын арасынан лақтырады. Капитан қайта өз орынына келгенде ойын аяқталады.

Тапсырманы бірінші орындаған топ 1 ұпай алады.

  1. «Судан өту»

Б.қ.-капитандарда екі картон қағаздары (20 см х 20 см)

Мақсаты: сигнал бойынша капитан қағазды еденге қойып соған басады, ал бірінші кағазды алдыға арықарай қояды. Сөйтіп суға баспай белгіленген жерге жету керек. Белгіленген жерде екі қағазды қолдарына алып өз тобына жүгіреді. Екінші ойыншы дәл солай қайталайды. Суға басуға болмайды батып кетесін.

Бірінші болып аяқтаған топ 1 ұпай алады.

Балалар сапта тұрады. Мұғалім сынып тік тұр! Немесе түзел деген кезде оқушылар сол қимылды орындау керек. Егер сынып деген сөз болмаса орындамайды. Кім қателесет сол оқушы отырады.

III

Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Сабақты қорыту

Баға қою



3-5 мин

Тез тұруын талап ету, әділ тиісті баға қою



© 2010-2022