Бар халықтық балалар күніне арналған «Мен және менің отбасым» атты спорттық жарыстың жоспары

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бар халықтық балалар күніне арналған «Мен және менің отбасым» атты спорттық жарыстың жоспарыСолтүстік Қазақстан облысы

Ғ. Мүсірепов атындағы аудан

Салқынкөл орта мектебі



Бар халықтық балалар күніне арналған

«Мен және менің отбасым»


атты спорттық жарыстың жоспары




Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

Лапенов Бауыржан Сахиұлы


Бар халықтық балалар күніне арналған «Мен және менің отбасым» атты спорттық жарыстың жоспары








2014 - 2015 оқу жыл



Тақырыбы:«Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық ойын

Өтілетін жарыстың мақсаты:

  1. Отбасы мүшелерінің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

  2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), шарик, қасық, үлкен ыдыс, гимнастикалық төсеніш, таяқшалар және т.б.

Сайыстың барысы: Спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағарламада халықтың денсаулығын нығайту - мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.

Салауатты өмір салтын ұстану - осы іс шараның бір баспалдағы.

Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш - қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

Бар халықтық балалар күніне арналған «Мен және менің отбасым» атты спорттық жарыстың жоспары

«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» Т.Карлейль

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» - деген бір - ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Оқу ісінің меңгерушісі: Сатубалдинов Р.И

2. Салқынкөл орта мектебінің кітапханашысы: Шибучиков Қ.Қ.

3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі: Сактаганов С.Т

4. Бастауыш сыныбының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Муканова Г.С

Отбасылар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер - күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

«Спорт» десе таза біздің арымыз,

Сайысатын отбасыларды бүгінгі

Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.

Ортаға сайысқа түскелі тұрған төрт отбасын шақырайық:

№1 топ: «Сайыпқырандар» (Раманюктар отбасы)

№2 топ «Жігер» (Байгазиндер отбасы)

№3 топ «Жұлдыздар» (Лапеновтер отбасы)

№4 топ «Тарлан» (Залатаревтер отбасы)

Төрт топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.

Жүргізуші: «Мен және менің отбасым» атты спорттық ойынымыз 10 турдан тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттарымен, төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді.

Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, отбасылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 10 турдан тұрады.

Олар:

  1. Эстафеталық жарыс ( допты кеудеге қысып кедергілер арасынан жүріп өту)

Бар халықтық балалар күніне арналған «Мен және менің отбасым» атты спорттық жарыстың жоспары

  1. Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу)

Музыкалық сәлем.

  1. Сынық көпірден өту (екі картон қағаздың көмегімен белгілі жерге жетіп, қағазды қолына алып артқа қарай )

  2. Үй көмекшісі (берілген кішкентай доптарды сыпырғышрен сыпырып , барып, артқа қолына жинап жүгіру)

Бар халықтық балалар күніне арналған «Мен және менің отбасым» атты спорттық жарыстың жоспары

Музыкалық сәлем.

  1. Кенгуру (секіртпе доппен кедергілер арасынан секіріп келу)

  2. Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі)

Музыкалық сәлем.

  1. Кім шапшаң картоп отырғызу (кішкентай күрек, тырманы белгілі жерден алып, біржерден екінші жерге картоп отырғызу)

  2. Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ (әр топ арқанға өрмелеп, биік шыңға шығу)

Музыкалық сәлем.

  1. Қиын жолдан өту (әр топ ұзын трубаның арасынан өтіп, алға домалап кедергіні айналып келеді)

  2. Арқан тарту. (екі топ аркрнның екі жағынан ұстап тартады.)

Бар халықтық балалар күніне арналған «Мен және менің отбасым» атты спорттық жарыстың жоспары

Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.

Құттықтау.

Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.

Жүргізуші:

Құрметті отбасымыз!

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Шәкіртеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Мен және менің отбасым» жарысын,

Осымен аяқтаймыз!

Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.



Бар халықтық балалар күніне арналған «Мен және менің отбасым» атты спорттық жарыстың жоспары















ОБар халықтық балалар күніне арналған «Мен және менің отбасым» атты спорттық жарыстың жоспарыйын түрлері.


  1. Эстафеталық жарыс.


  1. Аспаз ойыны.


  1. Баскетбол торына доп лақтыру.


  1. Калькулятор ойыны.


  1. Кенгуру.


  1. Капитандар сайысы белдегі шығыршық.


  1. Кім шапшаң картоп отырғызу.


  1. Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ.


  1. Қиын жолдан өту.


  1. Ойлан тап, сиқырлы сандық.


© 2010-2022