Сабақ жоспары, Шаңғымен жүру әдістері

Раздел Физкультура
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шаңғымен жүру әдістері

Сабақтың мақсаты:

  1. Шаңғы спортының адам денсаулығына әсері ,шаңғы спортының еліміздегі жағдайы туралы айта отырып , шаңғымен жүру тәсілдерін ,қыр сырын үйрету

  2. Аяқ, иық және қол бұлшықеттерін дамыту ,дұрыс тыныс алуды,жүйке жүйесін жақсартуды,мидың шаршағанын қалпына келтіру.

  3. Еліміздегі шанғы спортының жетістіктері туралы мағлұмат бере отырып ұлтшылдыққа салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап әңгімелесу сыни тұрғыдан ойлау , өзіндік жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта үлестірме,матирал наңғыспортының құрал саймандары-шаңғы таяқ-аяқ киім.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2 мақсат қою.сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы айту.

3.жаңа матиралды түсіндіру. «Шаңғы спортының даму тарихы» оқушылардың хабарламасы

Мұғалім сөзі.

Шаңғы спорты елімізде жаппай таралуда, ол қысқы спорттық ойынға жатады.2011 жыл

Қазақстанда азияда өткенін хабардарсындар. Шаңғы тебу әр жастағы адамдарға пайдалы.әрі

ыңғайлы спорт түрлерінің бірі болып табылады.шаңғы даярлығы ден саулықты жақсартып қана

қоймай сонымен қатар шынығуға жан -жақты әсер етеді.шаңғы тебу адам ағзасына қалай әсер

етеді.

Шаңғы спортының құрал жабдықтары қандай? Оқушылар ойын толықтыру үшін.Шаңғы құрал

жабдықтармен таныстыру.

Шаңғы сабағын өткізгенде дпйындап алған жерге, ауа райы жағдайына ,жаттығушылардың

құрал-жабдықтарына және үсікке шалынбау үшін қауіпсіздік ережесіне баса назар аударылады.

Шаңғы даяарлығы сабағындағы қауіпсіздік ережелері.

1.аяқ қажалма үшін аяқ киім аяаққа шақ болу керек.

2.аяазды күні үсік алған жерді байқасаң ,ол жерді қармен қызарғанша уқалау керек.

3.Егер сабақ жарыс кезінде түрлі себептермен жарыс жолына шығып кеттсе мұғалімге немесе

торешіге хабар беру керек.

4.шаңғы теуіп келе жатыпжолдасыңның артын басып кетпе.

5.ара қашықтықты сақтау керек.

6.төбенің етегінде тоқтап тұруға болмайды.

7.қатты аяз кезде дененің ашық жерлерін май жағып қою керек.

Ескерту . егер дененің салмағы мен биіктігі сәйкес келмесе өзгерістер жасалады. Мысалы.

Дененің ұзындығы 170 см салмақ 60 кг болса шаңғының ұзыдығы 205 см болу мүмкін, ал дененің

ұзындығы 170 см болып салмағы 60 болса ,онда шаңғының ұзындығы 210 см болуы тиіс.

Шаңғымен жүру тәсілдерінің ішіндегі негізгісіне тоқтала кетейік.

Ауыспалы жүріс және оның техникасы.

Ауыспалы жүрістің негізіне сырғанау адымдары жатады

Шаңғышы аяқпен және қолындағы таяқпен ауыспалы түрде итеріле отырып, бірде сол аяқпен ,бірде оң аяқпен сырғанайды. Бұндай жүрістің ауырлығы көбінесе аяққа түседі.ауыспалы жүріс сырғанау адымдарына байланысты -екі адым және төрт адым болып бөлінеді.оның ішіндегі көп тарағаны ауыспалы екі адымды жүріс.ауыспалы төрт адымдыжүріс - төрт сырғанау адымымен ,қолмен екі итерілістен тұрады.1 ші екі адымға шаңғышы кезегімен таяқты алға шығарады. 3-ші және 4 ші адымға таяқпен ауыспалы екі итеріліс жасайды.ауыспалы төрт адымды жүріс таяқпен итерілу қиындағанда, сырғанау нашарлағанда терең әрі жұмысақ қарлы жерлерде қолданылады.

  1. Бір мезгілдегі бір адымды жүріс.

Бұл жүріс жарыс кезеңдерінде, жақсы тегістелген шаңғы жолдарында, жазық жерлерде қолданылады.бір аяқпен сырғанау және бір мезгілде екі таяқпен итерілу бір мезгілді бір адымды жүрістің негізі болып табылады.

  1. Шаңғымен еңеске түсіу.

Ылдиға түсу кезінде шаңғышының күші дененің қалпынауыстырып отыруға, тепе-теңдікті сақтауға, ауыстырып отыруға, жазық немесе жазық емес жерлерден өтуге және бағытты өзгертуге кетеді.Бұл әдіс қатты жылдамдықта орындалатын болғандықтан, шаңғышыдан батылдық, тапқырлық, күштілік, жылдамдық және тепе теңдікті сақтау талап етіледі.қозғалыс кезіндегі шаңғымен бұрылу жазық жерлерде аяқты көтеріп қою арқылы ылдиларда аяқты кезегімен қою арқылы және қатар келе жатқан екі шаңғымен қисаю арқылы бұрлыстар орындалады.

Аяқты кезегімен қойып бұрылу жазықтау еңістер мен тегіс жерлерде орындалады.бұл барлық бұрлыстардың ішінде ең бір жылдамдықты көбейтетін бұрылыс.

3.Конькише жүріс

Аттап басу арқылы бұрылуды үйрену немесе сырғанауда күшалып жылжуды жеңілдететін конькише жүріс бұрыннан жақсы мәлім және шаңғы спорты тәжірибесінде қолданылады.

4.Өрге шығу әдістері.

Өрге сырғанап шығу кезінде алма-кезек адымдап жүру тәсілімен салыстырғанда, кеуде көп еңкейеді адым ұзындығы аздап азаяды,қолмен итеру әрекеті бір мезгілде аяқпен күш салып жылжу әрекетіне сай келеді.қолмен аяқ қимылында амплитуда азаяды. Шаңғышы осы кезде бірден күш салыжылжу аяқталысымен, тағы қолмен сермеп ,аяқпен итеріп, алға жүреді.бір қолдың жұмысы уақытыекінші қолмен итеріп жүру әрекетіне үйлеседі, сол үшін төбенің тіктігі артқан сайын шаңғышы таяқа сүйенеді.

Шаңғы және шаңғы таяғын іріктеп алу кестесі.

Дененің ұзындығы

150

155

160

165

170

175

180

185

Дене салмағы кг

40

45

50

55

60

65

70

75

Шаңғының ұзындығы,см

180

190

195

200

205

210

215

220

Таяқтың ұзындығы,см

110

115

120

125

130

135

140

145

IV. Үйге тапсырма. Ауыспалы жүріс, бір мезгілде бір адымды жүріс техникаларын үйреніп келу. Бағалау.

Ақтөбе облысы, қандыағаш қаласы №4 орта мектеп

Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Нурбек Нургалиев



© 2010-2022