Еңбек түбі - береке еңбек күніне арналған сайыс

Раздел Физкультура
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Еңбек түбі - береке" еңбек күніне арналған сайыс


Эстафеталық сайыс.
Құрметті әріптестер бүгінгі еңбек күніне байланысты «Еңбек түбі - береке» атты эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызды бастамас бұрын «Ақбота» балабақшасының директоры ----------------------- сөз кезегін береміз.

Жүргізуші: Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Береке болсын ұжымда - деп ортамызға педагог қызметкерлер мен тәрбиешілерді қарсы алайық.
Жүргізуші: Енді сайысқа қатысушылардың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1.___________________________
2.___________________________
3.___________________________

Жүргізуші: Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1) «Мергендік» сайысы
2) «Кенгурумен секіру» сайысы
3) «Ептілік» сайысы
4) «Ойлан тап» сайысы
5) «Тез қимылда» сайысы
6) «Арқан тарту» сайысы

Ендеше I - бөліміміз «Мергендік» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Едендегі кругтан - кругқа қос аяқтап секіріп, соңғы кругтың ішінде тұрып, жердегі уақ допты алып, шелекке лақтырып салу.
(Құралдары: Кругтар, шелек - 2, уақ доптар).
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы I - ші бөлімнің бағасын берейік.
Жүргізуші: Бір, екі, үш,
Шынығайық қане біз.
Жүгір, секір қалыспай,

Жарысайық бәріміз - деп II - бөліміміз «Кенгурумен секіру» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Кеглилер арасымен кенгуру арқылы секіріп, межеден айналып қайту.
(Құралдары: кеглилер, кенгуру добы).
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы осы сайысымыздың бағасын берейік.
Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мығымдылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Қай топтың ептілігін анықтайық -

деп «Ептілік» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Сөреде тұрған шелектен үлкен қасықпен суды, келесі жақта тұрған шыны ыдысқа тасу керек. Суды төгіп алмауы керек. Су өлшенеді.
(Құралдары: Шелек, су, үлкен қасық, сызғыш).
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы «Ептілік» сайысының бағасын берейік.

Жүргізуші: Ақыл - ой парасаты,
Ой көгіне жүгінеді.
Еңбектенген жұмысын,
Өз ісіне жарасады - деп

«Ойлан тап» сайысына кезекті береміз.
Ойын шарты: Кеглилер арасымен жүгіріп кезекпен - кезек межеде тұрған тапсырмаларды орындау.
Жүргізуші: Осы «Ойлан тап» сайысындағы тапсырмалардың бағасын берейік.

Жүргізуші: Әрі қарай «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Орналастырылған тунельдің арасынан еңбектеп өтіп, жердегі қапшықпен межеден айнала секіріп, кері тунельден өту.
(Құралдары: Геометриялық пішіндер, қапшық).
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы «Тез қимылда» сайысының бағасын берейік.

Жүргізуші: Ең соңғы сайысымыз «Арқан тарту».
Ойын шарты: Екі топ мүшелері арқанның 2 жағынан ұстап, өз топтарына қарай арқанды тартады.
Жүргізуші: Ең соңғы сайысымыздың қорытындысын берейік.
Жүргізуші: Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз,
Жеңілсек біз жеңілдік деп жасымаймыз.
Жығылсаң жер көтереді деген екен,
Реніш, өкпелеуге қосылмаймыз - деп әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Осымен бүгінгі еңбек күніне байланысты эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Қош сау болыңыздар!



© 2010-2022