Тоғыз құмалақ. Ойын тарихы. Ережесі. Ойын ерекшеліктері

                          Сабақтың мақсаты: Сауықтыру: ұлттық ойындар арқылы оқушылардың денсаулығын жақсартып, өмірлік маңызды қимыл бейімділіктерін   қалыптастыру: Білімдік:  ойын барысында табандылық, ұстамдылық,сабырлық, жеңіске деген құлшыныс  қасиеттеріне баулу; Тәрбиелік: шәкірттерді өмірге, еңбекке және Отанқорғауға даярлауға, қызмет етуге тәрбиелеу.              Керекті құрал-жабдықтар: тоғызқұмалақ тақтасы, тақта,бор.                                                       Сабақтың түр...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тоғыз құмалақ. Ойын тарихы. Ережесі. Ойын ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Сауықтыру: ұлттық ойындар арқылы оқушылардың денсаулығын жақсартып, өмірлік маңызды қимыл бейімділіктерін қалыптастыру:

Білімдік: ойын барысында табандылық, ұстамдылық, сабырлық, жеңіске деген құлшыныс қасиеттеріне баулу;

Тәрбиелік: шәкірттерді өмірге, еңбекке және Отан қорғауға даярлауға, қызмет етуге тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: тоғызқұмалақ тақтасы, тақта,бор.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: айту, көрсету, үйрету.

Сабақтың барысы:

І Дайындық бөлімі 8 - 10 минут.

Сәлемдесу. Түгендеп шығу. Өткен тақырыпты еске түсіріп, жаңа тақырыпты таныстырып өту.

ІІ Негізгі бөлімі 30 - 32 минут.

Тоғызқұмалақ - әлемдік мәдениетінің озық үлгерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.

Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарачай-Черкесия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Амыриканың Нью-йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын кеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ ойынынан жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық, жастар мен жасөспірімдер арасында, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді. 8 жыл ішінде бұл жарысқа Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысып үлгерді.Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.

Басты мақсат - адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Тоғызқұмалақ ойының Кодексі осыған негізделген.



Тоғызқұмалақ ойынының ережелері.

1. Тоғызқұмалақ партиясы екі ойыншының арасының арасында ойналады, олар «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнайы тақтада ойын ережелерінің негізінде құмалақтар арқылы кезектесіп жүріс жасайды. Ақ түсі бар ойыншы партияны бастайды. Ойыншы қарсыласы жүріс жасағаннан кейін, жүру құқығына ие болады.

2. Әрбір ойыншының мақсаты - партияны жеңіп шығу, яғни өз қазанына тезірек 81-ден көп құмалақ жинап алу, не болмаса қарсыласының жағында бірде бір құмалақ қалмай, ал зқазанында 81-ден аз құмалақ саны болатындай жағдайға келтіру.

3. Егер екі ойыншы да 81 құмалақтан жинап алса, ойын тең аяқталады.

Бастапқы позиция

1. Тоғызқұмалақ тақтасы тең екі бөлікке бөлінген де, он сегіз тік және екікөлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында тоғыз отау және ұтып алынған құмалақтар салынатын бір қазан орналасқан. Тақтаның тең екі бөлігінің әрқайсысында отауларды нөмірлеу солдан оңға қарай (1- ден 9-ға дейін) жүргізіледі. Отаулардың атаулары: 1 - арт, 2 - тектұрмас, 3 - ат өтпес, 4 - атсыратар, 5 - бел, 6 - белбасар, 7 - қандықақпан, 8 - көкмойын, 9 - маңдай. Әр ойыншының қазаны қарсыласының жағында орналасқан

2. Тақтаның қағазға түскен бейнесі - диаграмма деп аталады.Диаграммаларда торкөздердің 1-ден 9-ға дейінгі нөмірлі төменгі жартысын және оның жанында орналасқан отауды ақтардың орналасуы деп, ал жоғарғы жартысын қаралардың орналасуы деп есептейді. Ойын (партиялар) басталмас бұрын әр ойыншының отауларында 9 құмалақтан барлығы 81 құмалақ болады. Орда (тоғызқұмалақ) тақтасындағы құмалақтардың бастапқы позициясы мынадай:

қаралар қазаны

9 8 7 6 5 4 3 2 1

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

1 2 3 4 5 6 7 8 9

ақтар қазаны

ІІІ Қорытынды бөлімі 3 - 5 минут.

Сабақты қорытындылау.

Бағалау. Үйге тапсырма: ойынның тарихын білу.



© 2010-2022