Оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру

Оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру        Қай заманнан болмасын өзіне тән экономикалық саяси әлеуметтік және идеологиялық ерекшіліктері болатыны баршамызға айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы мен ерекшіліктері бар. Соның бірі спорт пен дене тәрбиесі.      Дене тәрбиесі мен спорттың маңызын арттыруды ойластыру елімізде сауықтыру жұмыстарының түрлері мен әдістері ұсынылған. Сондай мүмкіндіктердің бірі бала жастан қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын ойнауға жатты...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру

Қай заманнан болмасын өзіне тән экономикалық саяси әлеуметтік және идеологиялық ерекшіліктері болатыны баршамызға айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы мен ерекшіліктері бар. Соның бірі спорт пен дене тәрбиесі.

Дене тәрбиесі мен спорттың маңызын арттыруды ойластыру елімізде сауықтыру жұмыстарының түрлері мен әдістері ұсынылған. Сондай мүмкіндіктердің бірі бала жастан қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын ойнауға жаттықтыратын тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалану мақсатына қарай дене қимыл сапасын және дене қабілетін жан - жақты дамыту көзделген.

Қасақстанның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен айналысуға тарту үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет екендігі еліміздің негізгі заңында көрініс тапқан. Ата Заңның 24 және 29 - баптарында азаматтардың демалуға және денсаулығын сақтауға құқы бар екендігі атап айтылған.

Жастардың денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін дамыту - мемлекеттік маңызды іс. Өйткені елдің егемендігін сақтау, оның экономикалық мүмкіндігін арттыру көп жағдайда халықтың саулығымен және рухани тазалығымен айқындалады.

Дене тәрбиесін оқыту әдістерін қайта қарау оқушылардың денесін шынықтырып, салауатты азаматтықты шыңдап қалыптастыруды терең ой елегінен өткізуді талап етеді. Әлемдік тәрбие нақты білім, сапалы көрсеткіштер, адамға қажетті іскерліктер мен дағдылар жоспарлы оқу - үйрену нәтижесінде келетіндігін көрсетіп отыр. Осы нәтижелерге жету үшін мектептерге дене шынықтыру пәнін енгізген.

Дене шынықтыру пәні оқушыларды жан - жақты үйлесімді дамытып жетілдіреді, денсаулығын сақтап нығайту үшін мектеп оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардың алдына мынандай мақсаттар қояды:

- оқушылардың денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру;

- жаттығулар мен ойындар туралы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керекті гигиеналық талаптарды орындай білу;

- қимыл қозғалыс негіздерін орындау техникасының дұрыс негізін қалап, балалардың жалпы икемділігін арттыру;

қимыл сапаларын жетілдіріп, дене құрылысын дұрыс қалыптастыру;

- өз денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, тиімді жасауға үйрету;

- жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне әуесқойлығын арттыру.

Бұл мақсатқа жетуге: мектепте дене шынықтыру сабақтары мен денені сауықтыру жұмыстары, сабаққа дейінгі гимнастика, үлкен үзілісте жүргізілетін жаттығулар мен ойындар және үйірмелер ұйыдастырып жүргізіледі. Жыл сайын оқу жылының аяғында 5 - 9 - 11 сынып оқушыларынан Президенттік тест алынып отырады.

Дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру, баланың қимыл белсенділігін анықтау, сабаққа енгізудің тиімділігі, негізінен мұғалімнің беделі мен сабақ жоспарын қалай іске асырады және оқушылардың дайындығына байланысты. Екінші жағынан сабақтың методикалық тиімді де, қызықты өтуі мұғалімнің біліміне байланысты. Мұғалім сабақ өрнегінің түрін сақтай отырып, сабақтың әр бөлігіндегі өткізілетін жаттығулар оқушыларды қызықтыратындай және олардың өз инициатавасымен орындайтынында болуы, оқушы белсенділігін үнемі назарда ұстауы қажет. Дене шынықтыру сабақтары жалпы белгіленген құрылыммен - кіріспе, негізгі және қорытынды болып үш бөліммен өткізіледі.

Сабақтың кіріспе бөліміне 10 - 15 минут беріледі. Бұл бөлімде оқушыларды ұйымдастыруға, олардың назарын алдыңғы орындалатын жаттығуларға дайындыққа бағытталады.

Сабақтың бұл бөлімінде сапқа тұрғызу, жүру, жүгіру және жалпы дамыту жаттығулары, төменгі сыныптар үшін күрделі емес ойындар өткізіледі. Мұғалім бұйрықтың нақты орындалуына, жүру және жүргізу барысында ара - қашықтықты сақтай білуіне баса назар аударуы керек. Дене жүктемесін бағдарлама көрсеткіштеріне сәйкес

және оқушылардың сырттай жас ерекшеліктеріне қарап отырып реттеу керек.

Жалпы дамыту жаттығуларын жоғарыдан төмен қарай орындау ретімен ереже бойынша орындалады. Алдымен мойын, иық, сосын кеуде, бел, арқа бұлшық еті, содан кейін аяқтарға қатысты жаттығулар орындалады.

Сабақтың негізгі бөліміне 25 - 30 минут беріледі. Сабақтың «негізгі бөлімі» - сабақтың мақсатын орындау.

Бұл бөлімде сабақтың негізгі мақсаты орындалатын күні бұрын сабақты өткізетін орын, снарядтар, басқа да керекті құрал - жабдықтар дайындалады. Мұғалім өз тақырыбына байланысты қимыл - қозғалысты дамытуға жаңа бағдарлама материалын өту, әр сынып оқушыларының жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес қозғалыс дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру мақсатында өткен жаттығуларды қайталайды. Бұл бөлімде сабақтың тиімділігінің негізгі тәсілдерінің бірі сабақ үстінде, гимнастика, спорт ойындары, жеңіл атлетика сабақтарында жаңа тапсырмалар өткенде оқушылардың мүмкіндігі болғанша көбірек топқа бөлу керек. Сонда оқушылар кезекті көп күтпей берілген жаттығуларды тез және дұрыс орындайды.

Сабақтың тиімділігі негізінен оны өткізудегі методикалық тәсілдеріне байланысты. Әр жаттығуды орындағанда оның қаншалықты пайдасы бар екенін оқушылар біліп отырса, оқушының белсенділігі артады және оқушылар орындайтын әр жаттығудың дененің қай мүшесіне қалай әсер ететінін біліп отырса, оқушылардың спорттық шеберліктері шыңдала түседі.

Сабақтың негізгі түрлеріне үйретуде оқушыларды ұйымдастыру және үйлестірудің бірнеше түрлері мен әдістері қолданылады.

- Кезектесіп жасау әдісі - жүру мен жүгіруді кезектестіру жаттығуларында, соның ішінде жылдамдыққа, биіктік пен ұзындыққа екпінімен секіргенде, акробатикалық сабақтарда қолданылады.

- Ауыспалы әдіс - өрмелеуге, лақтыруға, акробатикаға үйретуде қолданылады. Бұл әдісті орындау барысында сынып оқушылары бірдей тапсырмалар орындайды, бірақ жаттығу техникасы мен дене мөлшеріне қойылатын талаптар жас ерекшеліктеріне қарай қойылады.

- Топтық әдіс - сабақтың негізгі бөлімінде қолданылады, өйткені әр топқа өтілетін тақырыпқа байланысты жеке - жеке тапсырма немесе жаттығулар беріледі. Мысалы: 9 - сыныптағы жеңіл допты ұзақтыққа лақтыру (150г) тақырыбындағы сабағымда дайындық бөлімінен өткеннен кейін негізгі бөлімде оқушыларды үш топқа бөлдім. І - топ оқушыларына лақтыру жасап үйренуі, ал ІІ - топ оқушыларына қысқа секіртпемен секіру жаттығулары, ІІІ - топ жүгіріп келіп жеңіл допты ұзақтыққа лақтырып жаттығады. Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар жаттығуларын аяқтап, әр топ бір - бірімен орын ауыстырып басқа тапсырмаларды орындауға көшеді. Топтық әдіс шарттарының бірі жаттығулар түрлерін жүктемемен ұтымды үйлестіру болып табылады.

Қорытынды бөліміне 5 - 3 минут беріледі.

Бұл бөлімде оқушылардың ағзасын бастапқы қалпына келтіру, жүру барысында тыныс алу жаттығулары, төменгі сыныптар үшін күрделі емес қарқындылығы аз ойындар ойнатып, үйге тапсырма беріледі. Үйге берілген тапсырманың орындалуын сабақта үнемі тексеріп жақсы орындаған оқушыларға баға қоя отырып, оқушының сабаққа қызығушылығын артырып отыру қажет.

Оқушының дене шынықтыру сабағына белсенділігін арттыруға баланың бойындағы қимыл белсенділіктің артуы тек жаттығу орындау арқылы ғана емес, оқушыларға баға қоюдың негізгі принциптерін орындау арқылы орындалады. Оқушылар үлгерімін бағалау жалпы педагогикалық принципке сүйенгенмен,басқа пәндермен салыстыруда дене тәрбиесі пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Дене шынықтыру пәнінен оқушының үлгерімін бағалағанда, негізінен әр оқушының қабілеті мен мүмкіншілігі есепке алынады. Яғни кейбір оқушылар берілген жаттығуларды орындауға толық мүмкіншілігі бар, бірақ оны орындайын деген қабілеті, тиянақты көңілі болмайды. Тағы бір оқушылар болады, дене даму жағынан әлсіз, күш - қуаты төмен, басқалармен салыстырғанда қанша қабілеті болғанмен, берілген жаттығуларды орындауға мүмкіншілігі бола бермейді,

бірақ ол өзіне берілген жаттығуды орындауға тырысады. Оқушының осындай ынтасын және өзіне деген сенімділігін дамыту үшін , оның бойындағы қабілетін ашу үшін ол оқушыға ынталандыру бағалары мен ауызша мадақтау жасауға болады.

Дене шынықтыру мұғалімдері төмендегідей мәселелерге баса көңіл аударғандары дұрыс.

1 Өткен оқу жылындағы оқылған бағдарламалық материалдарды оқушылардың жақсы біліп, орындай алу және осы жұмысты орындаудағы жіберілген кемшіліктерді жою.

2 Сабақты қазіргі заманның талабына сай өткізе білу. Дене шынықтыру сабақтарында балаларды оқытудың, яғни оқушылардың жаттығуларды дұрыс орындауының тиімді жолдарын қарастырып және пайдалану.

3 Мұғалімнің негізгі міндеті оқушылардың білімін дұрыс бағалай білу. Баға оқушылардың сабақтағы үлгеріміне қойылады, яғни оқушылардың сабақтағы инициативасы және үйге берілген тапсырманы орындау ескеріледі.

4 Оқушылардың дене тәрбиесі сабағында және сабақтан тыс уақытында спортпен шұғылданғанда гигиеналық талаптарды орындауға, спорттық жарақаттануын болдырмауына аса көңіл аудару.

5 Тек сабақта ғана емес, сондай - ақ, сабақтан тыс уақытта да спортпен шұғылдану әрбір оқушының, өзінің жеке басының ғана емес қоғамдық міндеті деп оқушыларға түсіндіру.

Дене шынықтыру пәнін оқытуда мұғалімдерге сабаққа қажетті құралдарының жетіспеушілігінен көптеген қиыншылықтар кездеседі. Мектептегі жалпы дене тәрбиесі жүйесі болашақ жеткіншектердің тек денсаулығын сақтау мақсатында ғана жүргізілмей, оқушылардың жан - жақты дамуының негізгі кепілі. Демек, дене тәрбиесі жұмысы дұрыс жолға қойылу үшін ең әуелі сабаққа қажетті құрал - жабдықтар жеткілікті болуы, сабақты қызықты да, оқушылар үшін тиімді өту. Сабақ тиімді өту үшін сабаққа керекті құрал- жабдықтар жеткілікті болуы, мұғалім әр сыныптың бағдарламасын жақсы білуі керек, сонда ғана

мектепте дене шынықтыруға байланысты оқу - тәрбие жұмысы өзінің нәтижесін береді.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен болады бақытты өмір» - деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндеті - бастапқы білім берумен қатар жан - жақты жарасымды, жүйелі интеллектуальды рухани тәрбие беру және оқушылардың денсаулығын мықты етіп өсіру болып табылады.

Кененбаев Ғани Самидинұлы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№228 орта мектеп

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.


© 2010-2022