Қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тартыс»

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық ойындары.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:Халқымыздың әдет-ғұрып,

салт-санасынан мәліметтер бере

отырып, ұлттық ойындардың ойналу

жолдарын үйрету.

2. Дамытушылық:Қимыл- қозғалысын сапасын дамыту.

3. Тәрбиелік:Оқушылардың икемді, жылдам,

шымыр болып өсуге,

ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Ұлттық эстафеталық сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:көрсету, түсіндіру, үйрету

Құрал - жабдықтар:ысқырғыш, арқан, түйілген орамал.

Сабақтың мазұны

уақыты

Әдістемелік нұсқаулар, ескертулер



12 3 4



5



6

7

І Дайындық бөлімі

Ұйымдастыру кезеңі. Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Кезекшінің баяндауы. Сабақтың мақсатымен міндеттерін түсіндіру. -бұрылыстар «оң-ға, «сол-ға» «ай-нал»,

Алға жүру

Саптағы орындалатын жаттығулар -қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. - қолды белге қойып, өкшемен жүру, - қолды алға-артқа 4 санға айналдыру.

Жүгіру, бірқалыпты, жылдам жүгіру - тіркеме адымдап оң, сол бүйірмен қолды алға артқа айналдырып жүгіру. Жүгіру, бірқалыпты, жылдам жүру - тіркеме адымдап оң, сол бүйірмен қолды алға, артқа айналдырып жүгіру,-тізені биік көтеріп жүгіру -аяқты артқа көтеріп жүгіру, - арқамен жүгіру, - жәй жүгіру, - қолды белге қойып жартылай отырып жүгіру,-толық отырып жүгіру.

Жалпы дайындық жаттығулары

  1. Қол алдыда, әр санақта саусақты ашып жұму Қолды жонға түсіріп, жоғары көтеру.

  2. Аяқ иық деңгейінде, қол белде 1 - алға еңкею, 2 - бастапқы қалып, 3 - оңға иілу, 4 - бастапқы қалып, 1 - шалқаю, 2 - бастапқы қалып, 3 - солға иілу, 4 - бастапқы қалып.

  3. Аяқ иық деңгейінде, қол белде. 1-4 белді оңға, солға айналдыру.

  4. Қолды алға созып тұру.

1. Сол аяқты сермеп оң қолдың

ұшына тигізу.

2. Бастапқы қалып.

3. Оң аяқты сермеп, сол қолдың

ұшына тигізу.

5. Оң аяқ алда, сол аяқ артта, қол белде

1-2 оң аяқты бүгу, 3-4секіру аяқ

ауыстырып сол аяқты бүгу.

6. 1-қолды жоғары көтеріп шалқая

керілу, 2- алға иіліп қолдың ұшын

еденге тигізу, 3-қолды алға созып

отыру, 4- бастапқы қалып.

12-15 мин

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, дене киімдеріне көңіл аудару

Жүрісті сол аяқпен бастау

Денені тік ұстау


Ара қашықтықты сақтау


Сол иықтан алға қарауды ескерту


Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау



Денені тік ұстау

Алға иілгенде тізені бүкпеу

1



2

ІІ. Негізгі бөлім

Ұлттық ойын. «Арқан тартыс».Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізушінің командасы бойынша ұзындығы 8-10м арқанды бірінің артынан бірі қос қолдап тартысады.

Ойынның мақсаты - қарсыластың бір немесе бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу.

Ойнаушылардың өзара келісімдері бойынша ойынды қайталап ойнауға болады.

«Түйілген орамал» бұл баскетбол ойынына ұқсас. Ойын жүргізушіойынды өзі бастайды. Ең алдымен ойнаушылар өзінің айналасына жинап алып, «бір, екі, үш» деп дауыстап санайды. Осы кезде ойнаушылар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалы бар ойыншыны ғана қуады. Ол ойыншы ойын жүргізуші жете бергенде қолындағы ормалды басқа ойыншыға лақтырады. Орамалды қағып алған ойыншы алдындағыдай басқа балаға лақтырады. Осылайша ойын жүргізуші түйілген орамлды қолына түсіргенше ойын жалғаса береді. Ойын белгіленген шеңбердің ішінде ғана өтеді, сыртқа шығып қашуға болмайды.

25-27 мин




Ойын ережелерін сақтауларын қадағалау.



Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

1 2 3

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Оқушылардың жетістіктерін айтып бағалау

Үйге тапсырма беру

(Ұлттық ойын түрлерін үйреніп келу)





5 мин

Тыныштық сақтап киініп шығуларын ескерту, қадағалау.



© 2010-2022