Планирование Толағай 4 сынып

Раздел Физкультура
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Планирование.

"Толағай"

Мақсаты: балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, ата-аналармен байланыс қалыптастыру, түрлі спорттық ойын түрлерін еркін ойнауға үйрету, спортқа қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтына бейімдеу және ептілікке, төзімділікке, шапшыңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Доп, ысқырық, шар, арқан, себет, кегли

Бас төреші: Жадауов Т.

Көмекшілер: Сүйіндікова Г.

Үнбаев Қ.

Мұғалім:

Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толарсың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Чемпион болу оңай ма?

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

  • Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Бүгінгі «Толағай» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі шараға 4-5 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысқалы отыр.

Тәуелсіздік деген - әр халықтың, әр мемлекеттің ең зор бақыты мен асыл арманы.

Тәуелсіздік деген - қазақтың қолындағы жол бастар, жолын ашар шамшырағы. Қазақ болашағы мен қуанышы.Барлығы да осы тәуелсіздік пен елдікте жатыр.

Біз ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз. Тәуелсіз елдің білімді, байыпты, саналы да салауатты, дені сау азаматымыз. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

  • Сонымен ортаға көңілді спорттық жарысқа қатысқалы отырған отбасыларды таныстырайын.

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Спортты ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Спортшы отбасыларды шақырамыз.

4 «А» «Қыран» тобы

4 «Ә» «Жалын»

4 «Б» «Тұлпар»

  • Енді көңілді жарысымыздың әділқазылармен таныс болыңыздар.

1. Тәрбие жөнінің орынбасары: Жұмағалиева С.

2. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Тілеубергенов Ж.

3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Оспан Е.

Командалар мынадай сайыс түрлерінен сынға түседі:

1. Әр жерге қойылған кеглирді жинау

2. Допты кедергілер арасынан аяқпен алып жүру

3. Бетпе - бет, екеуден қарама - қарсы тұрып, маңдайларынан допты қыстырып кедергілер арасынан өтіп, қайту

4. Баскетдоп, әкеснің қолындағы себетке доп салу

5. Рикша, ата-ана баланы көтеріп кедергілер арасымен жүріп өту және қайту

6. Арқан тартыс

(Төреші көмекшілер әр сайыс шартын түсіндіріп, көрсетіп отырады)

Қазылар алқасы дайын болғанша ата-аналармен тілдесу

1. Бүгінгі сайыс ұнады ма?

2. Сізге қай сайыс қиындық туғызды?

3. Сізге қай ойын ерекше ұнады?

Спортқа берік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген,

Сайысқа баға беріңіз, - дей келе сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

І орын «Қыран» тобы

ІІ орын «Жалын»

ІІІ орын «Тұлпар»

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен болады бақытты өмір» деп сыршыл ақын М.Жұмабаев айтқандай әрбір адам денсаулыққа негізделген біліммен қарулануы керек.

Тәуелсіз елдің ертеңгі, жарқын болашақ ұрпақтары терең білімді, дену сау азамат болуы керек. Сайысымыздың өтуіне демеушілік білдірген 4 сынып оқушылары ата-аналары мен ұстаздарына алғысымыз шексіз!

Осымен «Толағай» спорттық сайысымыз аяқталды.

Марапаттарыңыз құтты болсын!











№2 мектеп - гимназия













«Толағай» спорттық сайыс




Өткізген: Т.Жадауов










2015 жыл

© 2010-2022