Баяндама Дене тәрбиесінің көкейкесті мәселелері мен оны шешу жолдары

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Дене шынықтыру және спорт

мұғалімі -Мамаев Ерлан Бораншыұлы,

Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы,

«Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта

мектебі» ММ


Дене тәрбиесінің

көкейкесті мәселелері мен оны шешу жолдары.

Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкесті қабылданған өңірлік дене тәрбиесі және спортты дамыту бағдарламаларына көз жүгіртетін болсақ, әр кезеңдегі осы саладағы жетістіктер өте көп екендігі айқын. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, спорт және дене тәрбиесімен айналысатын халық саны тұрақты түрде көбеюде. Спортпен айналысушылар санымен қоса, осы салада қызмет ететіндер саны да көбейіп, білімді мамандар саны да артуда.

Сонымен қатар дене шынықтыру және сауықтыру мен спорттық-көпшіліктік шаралар көптеп өткізіліп, осы шараларға қатысушылардың саны да көбеюде. Жыл сайын әртүрлі ұйымдарда кешенді спорттық шаралар өткізіліп, осы шараларға қатынасушылар саны жылма жыл артып келеді.

Дене шынықтырудың материалды-техникалық базасы нығайтылып, спорттық ғимараттарда көптеп салынуда, бірақ бұл ғимараттар халықтың сұранысын қанағаттандырмауда. Оқу орындарында, кешендерде спорттық керек-жарақ жоқ немесе қазіргі кезді талаптарына сай емес.

Ауыл тұрмақ қаланың орта білім беретін ұйымдарының өзінде спорттық керек-жарақпен қамтамасыздануы қанағатсыз. Бірақ мемлекет тарапынан осы керек-жарақтарға деген сұранысты қамтамасыз ету әрекеттері іске асырылуда, мысалы: 2009-2010 жылдары Қостанай облысы ауылдарында шаңғы, гимнастикалық снарядтар мен тренажерлер жоқтың қасы немесе ескірген бірен-саран жарақ болды деп айтуға болатын болса, қалаларда жабдықталу 55%-ды құрады да, тек 2011 жылдан бастап ауыл мектептері осындай керек-жарақпен қамтамасыз етіле басталды. [1, 1-3,б.]

Қостанай облысы оқушылары дене тәрбиесінің көкейкесті мәселелеріне тоқталатын болсам, осы саланың дамуына кедергі келтіріп отырғандар, мына мәселер:

1) саланың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі. Дене мәдениеті мен спорттың материалдық-техникалық базасының күйі жай спортпен шұғылданушылар мен жоғары біліктіліктегі спортшыларды қанағаттандырмайды. Көптеген спорттық ғимараттар техникалық жетілдірілген пайдалану нормативтеріне сәйкес емес, оқыту-жаттықтыру мен жарыстар өткізу ережелеріне, қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмауы.

  1. Дене шынықтыру мамандарының біліктілігінің төмендігі немесе жетіспеушілігі. Қазіргі уақытта жас, әрі білікті мамандардың жетіспеушілігі, спорттың даму қарқынына сай емес. Балалар және жасөспірімдерге арналған спорттық мектептерде арнаулы білімі бар мамандар өте аз. Аудандардағы құрама командалар мен, еңбектік ұжымдардағы дене шынықтыру топтарымен жұмыс жасайтын жоғары білікті мамандардың болмауы.

  2. Жеткілікті деңгейдегі халықтың дене тәрбиесіне деген белсенділігінің нәтижесінде жүрек пен тыныс алу жүйелері ауруларының көбейіп, өмір ұзақтығының қысқаруы [3, 2б.]. Мектептерде, оқу орындарында спортпен шұғылдануда оқушылар мен жасөспірімдер денсаулықтарына байланысты арнаулы топтарда дене шынықтырумен айналысады.

    1. Жасөспірім және балалар спортының нашар дамуы.

Осындай көкейкесті спорттың дамуына кедергі болып отырған жағдайлар бар. Егер осы мәселелер шешілетін болса, дене тәрбиесі мәселесінің шешілетіні айқын. Көрсетілген көкейкесті мәселелерді шешіп, Қостанай облысынындағы спорт пен дене тәрбиесін дамыту үшін мынадай жолдар ұсынбақпын:

  • Осы саланың қажеттілігіне сай материалдық-техникалық керек-жарақпен жылына бір рет емес, тозуына байланысты жаңартып, қамтамасыз етіп отыру;

  • өңірдегі дамып келе жатқан спорт түрлерінің құрама командаларын даярлауға жағдай жасап, олардың өңіріміздегі спорттық сайыстарға қатынасуына мүмкіндік тудыру ;

  • арнаулы мамандардың дайындығының сапасын арттыру және осы саладағы жоғары біліктілігі бар мамандармен қамтамасыздау;

  • салауатты өмір салтын халыққа қажеттілік деп насихаттап, балалар мен жасөспірімдерді жастайынан спортпен дене тәрбиесімен айналысуға баулу әдіс-тәсілдерін жетілдіру;

  • жоғарғы деңгейдегі спортшыларды даярлау мақсатында спорттық клубтар ұйымдастыру;

  • спорттық-көпшілік, дене шынықтыру және сауықтыру, спорттық іс шараларды өткізу, жүргізудің түрлерін халықаралық деңгейдегі спортшыларды өсіріп даярлау мақсатында дамытып жетілдіру;

  • жасөспірім және балалар спорт мектебі жүйелерін дамытып, мектеп жасындағы балалардың спортпен шұғылдану пайызын жоғарылату;

  • жоғарғы көрсеткіші бар балалардың республикалық және халықаралық сайыстарға қатынасуына мүмкіндік тудыру;

  • өсіп келе жатқан жеткіншектердің рухани және дене тәрбиесінің маңызды құраушысы ретінде спорт пен дене шынықтыруды насихаттау.

«Терең ойлы саясаткер» атанған елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы жылда халқымызға жарялайтын жолдауларында спорт мен дене тәрбиесіне аса маңызды орын бөледі. 2012 жылдың қаңтарындағы жолдауынды «халықтың денсаулығың жақсарту, оның ішінде спорт кешіндерің толық пайдалану және халыққа қол жетімді қылу» және «бапкер жұмысына спорттық мектептерді тәмәмдап, дене тәрбиесін алған түлектерді шақыру» деп бөліп көрсетсе [2, 1 б.], «Қазақстан-2030» стратегиясында қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. Сонымен қазіргі кездегі спорт мен дене шынықтыру саласын дамытудағы басты әрі көкейкесті мәселе екендігін көрсетіп отыр, және осы мәселелерді шешу үшін жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру арқылы шешуге болатындығы анық.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақстан-2030» Стратегиясы.

  2. Қазақстан Республикасында 2007-2011 жылдарда дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2006.

  3. Қазақстан Республикасының елбасының халқына жолдауы. 27 қаңтар 2012 жыл. Астана.

  4. «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы. 1999 ж.


© 2010-2022