«Тіл бірлігі-бақытты елдің болашағы»

Тақырыбы:  «Тіл бірлігі- бақытты елдің болашағы».   Мақсаты: 1. Оқушылардың өз халқының тілін, туған жерін білуге, сүюге,  қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. 2. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға жетілдіру. 3. Туған тілдің қадірін білу, сол жолда өз еңбек, ерлік істелмейтінін ұғындыру. Көрнекілігі: тіл туралы жазылған қабырға газеті, мультимедиялық проектор. Іс - шараның барысы: 1-й ведущий: Сәлеметсіздер ме, осы  колледж  ұстаздары мен оқушылары! 2-й ведущий: Здравств...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КГУ «Атбасар ауданы, Атбасар қаласындағы

№ 1 Индустриалдық - техникалық колледжі »КММ

Тақырыбы: «Тіл бірлігі- бақытты елдің болашағы».

«Тіл бірлігі-бақытты елдің болашағы».

Мәнерлеп оқу сайысы



Өткізген: Хамза З.К.

.

2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: «Тіл бірлігі- бақытты елдің болашағы».

Мақсаты:

1. Оқушылардың өз халқының тілін, туған жерін білуге, сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

2. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға жетілдіру.

3. Туған тілдің қадірін білу, сол жолда өз еңбек, ерлік істелмейтінін ұғындыру.

Көрнекілігі: тіл туралы жазылған қабырға газеті, мультимедиялық проектор.

Іс - шараның барысы:

1-й ведущий: Сәлеметсіздер ме, осы колледж ұстаздары мен оқушылары!

2-й ведущий: Здравствуйте уважаемые преподаватели и учащиеся колледжа! Жители необъятного Казахстана!

1-й ведущий: 22- қыркүйек Қазакстан Республикасы халықтарының тілдер күні ! бүгінгі іс-шарамыздың тақырыбы «Тіл бірлігі-бақытты елдің болашағы».

2-йведущий: 22 сентября - это общий праздник для всех народов Казахстана.

Мы рады приветствовать вас на нашем внеклассном меропиятий в конкурсе чтецов посвященная к дню языков народа Казахстана «Единство языков - будущее счастливой страны».

1-й ведущий: Туған тілім тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін

2-й ведущий: Язык- есть исповедь народа,

В нем слышится его природа,

Его душа и быт родной.

1-й ведущий: Құтты болсын бәріне ,

Тілдер күні - мереке!

Қазақстан жеріңде,

Болсын бірлік, береке!

2-й ведущий: Родной язык!

Он с детства мне знаком,

На нем впервые я сказал «мама»

На нем клялся я в верности упрямой,

И каждый вздох понятен мне на нем.

1-й ведущий: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық.

2-й ведущий: Атеперь давайте поприветствуем наше многоуважаемое жюри:


  1. Методист-Березина Наталья Анатольевна

  2. Мастер п/о- Санияз Нургуль

  3. Психолог-Федорова Тамара Владимировна

1-й ведущий: Народ кто твёрдо понимает, что мир к содружеству рука, где человек, бесспорно, уважает обычаи других и выбор языка.

Как уважаю я язык своей отчизны, считая долгом в совершенстве его знать, историю и быт народной жизни через него удастся мне познать.

Объединяет много наций Казахстан и президент наш утверждает «Нужно чтоб был один язык народов разных стран, и это, несомненно - язык Дружбы!»

Ән: Бабурина Татьяна «Менің елім».

1-й ведущий: Ұлы ақын, жазушы, батырымыз Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген екен. Осы сөздерге айғақ болып, дәлелдеп сайысымызды бастайық.

2-й ведущий: Итак, давайте перейдем к конкурсу. Эпигрофом мы взяли великолепные и самое главное, точные слова критика и писателя Н.Г.Чернышевского: «Гибок, богат и при всех несовершенствах прикрасен язык каждого народа ».

1-й ведущий:

Екінші курс студенті: 1.Ярош Сергей

АРДАҚТА, АНА ТІЛІҢДІ!

(Ахмет Байтұрсынұлы монологы)



Балғын ұрпақ, жолыңа нұр тіледім,

Аулақ болғай сендерден мұң сілемі.

Ана тілін қорсынар кейбіріңнен

Жәбірленіп, жаныммен түршігемін.

Көшкен елмен өмірдің күн шуағын,

Кейде ауыр ойлардан тұншығамын.

Ана тілім - қасиетім жырымдағы,

Тілім бітсе, халқымның құрығаны.



Сәлем саған, жас буын жалғастарым,

Болашақта сендермен жалғасамын.

Тек жалғасам қазақтың тілі арқылы,

Ана тілін ауадай ардақтағын!

Сақтар болсаң халқыңды - тілді сақта,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса!

Ә.Сәрсенбаев

Екінші курс студенті: 2.Бельдий Сергей

СОЛ ТІЛМЕНЕН ДҮНИЕНІ АТТАДЫМ

Сол тілменен дүниені аттадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,

Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.

Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,

Талайлардың көз жастарын құрғаттым.

Сол тілменен аспан көрдім, жер көрдім

Сол тілменен көгершінге жем бердім.

Сол тілменен дүниеден кетемін,

Сол тілменен дүниеге мен келдім.

С.Мәуленов

Бірінші курс студенті: 3.Зарипов Рустам

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың ...

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен - тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

М.Жұмабаев

Бірінші курс студенті: 4.Зенгриевская Регина

АНА ТІЛІМ

Ана тілім -Анам тілі болғаннан,

Ана тілім - Бабам тілі болғаннан,

Далам тілі, Балам тілі болғаннан,

Арғы-бергі Заман тілі болғаннан ...

Темірқазық жұлдызым деп ұқтым мен,

Жаза басып,Жаңылыссам жолдардан,

Бағыт сілтеп,Бағдарымды оңғарған!

Тірлігімнің,Бірлігімнің нәрін мен

Жұтар ауам,Ішер суым, дәміммен -

Тіл деп ұқтым,Тіл деп ұқтым бәрін мен

Құдыретті тәңірден!

Жалғасқанда жақсылықтың жолы аман,

Дүние - думан,Шалқып - толқып толар ән.

Сырым - жырым,Әнім - күйім, Зар - мұңым,

Қуанышым - бұла күшім,

Таң нұрым -Бабам тілі, Анам тілі, бол аман!

Е.Зікібаев

Бірінші курс студенті: 5. Евмененко Вероника

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,

Құлап жаттым құшағында көк мұздың.

Қасіретімді қазақ тілін қанат қып,

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

Көкірегінен атылса да оқ күздің,

Жаз етіп мен күздің өзін өткіздім.

Шаттығымды қазақ тілін қанат қып,

Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

С.Мәуленов

Бірінші курс студенті: 6.Ласкавая Кристина

АНА ТІЛІМ

Ей, туған тіл! Ата-анамның бал тілі!

Көп нәрсе ұқтым дүниеден туған тілім арқылы.

Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған,

Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам.

Ей, туған тіл! Ертелі-кеш қуатыңмен өзіңнің,

Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндім.

Ей, туған тіл! Туған тілде тілек айттым мың рет,

Ата-анамды, мен пақырды жарылқа деп, құдірет!

Ғ.Тоқай.

Бірінші курс студенті: 7.Маликов Дмитрий

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын;

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста,

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

/Мені мұндай бақытты жаратар ма!/

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

М.Мақатаев

Бірінші курс студенті: 8. Фарзалиев Самит

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Қазақ тілі

Ғұндарға дағы,сақтарға дағы,

ақ сүтін берген арман тіл,

атқанда дағы,шапқанда дағы

қансырап аман қалған тіл.

Жоңғардың сұсы, шүршіттің мысы

еңсесін баса алмаған,

жүрегін шоқып қырсықтың құсы

соңынан қалмай сарнаған.

Өрт шалған тудай жаралы тілім,

желбіреп желмен шалқыдың,

қақ жарып шығып, даланың түнін,

жусан мен қымыз аңқыдың.

Фарабилер мен Бейбарыстардың

өсиеті де өзіңде,

Махамбет сынды жолбарыстардың

қасиеті бар сөзіңде.

Бабалар өзі байытқан тілім:

«шұбарладың деп сен мені»,

бұйырар болдың айыпқа бүгін,

парықсыз біздей пендеңді.

Қайғыға қалай бауыр баспайын,

ертерек туып,кеш қалсам

күлкімді мұңға айырбастаймын,

ана тілімді еске алсам.

«Құрыған тіл!» - деп табандағанның,

деймісің кетпес түгі де,

тілімді сонша жамандағанның

шоқ түсер әлі тіліне.

Ұ.Есдәулет

Бірінші курс студенті: 9. Мукашев Батырбек

Сүйемін туған тілді - анам тілін

Сүйемін туған тілді - анам тілін

Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жүргенде-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен «құлыным, жаным» деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген,

«Апа» деген сүйгендік сөз әм менен.

Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,

Сол тілменен дінді әдетті мен жаттадым.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Тілімде әдебиет, жаныма азық,

Әм болардай көңілге намыс - қазық.

Терең ойлар, дүниеге қарастар бар,

Қанекей сынап байқап, тапшы жазық.

С. Торайғыров

Бірінші курс студенті: 10.Кньязева Дарья

Үйрен ана тіліңді

Үйрен ана тіліңді

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.

Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.

Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,

Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.

Перзентісің еркін, азат халықтың,

Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

О.Асқар

Бірінші курс студенті: 11.Эккерт Ника

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ РУХЫНА

Қасиет атаулының барлығы да

Халықтың кірігеді нарлығына ...

Өзіңді ұйпаса да өрттей тағдыр,

Артыңда тот шалмайтын қалды мұра.

Ана тіл ғылымының Абайысың,

Туғандай ұрпақтардың талайы үшін.

Сақтаған жүрегінің күмбезінде

Туған ел сені өлімге қалай қисын?!

Ғұлама, халық жанды ғазиз бабам!

Халқыңнан бір сәтің жоқ ажыраған.

Келесің өлмей жасап, шырақшы боп,

Ана тілі - асыл жиған қазынаға.

Алуан алыс-жақын көршіміз де

Сыйлаған, қызыққан да өршіл ізге:

Сен - Адам-Академия! Сахарада

Тарихтың бұйырғаны еншімізге!

Аққудай қайта қондың Ақкөліңе,

Қазақтың қайта отырсың қақ төрінде!

Бірінші кластықтар жазып жатыр:

"Әділдік", "Ақиқат" деп дәптеріне!

М.Әлімбаев

Екінші курс студенті:12.Чибатарь Татьяна


АНА ТІЛІМ

Ең алғаш осы тілде «Апа!» дедім,

Сол сөзді тілдің басы атар едім.

Анасын алласынан бұрынырақ

Аялап ауызға алған ата-тегім.

Өзіңнен менің нем бар жасырғандай?

Білерсің жасық не зат, асыл қандай!

Мен тұңғыш өлең жаздым осы тілде,

Бір қызға емшем құрып, есім қалмай.

«Бөпем!» деп өзіңді алғаш, көкем менің,

Өптім де, осы тілде мәпеледім.

Өзіңнің осы тілде тілің шығып,

Тәтті үнмен тұңғыш мені

«Әке!» - дедің.

Бұл тілде көңіл айттым қаралыға,

Бұл тілде мұңым шақтым саналыға.

Туған тіл - тынысың да, тірлігің де,

Жарықтың жұмылмайтын жанары да!


Екінші курс студенті:13. Медведева Кристина

Ана тілі

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,

Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.

Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,

Жалғастырып жаза берем мәңгілік.

Екінші курс студенті:14. Шауалиева Сандуғаш

АНА ТІЛІМ, КҮМБІРЛЕ САРАЙЫМДА!

Тілін білген Абылай, Абайым да,

Құдырет берген ана тіл талай ұлға.

Қасиетті сол тілдің арқасында

Ерікті ел боп алысқа қарайын да.

Ана тілім, күмбірле сарайымда!

Тағдырым, даралама тілден мені,

Тіл - елмен қауыштырар іргемдегі.

Тіл - елмен табыстырар алыстағы,

Аспандатар жердегі жүрген мені.

Тілмен өрлер мерейім өрлесе де,

Тілсіз бақытын басынан ел кешер ме?

Тілер едім таусылса ақтық демім,

Жерлеңдер деп тілменен жерлесең де...

Ерекше бір сән беріп көшке бүгін,

Келе жатыр жаңғырып өшкен үнім.

Ана тілім рухымды көтереді,

Самал тербеп тұрғандай текше гүлін.

Бәлкім, дарыр жаныңа сенің де өнер,

Сонда ғана бір жүгім жеңілденер.

Қара бұлттар айығып аспанымнан,

Күңгірт тартқан жан дүнием көңілденер.

Ана тілмен сомдалар тыныстағы үн,

Ана тілді мен дәйім пір ұстадым.

Ана тілдің жолында ұғын, балам,

Садақа ғой

Даңқ пен күміс тағың!..

М.Айтхожина

1.Көрініс. «Асыл мұра» сомдайтындар І-ІІ курс студенттері.
Сахна сыртында Махамбет:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Ерлердің ісі бітер ме. . .
(Батыр отырған баланың қасына келеді. Бала әдеппен иіліп сәлем береді).

Бала Құрманғазы: Армысыз аға?
Махамбет батыр: Қай ұлансың, қарағым?
Бала Құрманғазы: Мен, Қызылқұрт Сағырбайдың баласы Құрманғазымын.
Махамбет батыр: Көзіңде өшпес жалын бар, болғалы тұрған ұлмын де, иә!
Қабырғасын сөксе де қайыспас қайсар нар болатын түрің бар ұлым!

Бала Құрманғазы: Өзіңіз кім боласыз аға ?
Махамбет батыр: Мен де, ұлан, мен болам,
Ағатай -беріш ел болам,
Исатайдың серігі,
Ел жұртым деп жанымды
Шүберекке түйген ер болам
Халық жауы хандардың,
Қарны жуан билердің
Басын кессе-дер болам, , ,
Жайықты малға толтырып
Халыққа теңдік әперсем-
деп, арманға қол созған,
Махамбет батыр мен болам!

Бала Құрманғазы : Ақын аға Махамбет, мені өзіңмен ала кет,

Батыр: Жоқ қарағым, ертерек, қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған. Әзірге жассың, ертерек! Мынау не қарағым?

Бала Құрманғазы: Домбыра жасап алмақпын, ел кегін егіз шектен еңіретіп төгетін.

Батыр: Мақұл, балам, әзірге қош. (батыр кетеді, бала Құрманғазының орнына шал

Құрманғазы келіп отырады. Жәймен күй ойнап тұрады. )
Қария Құрманғазы: Айналайын, қыз да болсаң мұрамды ұстарлық болып туыпсың. Көп жаса , қызым, көп жаса!
Жан шошыр бастан өтті талай майдан,
Шыққан жоқ атқан оғым терең сайдан.

Екпінді кек күш беретін,

Ұл туар дәл өзімдей ана қайдан.
Бұл тартқаның қандай күй?

Дина қыз: Бұл күйді «Көбік шашқан» деп атайық, ата.

Құрманғазы: Тауып айттың, қарағым. Күйдің аты «Көбік шашқан» Атың кім шырағым.

Дина қыз: Атым Дина,

Құрманғазы: Мерейлі бол, Динажан, мен кек күйшісі, Құрманғазымын. Тәрбиешім-Махамбет ақын-Исатай ердің серігі. Мұрамды саған тапсырдым, халыққа жеткіз күйімді.
(домбырасын Динаға ұсынады)

Дина қыз: Егер де маған, атажан, шынымен сеніп берсеңіз, кек ұрандас күйіңізді халыққа ойнап беруге жас жүректен ант етемін( тізерлеп отырып домбыраны сүйеді).

2.Темирбаева Шолпанның орындауында -Домбыра (күй)

3. Бабурина Татьяна «Атамекен»

1-й ведущий: Сайыста көптеген тақырыптар көтерілді. Өздеріңізге көптеген мәлімет алған шығарсыздар деп ойлаймыз. Сіздерді осы Тілдер күніне арналған, мәнерлеп оқу сайысына келгендеріңізге көп рахмет.


© 2010-2022