Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ Бөренеде тепе-теңдік жаттығулары

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ Бөренеде тепе-теңдік жаттығулары. Теректі ауданы

Подстепный ауылы

Дене шынықтыру пәнінің I санатты

мұғалімі Кусайнов Нурлан Сагингалиұлы

Сабақтың тақырыбы: Бөренеде тепе-теңдік жаттығулары.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға бөренеде орындалатын жаттығуларды түсіндіру,көрсету және өздеріне орындата отырып,ептілікке,шапшаңдыққа,батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтетін орны: Спорт зал

Керекті құрал-жабдықтар: бөрене,төсеніш,ысқырық т.б.

Сабақтың мазмұны

Жүктеме

мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

I

Дайындық бөлім.

Оқушыларды қатарға тұрғызу.

Сәлемдесу.Кезекшінің мәлімдемесі.Сбақтың мақсатын түсіндіру.Құралсыз орындалатын құралдар жиынтығы.

Сабақтың негізгі бөліміне дайындық..

Түзел.Тік тұр! Оң-ға бұрыл!

Залды айналып алға қадам бас!

Жай жүгіріспен жүгір.Жүгіріп келе жатып жаттығу жасаймыз.

10 мин

Қатардағы тұрысты және спорттық киімге назар аудару.


Екі қол жанында,қол түзу

1

Қол белде аяқты алға сілтей жүгіреміз.Аяқтың ұшымен түсу керек.

Ара қашықтықты сақтау.Тізе бүгілмейді.

2

Қол желкеде аяқты артқа сілтей жүгіру.

3

Қолды алға ұстап тізені көтере жүгіру.

Тізені көтере жүгіру керек

4

Қолды артқа ұстап өкшені көтере жүгіру

Өкшені қолға тигенше көтеру.

5

Оң жақ бүйір алда!

6

Сол жақ бүйір алда!

7

Аяқты айқастыра жүгіру.

Би адымдарын қолдану.

8

Адымдап жүру.

Орнында тұрып жасалатын жаттығу.

Бір,екіге сана.

Бірлер орында.

Екілер екі қадам алға бас!

1-жаттығу: Б.Қ.Н.Т.

Аяқ иықтың тұсында саусақтар айқастырылған қол төменде.

1.Қолды жоғарыға көтереміз.Аяқтың ұшымен тұру.

2.Осы бағытта оңға қисаямыз.

3.Қайта жоғары тұрамыз.

4.Б.Қ. келу.

Б.Қ.Н.Т. кеуде түзу,қол төменде

1.Қолды жоғары көтереміз.Аяқтың ұшымен тұру

2.Осы бағытта солға қисаямыз.

3.Қайта жоғары тұрамыз.

4.Б.Қ. келу.

2-жаттығу .Б.Қ.Н.Т.

1.Оң тізені жоғары көтеріп екі қолмен құшақтау.

2.дегендеБ.Қ.келу

3.Сол тізені жоғары көтеріп екі қолмен құшақтау.

3-жаттығу.Б.Қ.Н.Т.

1.Қол жоғарыда

2.Еңкейіп қолды аяққа алып барамыз.

3.Қолды алға созып отырамыз.

4.Б.Қ.қайта келу.

4-жаттығу Б.Қ.Н.Т.

1.Екі қол жоғарыда,оң аяқ бір қадам алға.

2.Б.Қ.қайта келу.

3.Қол жоғарыда, сол аяқ бір қадам алға.

4.Б.Қ. қайта келу..



2 рет

2 рет


4 рет

4 рет


4 рет

4рет

Сол аяқтан алға қадам бас.


Кеуде түзу

Аяқ орнында кеуде түзу

Еркін тұру,тізе бүгілмейді.

Аяқ орнында

Кеудеге дейін көтеру

Аяқты еркін дұрыс көтеру.

Кеуде түзу

Тізе бүгілмейді.

Санақ бойынша орындау

Тізе бүгілмейді.

Қолды жоғары созу керек

Кеуде түзу

II

Негізгі бөлім

28-30 мин




1

Тепе -теңдік сақтау жаттығулары көп жағдайларда батылдыққа,өзіне деген сенімділікті,тапқырлықты,сабырлықты,зеректілікті,табандылықты және зейін қоя білуді дамытады.Тепе-теңдік сақтау жаттығуларын екі түрге бөлуге болады,олар бір орында тұрып жаттығу орындау және қозғалыс үстінде жаттығу орындау.Тепе-теңдік сақтау жаттығулары гимнастикалық орындықта , дөңгелек және төртбұрышты бөренеде гимнастикалық баспалдақта орындалады.

Шаршаған кезде тепе-теңдік жаттығуларын орындауға болмайды.

Бөренеде тепе-теңдік жаттығулары.(қыз балалар)

Бөрененің үстінде алға бір аяқты төмен түсіріп барып,осы бағытта артқа қайту.




Екі қол екі жанда төмен түсіретін аяқты түсіңкіреу керек.

2

Ортаға дейін барып бір аяқты алға созып екі қолды жанға созып,отырып тұру.Келесі аяқты алмастыру.

Алма кезек орындау

Тепе -теңдікті сақтап құламауға тырысу.

3

Бөрененің үстінде «Қарлығаш» бейнесін көрсету

1 рет

Көтерген аяғы кеуде,бас түзу бір сызықтың бойында болуы керек.

4

Бөрененің үстінде жүріп бара жатып қолындағы допты жоғары дәл үстіне тура лақтырып кейін қағып алу.

Алға ,артқа жүру

5

Бөрененің үстінде секіргішпен секіріп жүру.

Алға жүру

Аяқтың ұшымен нық түсу

Осы тақырыпқа байланысты эстафеталық ойын.Қыздарды екі топқа бөлу.

Белгі бойынша бірінші оқушы мәреден жүгіріп бастап гимнастикалық скамейканың үстімен жүгіріп өтіп,белгілі жерге барып секіргішпен 5 рет секіріп,кейін қатты жүгіріп қайтады.Екінші оқушының алақанына алақанын тигізеді,сол кезде екінші оқушы жүгіріп дәл осындай жаттығуды қайталайды.Үшінші,төртінші боп осылай жалғаса береді.Соңғы оқушы қай топтан бұрын келсе,сол топ жеңіске жетеді.

1-2 ге сана.Берілген белгіеі ұқыпты тыңдау.Жүгірген кездеәрі шапшаң,әрі ұқыпты болу керек.Жаттығуларды орындаған кезде епті болу керек.Келесі оқушы алақанына тимей мәре сызығынан шықпау керек.

III

Оқушыларды қатарға тұрғызып сабақ барысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді айтып ескерту.Үйде қайталанатын жаттығулар.Оқушыларды бағалау.Сабақты аяқтау.

5 мин


45 мин

Қатарда дұрыс тұра білу.Оқушыларға берілген тапсырма ескертпелерді тыңдай білу.



© 2010-2022