Баскетбол. Допты оң, сол қолмен айдау

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дене шынықтыру пәнінен

8 «Б» сыныбына арналған

ЖОСПАР-КОНСПЕКТ

Мұғалімнің аты-жөні: Сайлауов Абай Сайлауұлы.

Сабақ өтетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Допты оң және сол қолмен және қозғалыста алып жүру.

Сабақтың мақсаты: -білімділік: А). Допты оң және сол қолмен және қозғалыста алып жүруді үйрету. Б) Баскетбол әдісімен қимыл ойынын эстафета түрінде ойнату.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Балалардың баскетбол сабағына қызығушылығымен ерік-жігерін қалыптастыру. Балалардың дене күшінің нығаюы мен жан-жақты жетілуіне жақсы нәтижеге қол жеткізу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Балалардың ой-өрісін, қимыл-қозғалысын, бойындағы ептілік, шалттық, байқампаздық,төзімділік, дәлдік қасиеттерін дамыту, арттыру. Баскетбол элементтерінен тұратын қозғалмалы ойындарды үйрету.

Пән аралық байланыс: Б. Ә. Д.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, буклеттер,слайд,дене шынықтыру кітабы.

Сабақтың әдісі: Көрсету, түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Баскетбол доптары, кеглилер, ысқырық, секундомер.

Сабақ өтетін орын: Спорт зал.

Сабақтың барысы:

Сабақ

Бөлімі

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік

Нұсқаулықтар

І


10-15

минут






10-15

минут











ІІ

Бөлім



20-25

минут



20-25

минут













ІІІ

Бөлім

3-5

Минут

Ұйымдастыру кезең

А) Оқушыларды сапқа тұрғызу;

Ә) Кезекші мәліметін тыңдау;

Б) Оқушылармен сәлемдесу;

В) Оқушыларды түгендеу;

Г) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру;

Саптық жаттығулар

«Оңға қарап түзел тік тұр!» «Еркін тұр!» «Оңға бұрыл!»«Солға бұрыл!» «Артқа бұрыл!» «Бір орында тұрып адым бас!» «Тоқта!» «Бір,екі,үшке саналу» арқылы, бір қатардан үш қатарға тұру, үш қатардан бір қатарға тұру. «Оңға» залды айналып бір саппен жүру;

Жүріп жасайтын жаттығулар

А) Қолды жоғары соза,аяқтың ұшымен жүру;

Б) Қол желкеде, өкшемен жүру;

В) Қолды екі жанға соза, аяқтың сыртқы қырымен жүру;

Г) Қол белде, аяқтың ішкі қырымен жүру;

Д) Қолды алға соза, жартылай отыра жүру;

Е) Қолды тізеге қойып,толық отырып жүру;

Ж) Қолды артқа айналдыра,қос аяқпен секіру;

З) Спорттық жүріспен жүру;

Жүгіріп жасайтын жаттығулар

А) Аяқты алға соза жүгіру;

Б) Тізені жоғары көтере жүгіру;

В) Өкшені алақанға тигізе жүгіру;

Г) Аяқты жанға бүге жүгіру;

Д) Қолды жанға көтере,оң,сол қапталмен жүгіру; Е)Қолды алға,артқа айналдыра оң,сол қапталмен жүгіру;

Ж) Артпен тез жүгіру;

З) Жылдам жүгіру;

Секіру жаттығулар.

И) Оң аяқпен жоғары секіре жүгіру;

Й) Сол аяқпен жоғары секіре жүгіру;

К) Қос аяқпен алға секіре жүгіру;

Л) Тыныс алу жаттығулары;

Жалпы дене дамыту жаттығулар

-Үш қатарға тұру;

а) б.қ. аяқ иық мөлшерінде, қолымыз белде,1-4 санға басты оңға 1-4, солға айналдырамыз;

ә) б.қ. қол иықта, 1-4 алға, 1-4 артқа айналдыру;

б) б.қ. аяқ иық мөлшерінде, қолымыз белде,1-4 санға иықты алға, 1-4 артқа айналдырамыз;

в) б.қ. аяқ иық мөлшерінде, қол кеуде тұсында 1-2 қол бүгулі артқа сермеледі, 3-4 қол жазылып, артқа сермеледі;

г) б.қ. аяқ иық мөлшерінде оң қол белде, сол қол жоғарыда, 1-2 оңға қисаямыз, 3-4 қолды ауыстырып солға қисаямыз;

д) б.қ. н.т 1 аяқтың ұшына тұрып, қолды жоғары созамыз. 2 қолды аяқ ұшына тигізіп иілеміз, 3 қол алға созып отырамыз, 4 тұрамыз б.қ;

е) б.қ аяқ алшақ, 2 қол алдыда, 1 оң аяққа отырамыз,3 сол аяққа ауысамыз, 4 б.қ.;

ж) б.қ. аяқ иық мөлшерінде, қол тізеде, тізені 1-4 ішке, 1-4 сыртқа айналдырамыз;

з) б.қ аяқ арасын қосып, отырып тұру;

д) б.қ.қолды бүгіп жазу;

Негізгі бөлімге көшу.

Оқушыларды бір қатар сапқа тұрғызып,жаңа сабақты жақсылап түсіндіріп және көрсетіп аламын.Допты оң және сол қолмен және қозғалыста алып жүру әдіс-тәсілдерін,эстафеталық жарыс арқылы үйретемін. Оқушыларды санамақ арқылы үш топқа бөлемін.

♦ Допты кеуде тұстан беру және қабылдау.

а) допты кеуде тұсында ұстайды,шынтақ төменде,қолды алға жылжытуға байланысты доп алға қарай ұшады,осылай беру қолдың толық түзелуімен аяқталады.

ә) допты ұстау үшін қолды алға созу керек.Ұшып келе жатқан допты қолмен түйіскен кезінде қол сәл бүгіледі,доп денеге жетпей тоқтатылады.

Мақсаты: оқушылардың тез іс-қимыл әрекет жасауына, дер кезінде әріптесін аңғаруына,допты дәл беріп үйренуіне қол жеткізу.

Нәтижесі: оқушылар шалттықты, тез қимылды, допты тез беру және дәл беруге, допты тез ұстауға және қайтып беруге үйренеді.

♦ Допты оң қолмен алып жүру.

а) оң қолмен допты алып жүргенде, допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады. Алып жүргенде саусақтардың жеңіл қимылымен допты төмен итереді. Допты шоршуын күтіп, қол төмен ұсталады.Сонан соң оны доппен бірге жоғары көтеріп, допты қайтадан төмен қарай саусақпен итереді.сол аяқ жарты қадамдай ілгері қозғалады. Допты жүгіріс кезінде алып жүгіруді орындау.

Мақсаты: оқушылардың тез іс-қимыл әрекет жасап,допты оң қолмен алып жүруді үйренеді.

Нәтижесі: ойында допты оң қолмен алып жүру, қорғаушының қарсы қимылын жеңуге септігін тигізетінімен маңызды.

♦ Допты сол қолмен алып жүру.

А) сол қолмен допты алып жүргенде, допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады. Алып жүргенде саусақтардың жеңіл қимылымен допты төмен итереді. Допты шоршуын күтіп, қол төмен ұсталады.Сонан соң оны доппен бірге жоғары көтеріп, допты қайтадан төмен қарай саусақпен итереді.оң аяқ жарты қадамдай ілгері қозғалады. Допты жүгіріс кезінде алып жүгіруді орындау.

Мақсаты: оқушылардың тез іс-қимыл әрекет жасап,допты сол қолмен алып жүруді үйренеді.

Нәтижесі: ойында допты сол қолмен алып жүру, қорғаушының қарсы қимылын жеңуге септігін тигізетінімен маңызды.



♦ Бағана арасымен допты оң,сол қолмен алып жүру.

а) Оқушылар бағана арасымен бұрылыс жасап, допты оң және сол қолмен тез және жылдам алып жүру.

Мақсаты: оқушылардың тез іс-қимыл әрекет жасап,допты оң және сол қолмен бағана арсымен бұрылыс жасап алып жүруді үйренеді.

Нәтижесі: ойында допты оң және сол қолмен алып жүру, қарсылас ойыншыларды тез алдап кетуге көп септігін тигізеді.

♦ Бағаналардан айналып допты алып жүру.

а) Қатар - қатар тұрған бағаналардан оқушылар,әр бағанадан допты еденге соғу арқылы айналып өту.

Мақсаты: оқушылар допты еденге соғу арқылы айналып жүруді үйренеді.

Нәтижесі: ойында допты оң және сол қолмен еденге кезек соғу арқылы айнала алып жүруге, қарсылас ойыншыларды тез алдап кетуге көп септігін тигізеді.

♦ Мергендер сайысы.

а) Себетке допты орында лақтыру: доп кең жайылған саусақтарда, бастың үстінде болады. Алақан алға қаратылады. Ойыншы себетті көздей отырып, аяқпен кеудені тіктеп және қолды бір мезгілде жоғарыға толықтай жазылғанша сермейді.

Мақсаты: оқушылар бір орында тұрып себетке доп тастауды үйренеді.

Нәтижесі: ойында оқушылар айып добын себетке лақтыруға көп септігін тигізеді.

Бүгінгі сабағымыздағы жеңіске жеткен командаларды анықтау. Женіске жеткен командаларды марапаттау. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларды жекелеп атап айту.

Қорытынды бөлімге көшу.

-Оқушыларды сапқа тұрғызу;

- Денені қалыпқа түсіру жаттығуларын орындау;

- Сабақтың қорытындысын хабарлау;

-Үйге тапсырма беру;

- Оқушылармен қоштасу рәсімін жасау;

2- минут


1-минут


3-минут



3-минут



5-минут

5-6 рет

5-6 рет

5-6рет

5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет

15 рет

10 рет


1-минут



10-12

минут













10-12

минут






3-5

минут

Оқушылардың спорт киіміне,тәртібіне,

Денсаулығына көңіл

бөлу.

Берілген команданы дұрыс орындауын көңіл бөлу,

қадағалау.


Денені созу.

Денені тік ұстау.

Қолды тік ұстау.

Аяқты сәл бүге.

Арқаны тік ұстау.

Толық отыру.

Жоғары секіру.

Аяқ жамбас буындарын қозғау.

Аяқты алға созу.

Тізені жоғары көтеру

Өкшені толық тигізу.

Аяқты жанға бүгу.

Аяқты сәл бүге.

Қолды толық айналдыру.Оң иыққа қарап жүгіру.

Биік секіре жүгіру.

Қолды белге қойып.

Демді ішке тартып, ауызбен дем шығару.

Көзді жұмбай айналдыру.

Иықты толық айналдыру.

Қолды толық сілтеу.

Қолды толық жазу.

Белді толық айналдыру.

Қолды толық жазу.

Иілген кезде, тізе бүгілмейді,

Қолды түзу ұстаймыз. Денені

Тік ұстаймыз.

Аяқты толық кереміз.

Тізені толық айналдыру.

Өкшені көтермей отырып тұру.



Оқушыларға сабақты түсіндіру.

Оқушылардың арақашықтықтары 3 метр қарама-қарсы екі қатарға тұрғызу керек. Жұптасып доп беру кезінде қолдың,саусақтардың белсенді серпілуін қадағалау керек. Допты ұстаған кезінде саусақтар толық ашылуын, қолдың алдыға созылған қалпын сақтау талап ету.

Оқушылардың допты дұрыс алып жүруіне көп мән беру керек.Допты ұстап алып жүгіруне болмайтынын қадағалап айтып отыру қажет.



Оқушылардың допты дұрыс алып жүруін қадағалау. Ақыл кеңестер беру. Допты ұстап алып жүгіруне болмайтынын қадағалап айтып отыру қажет.



Оқушылар бағана арасымен допты еденге соғып алып жүру кезінде допты бағанаға соқтырмай алып жүруін қадағалау.


Оқушылар бағана арасымен допты еденге соғып алып жүру кезінде допты бағанаға соқтырмай алып жүруін қадағалау.


Айып добын тастау кезіндегі сызықты баспай лақтыруын қадағалау.


Үй тапсырма мөлшерін тексеру,залдан бір саппен шығу.





© 2010-2022