Дені сау ұрпақ-ел болашағы

Раздел Физкультура
Класс 9 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:







« Дені сау ұрпақ-ертеңгі ел болашағы»

дарынды балалармен жұмыс



Дене шынықтыру пән мұғалімі: Тажиева Б Қ


Көкөзек ауылындағы орта мектеп


2015-2016 оқу жылы


Сабақ тақырыбы: Дені сау ұрпақ-ертеңгі ел болашағы.

Сабақ мақсаты:Мектептегі дене тәрбиесіндегі дарынды балалармен жұмысты таныстыру және салауатты өмірді насихаттау.

Сабақтың өтетін орыны: мектеп спорт залы

Қолданылатын көрнекіліктер: гимнастикалық төсеніштер, ысқырық, бокс қолғаптары, бас қорғауыш, секундомер, спорттық көрме бұрышы.

1.Дене тәрбиесі - дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.

Дене тәрбиесі сабағында біз жаттығушыларды, біріншіден, өмірге қажетті қимыл-әрекетке қозғалысқа үйретеміз. Ол - әрбір спорт түрлері жаттығуларының техникалары, жүгіру, секіру, лақтыру т.б. кеңістіктегі қозғалыс жаттығулары. Екіншіден, жаттығушылардың дене қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділіктерін дамытамыз. Үшіншіден, дене тәрбиесі мен спорт саласына қатысты әр түрлі теориялық білім береміз.

Дене дайындығы дегеніміз - әр түрлі әрекеттердің (әскери, спорт, өнеркәсіп) талабына сай дамытылған дене қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.

Ол жалпы және арнайы дене дайындығы деп бөлінеді.

Жалпы дене дайындығы - жалпы әр түрлі және бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.

Жалпы дене дайындығы - жалпы әр түрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.

Арнайы дене дайындығы дегеніміз - арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.

Дене қуатының дамуы - адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әр түрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.

Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге бағытталған өнер түрі. Спорт көпшілік спорты және жоғарғы жетістіктер спорты деп екіге бөлінеді. Жоғары жетістіктер спорты - жоғарғы көрсеткіштерге бағытталған жеңімпаздар, рекордшылар спорты. Көпшілік спорты - барлық адамдар қатыса алатын, қатысулар санына шек қойылмайтын спорт түрі. Мысалы, көп адамдар қатысатын кросс, шаңғы жарыстары т.б. Жоғары жетістіктер спорты: әуесқой және кәсіпқой спорт деп бөлінеді. Әуесқой спортшылар бір жерде жұмыс істеп, не оқып жүріп бос уақыттарында спорт түрлерімен айналысу арқылы бір жағынан жетістіктер, жоғары көрсеткіштер көрсету болса, екінші жағынан жұмыс түрі, олар күні бойы жаттығады, сол үшін ақша алады.

Денені тынықтыру - жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.

Денені қалыпқа келтіру - адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедуралары арқылы емдеу, қалпына келтіру.

Денені жетілдіру - адамның дене қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғарғы деңгейге жеткізу.

Бой қыздыру жаттығулары.

2.Дене туралы білім - адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.

денсаулық сақтау мен нығайту үшін әдістер, тәсілдер мен түрлерін білу;

-жеке физикалық жаттығулардың жүйелеу ережелер мен тәсілдерін жүйелерін жобалау.

-жаман қылықтар мен аурулар профилактикасында тірек белсенділігің сақталу мен қызмет ету мүмкіншілігінің дамуы, рационалды орынды тамақтану, еңбек пен демалу тәртібінің рөлін білу және түсіну.

Мектептегі дене тәрбиесі өнегелі әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттерімен бірге көмек көрсету, адалдыққа, өзін қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарауға, еңбекшілдікке ерік сапаларын қалыптастырып тәрбиелеуді қажет етеді.

Мұндай жағдайда оқушылар өздерінің мүмкіндіктерін арттырып өздерінің шығармашылығын дамытуға сезімі мол болып, ертеңге деген сенімі арта түседі.

Нәтижесінде ертеңге деген сені мол болашаққа сенімді маман мектеп қабырғасынан өз жолдамасын алады. Ендігі күрделі мәселе, қосымша білім алып дене тәрбиесі субьектісі ретінде жаңа талапқа сай функцияларын өзгерту мен тиімді амалдарды табу, жалпы дене тәрбиесі жұмыстарының жаңа тәсілдері мен әдістерін оларды ұйымдастыру қағидаларын анықтау шараларын жүзеге асыру міндеттері тұр.

Дене тәрбиесі - валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқадай еддерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы - адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған.

Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.

Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К.Д.Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті.

ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды.

Дене тәрбиесі адамның жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі. 1-3 жастағы балаларға арналған дене тербиесінің міндеті - балаларды гигиеналық күтімге алу, олардың дұрыс, уақытымен тамақтануын қадағалау, жас сәбилерді тазалыққа т.б. дағдыландыру. Мектеп жасына дейінгі (3-7 жас) балалардың дене тәрбиесі төзімділігін, қозғалғыштығьш, ептілігін қалыптастыруға бағытталған. Балалар бақшасында аптасына бір рет 20-30 минут арнайы жаттығулар, күн сайын таңертең 4-5 минут гимнастика өткізілгені дұрыс. Дене тәрбиесінің негізгі саласы - гимнастика, ол спорт және мектептен тыс жұмыс ретінде де жүргізіледі. Ендігі кезекте мектеп мақтаныштарының өнерлерін тамашалайық

3.

  1. Ортада «Қазақ күресінен» аудандық спартакияданың 72 кг салмақ дәрежесінде жүлделі II-орынды жеңіп алған ,10 сынып оқушысы : Рахметуллаев Нұрсұлтан және «Қазақ күресінен» аудандық спартакияданың 57 кг салмақ дәрежесінде жүлделі III-орынды жеңіп алған, 10 сынып оқушысы : Суанбеков Жандостың қатысуымен «Қазақ күресінің» айла тәсілдерін көрсету.

  2. Қазақстан Республикалық жасөспірімдер арасындағы «Каратэ-кику-шанкай» шығыс жекпежегі бойынша 40 кг салмақ дәрежесінде жүлделі III-орынды жеңіп алған, 6 «а» сынып оқушысы Аманғазы Сезімнің көрсетуімен «Каратэ-кику-шанкай» шығыс жекпежегінің элементтері.

  3. 2013 жылғы Алматы қаласы бойынша 1996 -1997 жылғы жасөспірімдер арасында өткізілген біріншілікте жүлделі III-орынды жеңіп алған 9 «ә» сынып оқушысы Шеризат Бағдаулеттің қатысуымен «бокс» элементтерін көрсету.

  4. 8 «в» сынып оқушыларының қатысуымен «Грек-Рим» күресінің элементтерін көрсету.

  5. 11 «а» сынып оқушылары Базарбаев Мадияр мен Калетов Ерболдың қатысуымен «Дзю-до» шығыс жекпежегінің элементтерін көрсету.

  6. Мектеп мақтаныштарының кубоктарымен мадақтама қағаздары, медальдарының көрмесімен таныстырып өту.


© 2010-2022