Допты қос қолмен жоғары лақтыру, шапалақтап қайта қағып алу

Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және физиологиялық қасиетін қалыптастыру.Мектепке дейінгі ересек жастағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:- дене шынықтыру;- валеология. Дене шынықтыруМақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жатт...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО.Теректі ауданы.Сары-өмір ауылы

.МКҚК «Өркен »балабақшасы.

Уразгалиева Жанылсын Балтабаевна.

МКҚК «Өркен» балабақшасы. Ересектер тобы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:-----------------------

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы :Допты қос қолмен жоғары лақтыру,шапалақтап қайта қағып алу.

Мақсаты:Балаларға допты қос қолмен жоғары лақтыртып,шапалақтап қайта қағып алуды үйрету . Денелерін шынықтыру, денсаулықтарын арттыру, орындық үстімен жүре білуге үйрету,ұйымшылдықпен ойнай білуге тәрбиелеу.

Билингвизм: доп -мяч.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету.

Көрнекілігі: Кеглилер.Доптар.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы





Ізденуші-ұйымдастырушы.







Шаттық шеңбері:

«Бойымызды жазайық!»

Тәрбиеші өлең жолдарын оқиды.

Күнге қарай қол созып,

Күннен жылу алайық.

Керіліп бір демалып,

Бойымызды жазайық!

Тәрбиеші:

-Балалар, қазір біздер сапқа тұрып үлкен залға барамыз.

I.Сапқа тұру.

2.Саппен залға бару.

3.Саппен жүру ережелерін орындау.

Денені қыздыру.

4.Жай жүру.

5.Жыланша жүру.

6.Аяқтың ұшымен жүру.

7.Жай жүгіру.

8.Терең демалу.

Балаларды бір қатарға тұрғызу.

Ғажайып сәт.

Есік қағылып залға аю кіреді.

Аю:Бұл не шу десем. Балалар сендерсіңдер ме?

Сәләматсыңдар ма?Не істеп жатырсыңдар?

Аю:

-Денені шынықтырған қандай жақсы.Мен қыс бойы апанымда ұйықтадым..Көктем келіп,күн жылынған соң далаға шықтым.Менде сендермен бірге денемді шынықтырып алсам бола ма?Әйтпесе қол-аяқтарым ауырып жүр.

Аю балалармен бірге жалпы дамыту жатттығуын орындайды.

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарны айту арқылы табиғатпен, бір-бірімен амандасады.





Балалар бір қатар сапқа тұрады.

Саппен жүру ережелерін орындайды.

Денелерін қыздырады.

Бір қатарға тұрады.

Сәләматсыз ба ?

Денемізді шынықтырып жатырмыз.



Денеңізді шынықтыруға болады.









II.Жалпы дамыту жаттығулары:

  1. 1) Аяқты созып отыру, қолды жоғары көтеру, оңға тербелеу, солға

тербелеу, қайта оралу. 5-6 рет.

2) Аяқтың арасын ашып, қол белде, қолды алға созу, аяқтың ұшына,

тізені бүкпей еңкейіп қолды тигізу, қайта алға созу. 5-6 рет.

3) Аяқтың арасы алшақ, қол арқада - алға қарай тізені бүкпей еңкею,

қайта оралу, 5-6 рет.

4) Аяқтың арасы алшақ, қол белде - оңға бұрылу, қайта оралу, солға

бұрылу, қайта оралу. 5-6 рет.

5) «Қояндарша секіреміз» - аяқты бірге, қол бүгулі кеудеде -

секіру. 7-8 сек.

  1. Еркін тыныс алу - шеңбер болып жүру - қолды көтеру-дем алу, қолды төмен түсіру-дем шығару.

IV.Негізгі жаттығу:

Балалар біз бүгін доппен жасалатын жаттығуды үйренеміз.

Аю:балалар менде сендермен бірге үйренсем бола ма?

Ол үшін бірінші допты қос қолмен жоғары лақтырып үйренеміз.

Енді балалар негізгі жаттығуымызды үйреніп алайық.

2.Допты қос қолмен жоғары лақтырып,шапалақтап қайта қағып алуды үйренді.

V.Қимылды ойын:

«мерген.»

Мақсаты: Ойын тәртібін дұрыс сақтай білуге үйрету. Бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Шапшаңдыққа баулу.

Аю:балалар сендер менің денемді шынықтыруға көмектестіңдер.Доппен жатттығу жасауды үйреттіңдер.Сендерге көп рахмет.Сендерге арналған сыйым бар.

-Балалар бұл сыйлықты бөлмеге апарып жейсіңдер.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.







Негізгі жаттығуды үйренеді.





Балалар жауабы.

Негізгі жатттығуды ережесіне сай үйрену.

Ойын тәртібін мұқият тыңдайды.

Қимылды ойынды қызығушылықпен, ұйымшылдықпен ойнайды.



Рахмет.

Жетекші-жөндеуші



Тәрбиеші балаларға дене қимыл жаттығуларының денсаулық үшін маңызын ұғындырып, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Белсенді қатысқан балаларды мадақтап, үлгі тұтады.Салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Қорытындылау.

Балалар түрлі қимылдар жасап, бойлары сергиді.

Ойынға деген, дене шынықтыру іс-әрекетіне деген ынталары мен қызығушылықтары арта түседі.

Күтілетін нәтиже:

1.Білуі: Саппен жүру ережелерін біледі.

2.Меңгеруі:Допты қос қолмен жоғары лақтырып,шапалақтап қайта қағып алуды үйренді.

3.Жасай алуы: Өмірлік маңызды қимылдарды орындайды.



© 2010-2022