Тоғызқұмалақ ойын тарихы, ережесі және мақсаты

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ойын тарихы, ережесі және мақсаты

Бейбитов Сайлау Алабергенович - Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейдің дене шынықтыру мұғалімі

Мақсаты: а)Оқушылар бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

б) Тоғызқұмалақ өнерінің өміршеңдігін түсіндіру.

Көрнекі құралдар: Республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар топтамасы, тоғызқұмалақ спортына арналған әдебиеттер және жарыс жөніндегі хабарландырулар ( афишалар) жиынтығы.

Мәтіні: Тоғызқұмалақ ойынының сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай 4 мың жылдық тарихы бар. Оны түркі тілдес халықтардың ішінде: Қырғыз, Өзбек, Қазақ, Қарақалпақ, Түрік және Алтай елдерінде ойнайды.

«Тоғызқұмалақ» ойыны көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол - тірі тарих.

Тарихты білу тектілікке саналады. Бабаларымыз ұрпағының білекті де, жүректі болуымен қатар ақылды болуына да қатты алаң болған. Сол себепті де осы өнерді дүниеге келтірген.

Тоғызқұмалақ ойыны негізінен екі адамның арасында өтеді. Ойынды кім бастайтынын жеребе тарту арқылы анықтайды. Ойынды бастайтын ойыншыны бастаушы деп, ал қарсыласын қостаушы деп атайды. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасап отырады.

Ойынды бастаушы ойыншы өзінің кез-келген отауынан жүре алады. Ол үшін ойыншы жүріс жасайтын отауының ішінде бір құмалақ қалдырады да, қалған құмалақтарды қолына алып, келесі оң жағындағы отаудан бастап (сағат тіліне қарама-қарсы бағытта), қолындағы құмалақтар таусылғанша бір-бірден салып шығады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп және сол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса онда бұл жүріс табысты болды деп есептелінеді де, ойыншы сол отаудағы құмалақтардың барлығын өзінің қазандығына салып алады.

№ 1 диаграммада 7-ші отаудан жүрген ойынды бастаған ойыншының жүрісі көрсетілген.

9 8 7 6 5 4 3 2 1

9

9

9

10

10

10

10

10

9

9

9

9

9

9

1

10

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9

10

№ 1 диаграмма

Ендігі жүріс кезегі қара жағынан, яғни қостаушыдан. Ол да ойынды бастаушы секілді кез-келген отаудан құмалақтарды алады да, жоғарыдағыдай тәртіппен таратады. Бірақ қостаушының алғашқы жүрісі табысты да бола алады (№ 2 диаграмма), немесе жай жүріс те (табыссыз) бола алады

(№ 3 диаграммадағыдай, егер 9-отаудан жүрсе).Бұл жүрістер ойыншының таңдап алған ойын жоспарына байланысты.

10

9 8 7 6 5 4 3 2 1

10

10

1

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

1

10

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9

10

№ 2 диаграмма

9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

9

9

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

2

11

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9

10

№ 3 диаграмма

Егер соңғы құмалақ түскен отаудағы құмалақтар саны тақ болатын болса, немесе жүріс жасағаннан кейін соңғы құмалақ өз отауына келіп жатса (№ 2 диаграммадағы жағдайды ары қарай өрбітелік) онда мұндай жүрістер жай жүріс, яғни табыссыз болып есептелінеді. (№ 4 және № 5 диаграмма).

Бастаушының 9-отаудан жүрген екінші жүрісі жай жүріс болып есептелінеді.

(№ 4 диаграммаға қараңыз)

10

9 8 7 6 5 4 3 2 1

11

11

2

1

11

11

11

11

10

10

10

10

10

10

1

10

1

1 2 3 4 5 6 7 8 9

10

№ 4 диаграмма

Қостаушының 9-отаудан жүрген екінші жүрісі де (№ 5 диаграмма) жай жүріс болып есептелінеді, себебі соңғы құмалақ өз отауына қайтып келді.



© 2010-2022