Ашық сабақ: 1200-1800 метрге бірқалыпты жүгіру 8 сынып

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: 1200-1800 метрге бірқалыпты жүгіру 8 сыныпАшық сабақ: 1200-1800 метрге бірқалыпты жүгіру 8 сыныпАшық сабақ: 1200-1800 метрге бірқалыпты жүгіру 8 сынып№ 30 Көктөбе орта мектебі











Дене шынықтыру


8 «А» сынып



Тақырыбы:





Мұғалім: Жүзбаев Б. О



Пәні:Дене шынықтыру

Мерзімі:

Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: 1200-1800м бірқалыпты жүгіру.

Сабақтың мақсаты: 1) алыс қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету;

2) оқушылардың икемділігін, ептілігін жетілдіру;

3) спортты сүюге тәрбиелеу

Өтетін орны: спорт алаңы

Қажетті құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық

Сабақтың түрі: жарыс сабақ


Сабақтың барысы

Уақы

-ты

Әдістемелік нұсқаулар

1

І. Кіріспе бөлім:

Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, түгендеу; күнделікті спорт жаңалықтары; сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру; техника қауіпсіздік ережесін сақтауды естеріне салу.

5

мин

Арнайы спорт киімдеріне, оның тазалығына, жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару; денсаулығын тексеру

2

ІІ. Дайындық бөлім:

Саптық жаттығулар: «Оңға!», «Солға!», «Артқа!», «Алға қадам бас!» бұйрықтарын орындату.

Жүру жаттығулары: қолды жоғары тік көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, екі қол белде өкшемен жүру, аяқтың ішкі, сыртқы жағымен жүру, жартылай отырып жүру, қол желкеде, тізені бүгіп жүру.

Жүгіру: аяқты артқа бүгіп жүгіру, қайшылап жүгіру, оң, сол жақ қырымен тіркеле адымдап жүгіру, артпен жүгіру.

Жай жүріс, терең тыныс алып, дем шығару.

Жалпы дамыту жаттығулары:

10

мин

Берілген бұйрық бойынша орындау.

Жүгіргенде еркін тыныс алу. Алдыңғы, сыртқы әріптестеріне кедергі жасамау, арақашықтықтың сақталуын қадағалау.

3

ІІІ. Негізгі бөлім:

Үдету арқылы жылдамдықты дамытуға әсер ететін жүгіру жаттығулары:

А-екі әріптестің үдету арқылы бір нүктеге қарама-қарсы жүгіру: Б-әріптесінің артынан қуу: В-қолды ағашқа тіреп,бір орында жүгіру:Д-қолды жоғары көтеріп,дем алу,аяқтың ұшын ұстап,дем шығару.

Оқушыларды 1200-1800 метрге жүгірту.

Жүгіріп келген оқушыларды екі топқа бөліп,

«баскетбол» ойынын ойнату.

25

мин

Аяқ пен қол сермеуде қателік жібермеу.

Жүгіргенде өз жолымен жүгіру керек.


Жүгіргенде еркін тыныс алу керек.

4

ІV. Қорытынды:

Оқушының дене қызуын қалпына келтіру;

Сапқа тұру, жеңіл жүрістер;

Бағалау;

Үйге тапсырма.

5

мин

Оқушылардың қателерін айту, көрсету, түсіндіру.


© 2010-2022