Конспект урока: Ұлттық ойын Қызыл ту

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: № ____

Өткізілетін күні:_____________

Мұғалімі:______________________________________

Класы: ___

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын: " Қызыл ту"

Мақсаты: -Қозғалыс белсенділігін білім негізінде қалыптастыру, икемділікке, ептілікке, өзін-өзі сенімділікке тәрбиелеу.

- Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа салауатты өмір салтын сақтауға баулу.

Қолданылатын спорт құралдар: арқан, ысқырық, секундомер

Даярлық бөлім: 15 мин.

Сабақ мазмұны

Методикалық нұсқаулар, ескертпелер

1.Сапқа тұрғызу. Рапорт. Сәлемдесу, сабақ тақырыбымен таныстыру.

1.Оқушылардың сыртқы спорттық киімін, жалпы көңіл-күйін бақылау, тексеру.

2.Спорт залда дене қыздыру, жүру, жүгіру жаттығуларын орындау: Саптық жаттығулар.

Жүру түрлері: а)қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру; ә)қолды жанына созып, өкшемен жүру; б)қолды белге қойып, аяқтың сыртқы-ішкі жағымен жүру.

Жалпы дамыту жаттығулары.
БҚ қол белде, бірінші басымызды алға еңкейтеміз, екінші артқа шалқайтамыз, үшінші солға бұрамыз
Б. қ. н оң қол жоғарыда, сол қол төменде 1 - 2 оң қолды артқа сермейміз, 3 - 4 ауыстырып сол қолымызды сермейміз.
Б. Қ қолымыздың ұшын иыққа қоямыз, иығымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз.
Б. Қ қол кеуде тұсында 1 - 2 алға сермейміз, 3 - 4 сол бағытқа, 5 - 6 сермейміз, 7 - 8 оң бағытқа,
БҚ қолымыз белде 1 - қолымызды жоғары көтеріп, сол аяқты артқа қойып шалқаямыз, 2БҚ, 3 - қолымызды жоғары көтеріп оң аяқты артқа

созамыз. 4 - БҚ
БҚ қол белде 1 - 2 солға айналдырамыз, 3 - 4 оңға айналдырамыз.
БҚ қол белде 1 - қолды жоғары көтеріп артқа шалқаямыз, 2 - БҚ 3 артқа шалқаямыз, 4 - БҚ.
БҚ қолымыз белде, Аяқ арасын қашық ұстаймыз 1 - сол аяққа иілеміз, 2 - ортаға, 3 - оң аяққа иілеміз,
БҚ қолды жанға созамыз 1 - 2 сол қолды оң аяққа тигіземіз 3 - 4 оң қолды сол аяққа тигіземіз

Ойын алдында қыздырыну жаттығулары адамның бұлшық еттерін жалпы қан айналымын қарқынды жұмысқа дайындайды



Жаттығу қайталанады.


Жаттығу қайталанады.

Жаттығу қайталанады.

негізгі бөлім: 25 мин

Қызыл ту ойыны. Ойынның басты шарты: қарсылас жақ шекараға өтіп барып, сол жақтың адамдарының бірін түртіп, кері қайтып кету. Ұсталып қалған жағдайда немесе қарсыластың қолы бірінші тиген болса, онда арғы бетке ұпай беріледі.

Қорытынды бөлім 5 мин.

1.Бір қатарлы сапқа тұру.

1.Демалуды бастапқы қалыпқа келтіру, оқушылардың психологиялық, эмоциялық көңіл - күйлерін бірте - бірте азайту, сабаққа ынтасын қалыптастыру.

1.Сапқа тұрғызып жетістіктері мен кемшіліктерін айту. Бағалау. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. Класпен қоштасу, класқа жіберу.

1.Оқушының жетістігін, ынтасын баға қою арқылы бағалау.















© 2010-2022