Сынып сагаты «Коршаган ортанын ластануы – ауа» 8-сынып

Тақырыбы: «Қоршаған ортаның ластануы - ауа».   Мақсаты: Оқушылардың экологиялық білімдерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғат әсемдігін көруге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу.   Көрнекіліктер: экологиялық суреттер, өсімдіктер мен  жануарлардың суреттері.   Жоспар: 1. Ұйымдастыру.                  2. Ауаның ластануы.                      Ауаның табиғи жолмен ластануы.                      Адам қызметінің нәтижесінде ауаның ластануы.                  3. Ауаның радиоактивті заттармен ластануы.   ...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Қоршаған ортаның ластануы - ауа»

Сынып сағаты




Сынып жетекшісі: Қабылқақова Ж.




Онды орта мектебі

Тақырыбы: «Қоршаған ортаның ластануы - ауа».

Мақсаты: Оқушылардың экологиялық білімдерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғат әсемдігін көруге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: экологиялық суреттер, өсімдіктер мен жануарлардың суреттері.

Жоспар: 1. Ұйымдастыру.

2. Ауаның ластануы.

Ауаның табиғи жолмен ластануы.

Адам қызметінің нәтижесінде ауаның ластануы.

3. Ауаның радиоактивті заттармен ластануы.

4. Қалалардағы ауаның ластануы.

5. Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне

тигізетін әсері.

6. Қорытынды.

Ауа екі жолмен- табиғи және адамның іс әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Ауада үнемі аэропланктондар- бактериялар (оның ішінде ауру тудыратындары да бар), саңырауқұлақтардың споралары, өсімдіктердің тозаңдары және т.б. кездеседі.

Жер бетіндегі ауа үнемі айналыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттарды шалғай жатқан екінші аудандарға таратады. Ауаның төменгі қабатының ластануы негізгі тау жыныстары мен топырақтың беткі қабатының бұзылуынан болады. Адам қызметінің нәтижесінде ауаны ластау ең қауіпті. Оларға өндіріс, көлік және тұрмыс қалдықтары жатады.

Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарлар әлеміне тигізетін әсері: өсімдіктер өсуіне ең улы әсер ететін күкірт ангидриді, фторсутек, хлор, қорғасын, сынап, мышьяк және басқа түрлі заттар. Улылығы жағынан олардың ішінде күкірт ангидриді бірінші орында тұр. Бұл қосылыстардың барлығы жасыл -желектің негізгі жауы. Өсімдіктердің кейбірі болмашы ластанған ауаның әсерін сезінеді.

Ауаның ластануы жануарларға да жануарларға да белгілі бір дәрежеде өз әсерін тигізеді. Ауада тұман мен түтіннің пайда болуының салдарынан жаппай үй малдарының шығынға ұшырағаны белгілі.

Соңғы 10-15 жыл ішінде Қазақстанда неше түрлі өндірістер, жаңа қалалар, зауыттар мен фабрикалар салынып, олардың саны жылдан жылға көбейе түсуде. Оған автомашиналар санының арта түсуін қоссақ, сонда мамандардың есебі бойынша жыл сайын ауаға жүз миллион тонна зиянды газдар мен шаң тозаңдар таралып жатады.

Біз қоршаған ортаның тазалығын, өзіміз дем алып отырған ауаның тазалығын сақтауымыз керек. Ауламызға, бөлмелерімізге өсімдіктердің түрін өсіріп баптауымыз керек, себебі жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп бізге оттегін бөліп шығарады.

Таза ауа денсаулықтың кепілі !

Осылай әр бөлімі бойынша қысқаша түсінік берілгеннен кейін оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.

Сабақты қорытындылау.

Тамаша аспан менен жері қандай,

Зеңгір тау, дария менен көлі қандай!

Орман, тоғай, гүлденген бақшалары,

Пайдаланған бұлармен елі қандай!


© 2010-2022