Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жарыс

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жарыс

Сабақтың мақсаты: Қозғалыс, қимыл іс-әректтерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Эстафеталық ойын түрлері арқылы оқушыларды ептілікке, жылдамдыққа, икемділікке үйрету;

Дамытушылық: Оқушыларды спортпен жүйелі түрде айналысуға, қызығушылығын дамыту;

Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ойын, топпен жұмыс

Құрал-жабдықтар: ысқырық, секундомер, доп , кубик , шығыршық, қап, таяқша.

Өтетін орны: Мектеп спорт залы

р/с

Сабақтың мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

1.

Дайындық бөлімі

Класты сапқа тұрғызу

Кезекшінің баяндамасын тыңдау, сәлемдесу.

Сабақтың тақырыбын айту.

Көңіл аудару жаттығулары:

«Оңға бұрыл!»

«Солға бұрыл!»

«Кері бұрыл!»

«Бағыттаушының соңынан оң иықты алға ұстап залды айнала адым бас!»

«Аяқтың ұшымен жүр!»

«Өкшемен жүр!»

«Табанның сыртқы қырымен жүр!»

«Табанның ішкі қырымен жүр!»

«Жеңіл қарқынмен жүгір!»

Жалпы дамыту жаттығулары:

1. Негізгі тұрыс. Екі қол белде.

1-2 басты оңға,солға.

3-4 артқа, алға.

2. Негізгі тұрыс. Екі қол иыққа.

1-2 иықты алға айналдыру.

3-4 артқа айналдыру.

3. Б.қ.н.т. екі қолды кеуде тұсына қойып, алға және жанға екі рет сермеу.

4. Негізгі тұрыс. Екі қол белде.

1-2 белді алға айналдыру.

3-4 артқа айналдыру.

5. Негізгі тұрыс. Екі қол белде.

1-2 алға еңкею.

3-4 артқа шалқаю.

6. Негізгі тұрыс. Екі қолды алға созу.

1-2 қолды төмен қайшылау.

3-4 қолды жоғары қайшылау.

7. Қол тізеде, ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4 рет айналдырамыз.

8. Оң аяққа 10рет секіру, сол аяққа 10 рет секіру, қос аяққа 10 рет

секіру.

9. Бір орында отырып тұру.

12 /

2 /




2-3 рет


2-3 рет


2-3 рет

2 /

10-15м







3 /

5 /


5-6 рет

5-6 рет



5-6 рет



5-6 рет



5-6 рет



5-6 рет


5-6рет

1 рет


10 рет

Оқушылардың спорттық киіміне, сапта түзу тұруын қадағалау.

Оң аяқтың өкшесімен сол аяқтың ұшымен қозғалыс тірегі өзгертіледі.

Сол аяқтың өкшесімен оң аяқтың ұшы.

Сол иық жақпен.

Жүріс бір мезгілде сол аяқтан басталады.

Қол жоғары алақанды бір-біріне қаратып дене тік.

Қол желкеде сәл артқа шалқаямыз.

Қол белде, дене тік.

Қол белде, дене тік.

Ара қашықтықты сақтау.

Ортадан төрт тізбекке сап түзеу.

Кеудені түзу тік ұста.

Иықты көбірек айналдыру керек.

Қолды толық жазамыз.

Белді көбірек айналдыру, денені түзу ұстау керек.

Алға, артқа көбірек еңкею керек.

Қол түзу алға созамыз.

Қолды жоғары көтереміз.

2.

Негізгі бөлім.

Класты сапқа тұрғызып, саналу арқылы екі топқа бөлу.

«Эстафеталық таяқша» ойыны.

Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші тұрған оқушы белгіленген жерге дейін жүгіріп келіп 2-ші оқушыға береді. Осылай соңғы оқушыға дейін жалғасады.

«Кім жылдам» ойыны

Мұғалімнің белгісі бойынша 1-ші тұрған оқушы қолындағы допты аяғының арасынан 2-ші оқушыға домалатып береді. 2-ші оқушы 3-ші оқушыға, осылай соңғы оқушыға дейін жалғастырады. Соңғы ойыншы допты алысымен тез жүгіріп, өз тобының алдына тұрып, ойынды жалғастырады. Қай топ оқушылары тапсырманы тез орындаса, сол топ жеңеді.

«Бір жоғары, бір төмен» ойыны.

Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші тұрған ойыншы допты басынан асырып екіншіге, екінші аяғының арасынан үшіншіге, үшінші басынан асырып төртіншіге бір жоғары бір төменнен соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, команданың басына жүгіріп келіп, тұра қалып бұрынғыдай етіп ойынды жалғастыра береді. Ойынды бірінші бастаған ойыншыға дейін қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.

«Допты алып жүру» ойыны.

Бұл эстафетаны өткізу үшін әр команда бір лекті сап түзеп қатарда тұрады. Сапты бастаушылардың қолында үлкен доп болады. Белгіленген белгі бойынша бірнші нөмірлі сапты бастаушылар допты жермен соға алып жүреді.

«Кубикті шашып кел де, жинап ал» ойыны.

Команда капитанының қолында кубиктер бар.мұғалімнің белгісі бойынша сол кубиктерді бір-бірден шеңбер бойына орналастыру керек. Орналастырып болғасын жүгіріп келіп, 2-шіге қолын береді. Ол кубикті жинап шығады да, 3-не жүгіріп келіп береді.

«Қаппен жұмыс» ойыны Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, 10метрлік жердегі арнаулы мәрені айналып қайтады да, шапшаң шешіп өзінен кейінгі ойыншыға береді. Ол да біріншісінің істегенін қайталайды.

«Арқанмен тартысу» ойыны

Команданың арнаулы сызық болады. Белгі бойынша барлық ойыншылар арқаннан ұстап тартысады. Кімнің командасы ортадағы белгіден асыра сүйреп алса, сол команда жеңіске жетеді.


30 /


1рет


1рет











1рет














1 рет







1рет









1рет





3рет

Қауіпсіздік ережесін ескерту.

Таяқшаны дұрыс беру.


Ойыншы артқа бір адым шегініп отыру керек.



Ойыншылар үнемі бір адым артқа шегініп отыру керек.




Бұл эстафетаны өткізу үшін әр команда бір лекті сап түзеп қатар тұрады. Ойын ары қарай жалғасады.


Егер кубик шеңберден шығып кетсе ойыншы тоқтап, қайта орналастырып кету керек.


Қаптың ауызын екі қолмен ұстап жүгіруге де болады.


Арқанды ұстағанда бір-біріне қарама-қарсы тұруы керек.

3.

Қорытынды.

а) Көңіл аудару жаттығуларын орындау.

ә) Сабақты қорытындылау.

б) Оқушыларды бағалау.

в) Үйге тапсырма: таңғы бой жазу жаттығуларын жасау.

3 /


Баяу қолды жоғары көтеріп ауаны ішке аламызда аяқтың ұшымен көтерілеміз, қолды жанымен түсіріп демімізді сыртқа шығарымыз.


© 2010-2022