Конспект спортивного мероприятия для 5 класса Спорт - біздің досымыз

Біз сыныптан тыс іс-шара өтерде көбіне жаз мезгілін таңдаймыз, себебі алаңда жазғы эстафета ойындарының түр-түрін өткізуге болады. Сондықтанда қысқы эстафета ойындарын өткізуді жөн көрдім. Оған қысты күні күнделікті балалар ойнауда қолданатын шана, шаңғы, коньки, арқан сияқты заттарды пайдаландық. Қызықты болу үшін есептер жазылған парақшалар да болды. Ал ерекшелігі "Арқан тарту" ойыны қардың үстінде өтуі. "Шынықсаң - шымыр боласың" дейді дана халқымыз, күннің аязында балалармен шынығайық, шымыр...
Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект спортивного мероприятия для 5 класса Спорт - біздің досымыз

Алматы облысы Алакөл ауданы Қызылащы орта мектебі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Көкебаев Талғат Төребайұлы

Тақырыбы: "Спорт -біздің досымыз!" /қысқы эстафета/

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақтастыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу.

Көрнекіліктері: шаңғы, коньки, кедергілер, шана, есеп жазылған парақ, арқан.

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Сап түзеп жүру. Топқа бөліну.

Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді "Спорт-біздің досымыз!"-атты қыстық эстафета ойындарын тамашалауға шақырамыз. Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғамда, мектепте жағдай жасап, денсаулықты сақтауға атсалысуымыз қажет. Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азамат болып өсеміз.

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреуі озса сайыста

Біреуі артта қалады.

Жеңілденгендер реңжімей.

Тараса бізге жарады.

Сабырлы да салмақты

Білімді де өнерлі

Білікті де жүректі.

«Сіздерге жеңіс тілейік»-дей отырып ортаға үш топты шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

І топ «Денсаулық»

ІІ топ «Қыран»

ІІІ топ «Барыс»

А) Таныстыру рәсімі өтеді

Ә) Сәлемдесу рәсімі өтеді

Б) Топ ұрандары айтылады

Эстафеталық жарысымызды бастайық!

І тур. "Кім жылдам, кім епті?!"

Шарты: 3 топ белгі берісімен шаңғымен келесі оқушыға дейін жетіп таяқшаны ұстатады, қай топ межеге бірінші жетсе сол топ жеңімпаз болады.

ІІ тур. "Жүйрік көлік"

Шарты: шанаға 1 оқушыны отырғызып, кедергілер арасымен жүгіру.

ІІІ тур. "Коньки жарысы"

Шарты: Конькимен белгіленген жерге барып, қайтып келгенде парақшадағы есепті шығарады. Есеп шығарылып біткеннен соң ғана келесі ойыншы жалғастырады.

ІҮ. "Арқан тарту"

Шарты: Белгі бойынша әрбір топ арқанды өз жағына арай тартады. 3 рет тартысқаннан кейін 2 рет өз жағына арқанды тартып шығарған топ жеңімпаз болып танылады.

Ү. "Аққала"

Шарты: ойыншылар топ-тобымен аққала соғады. Әдемі әрі тез аяқтаған топ жеңімпаз болады.

Жүргізуші: Міне, бүгінгі "Спорт - біздің досымыз!" атты қыстық эстафета ойындарымызда өз мәресіне жетті.

Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде.

Топтарды мадақтау, құттықтау.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі эстафеталық жарысымыз аяқталды.

Қош сау болыңыздар!Конспект спортивного мероприятия для 5 класса Спорт - біздің досымыз


© 2010-2022