Допты себетке лақтыру

"Шалқар қаласы «Бәйтерек» балабақшасы "Дене шынықтыру нұсқаушысы: Жолтаева Базаргүл Бижанқызы "Білім беру саласы: Денсаулық "Ұ.О.І.Ә :Дене шынықтыру "Тақырыбы : Допты себетке лақтыру "Мақсаты : ертегі кейіпкерлері мен элементтерін пайдалана отырып дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру, балаларды әр түрлі кедергілерден өткізіп қимыл –қозғалыс жаттығуларын сапалы жасауға дағдыландыру.Дене бітімін, қол бұлшық еттерін дамыту. Салауатты өмір салтын сақтауға үйрету.Дені сау рухы таза,ұрпақ тәрбиелеу. Балаларды ептілікке ,ұйымшылдыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу. ."Көрнекіліктер: шыршалар,ертегі кейіпкерлері,қысқы орман көрнісі,доға,қарағай бүрлері, доптар. Балалар әуенмен бір қатармен залға кіріп тұрады. "Қызыл телпек: балалар сендер менің кім екенімді білесіңдер ме ?Мен кіммін? "Балалар: Қызыл телпексіз "Қызыл телпек: Балалар бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіріп, сәттілік тілейік. "Балалар: "Біз бақытты баламыз. "Шыныға да аламыз, "Жарқырайды қаламыз "Жарқырайды балабақшамыз. "Қайырлы таң ,балалар "Қайырлы таң айнала! "Қызыл телпек: Балалар,мен әжеме анашымның сәлемдемесін жеткізейін деп едім, әжемнің үйін таба алмай жүрмін сендер маған көмектесесіңдер ме? "Балалар: Иә, көмектесеміз. "Қызыл телпек:Әжемнің үйіне бару үшін орманнан өтуіміз керек. Балалар орман ішінен қорықпаймыз ба? Орманда аю, қасқыр т.б аңдар бар. Жолы да кедер-бүдір, ойлы-қырлы. Қане бір қатармен жолға шығайық , балалар қараңдаршы орман іші тып-тыныш, ағаштар қар жамылған,неткен керемет әдемілік. Міне, алдымыздан ирелеңдеген жол шықты,жыланша жүріп жолдан өтейік. Шырша түбінен қоян шыға келеді.Балалар қоянмен амандасады. "Қызыл телпек: "Ақ қоян-ау, ақ қоян "Үркек қоян ,сақ қоян "Қаша берсең,қалыңға. "«Қорқағым «деп ат қоям "Қоян: балалар мен тоңып отырымын. "Қызыл телпек: балалар қоян тоңып отыр екен, қоян мен бірге жалпы жетілдіру жаттығуын жасасақ қалай қарайсыңдар. "Ұзын құлақ сұр қоян "Бармақ болып орманға, "Қолын көтеріп жоғары. "Бір отырып бір тұрып "Қос аяқтап секіріп "Қол ұстасып бәріміз "Жүгіреміз бірігіп. "Қоян: жаңа-жаңа жылынып келе жатырмын". "Қызыл телпек : онда балалар тағы да бір рет жасап көрейік, балалар қоян қалай секіреді(қос аяқпен алға жылжып секіру) "Қоян : Рахмет балалар сендер мені жақсы біледі екенсіңдер (Балалармен Қызыл телпек әрі қарай орман аралап келе жатса алдарынан кім бұл шулап келе жатқан,маған ұйқы бермедіңдер деп аю шыға келеді) "Қызыл телпек: Сәлеметсіз бе, Аюжан! Бұлай ақырма,балаларды қорқытасың. Балалар мені ормандағы әжемнің үйін табуға көмектесуде ,жолда біз қоянды кезіктірдік, қоян бізді көріп қуанып қалды. Ал, сен бізді көргеніңе қуанбайсың ба? "Аю: "Алып батыр балпаңмын "Ақ ниетім, дарханмын. "Басқа аңға тимеймін "Балпаң-балпаң билеймін. Қызыл телпек: аю мына сенің өлеңіңе билегіміз келіп тұр. Аю секілді қорбаң-қорбаң етіп жүру. "Аю: Өте жақсы балалар. Енді мен ұйықтаймын, сау болыңдар. (Балалар мен Қызыл телпек әрі қарай жүріп келе жатса , қарағай бұтағында Ақтиін отыр екен (аяқтың ұшымен жүру, басты оңға солға бұру) "Балалар: Сәлеметсіз бе? Ақтиін "Ақтиін: Сәлеметсіз бе? Балалар маған келгендерің жақсы болды, қарағай бүрлерін теріп едім шаршап кеттім,маған көмектесесіңдер ме? "Балалар: Ия Екі доға тұрады. Балалар бір-бірден доғаның астынан өтіп Қарағай бүрлерін алып ақтиынға береді. "Ақтиін: :Қандай жақсы балаларсыңдар,маған сонша бүрлер теріп бердіңдер. Рахмет сендерге балалар. "Қызыл телпек :Ал, біз әрі қарай жүрейік. Қасқырдың даусы естіледі( у-у-у-у) Бұл не болды екен ? "Балалар: Қасқыр "Қызыл телпек :балалар сендер қасқырдан қорықпайсыңдар ма? Балалар жоқ "Қызыл телпек: қасқырдың даусын салайық (тыныс алу жаттығуы) Балалар мен сендердің ептіліктеріңді көргім келеді. "Негізгі қимыл-қозғалыс түрі балаларға допты себетке лақтыруды үйрету. "Себетке доп лақтыру. Сендер өте епті балалар екенсіңдер. " Қызыл телпек :балалар, сендердің көмектеріңмен әжемнің үйін таптық, енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр. " Ойын : «Қасқыр қақпан» Әжесі: қызылтелпек сендер неге топ болып жүрсіңдер. "Қызыл телпек: әже бұл балалар маған сіздің үйіңізді тауып беруге көмектесті. "Әжесі: қызым онда мен балаларға пісірген бәлішімді берейін. "Қызыл телпек :балалар, сендердің көмектеріңмен әжемнің үйін таптық, енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр. "Ойын : «Қасқыр қақпан» "Қызылтелпек: қандай ақылды балалар ,өте білімді,өнерлі,епті,ұйымшыл екенсіңдер. Балалар балабақшаға қайтатын уақытымыз да келіп жетті. Балалар,ертегі кейіпкерлермен қоштасып,сендерді топтарыңа баруға көмектесейін. Балалар ,біз қайда бардық. «Ертегілер елінде«бізге қандай ертегі кейіпкерлері кездесті Жарайсыңдар,балалар ,сендер ойын сауық кешіне жақсы қатыстыңдар. Сендерге енді әжемнің пісірген бәлішін таратып берейін. Енді орнымыздан тұрып,қонақтармен қоштасайық.
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шалқар қаласы «Бәйтерек» балабақшасы

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Базаргүл Бижанқызы

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұ.О.І.Ә :Дене шынықтыру

Тақырыбы : Допты себетке лақтыру

Мақсаты : ертегі кейіпкерлері мен элементтерін пайдалана отырып дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру, балаларды әр түрлі кедергілерден өткізіп қимыл -қозғалыс жаттығуларын сапалы жасауға дағдыландыру.Дене бітімін, қол бұлшық еттерін дамыту. Салауатты өмір салтын сақтауға үйрету.Дені сау рухы таза,ұрпақ тәрбиелеу. Балаларды ептілікке ,ұйымшылдыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.

.Көрнекіліктер: шыршалар,ертегі кейіпкерлері,қысқы орман көрнісі,доға,қарағай бүрлері, доптар.

Балалар әуенмен бір қатармен залға кіріп тұрады.

Қызыл телпек: балалар сендер менің кім екенімді білесіңдер ме ?Мен кіммін?

Балалар: Қызыл телпексіз

Қызыл телпек:

Балалар бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіріп, сәттілік тілейік.

Балалар:

Біз бақытты баламыз.

Шыныға да аламыз,

Жарқырайды қаламыз

Жарқырайды балабақшамыз.

Қайырлы таң ,балалар

Қайырлы таң айнала!

Қызыл телпек:

Балалар,мен әжеме анашымның сәлемдемесін жеткізейін деп едім, әжемнің үйін таба алмай жүрмін сендер маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Қызыл телпек:Әжемнің үйіне бару үшін орманнан өтуіміз керек.

Балалар орман ішінен қорықпаймыз ба? Орманда аю, қасқыр т.б аңдар бар. Жолы да кедер-бүдір, ойлы-қырлы.

Қане бір қатармен жолға шығайық , балалар қараңдаршы орман іші тып-тыныш, ағаштар қар жамылған,неткен керемет әдемілік.

Міне, алдымыздан ирелеңдеген жол шықты,жыланша жүріп жолдан өтейік.

Шырша түбінен қоян шыға келеді.Балалар қоянмен амандасады.

Қызыл телпек:

Ақ қоян-ау, ақ қоян

Үркек қоян ,сақ қоян

Қаша берсең,қалыңға.

«Қорқағым »деп ат қоям

Қоян: балалар мен тоңып отырымын.

Қызыл телпек: балалар қоян тоңып отыр екен, қоян мен бірге жалпы жетілдіру жаттығуын жасасақ қалай қарайсыңдар.

Ұзын құлақ сұр қоян

Бармақ болып орманға,

Қолын көтеріп жоғары.

Бір отырып бір тұрып

Қос аяқтап секіріп

Қол ұстасып бәріміз

Жүгіреміз бірігіп.

Қоян: жаңа-жаңа жылынып келе жатырмын.

Қызыл телпек : онда балалар тағы да бір рет жасап көрейік,

балалар қоян қалай секіреді(қос аяқпен алға жылжып секіру)

Қоян : Рахмет балалар сендер мені жақсы біледі екенсіңдер

(Балалармен Қызыл телпек әрі қарай орман аралап келе жатса алдарынан кім бұл шулап келе жатқан,маған ұйқы бермедіңдер деп аю шыға келеді)

Қызыл телпек:

Сәлеметсіз бе, Аюжан!

Бұлай ақырма,балаларды қорқытасың.

Балалар мені ормандағы әжемнің үйін табуға көмектесуде ,жолда біз қоянды кезіктірдік, қоян бізді көріп қуанып қалды.

Ал, сен бізді көргеніңе қуанбайсың ба?

Аю:

Алып батыр балпаңмын

Ақ ниетім, дарханмын.

Басқа аңға тимеймін

Балпаң-балпаң билеймін.

Қызыл телпек: аю мына сенің өлеңіңе билегіміз келіп тұр.

Аю секілді қорбаң-қорбаң етіп жүру.

Аю: Өте жақсы балалар. Енді мен ұйықтаймын, сау болыңдар.

(Балалар мен Қызыл телпек әрі қарай жүріп келе жатса , қарағай бұтағында Ақтиін отыр екен (аяқтың ұшымен жүру, басты оңға солға бұру)

Балалар: Сәлеметсіз бе? Ақтиін

Ақтиін: Сәлеметсіз бе? Балалар маған келгендерің жақсы болды, қарағай бүрлерін теріп едім шаршап кеттім,маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Ия

Екі доға тұрады. Балалар бір-бірден доғаның астынан өтіп Қарағай бүрлерін алып ақтиынға береді.

Ақтиін: :Қандай жақсы балаларсыңдар,маған сонша бүрлер теріп бердіңдер. Рахмет сендерге балалар.

Қызыл телпек :Ал, біз әрі қарай жүрейік.

Қасқырдың даусы естіледі( у-у-у-у)

Бұл не болды екен ?

Балалар: Қасқыр

Қызыл телпек :балалар сендер қасқырдан қорықпайсыңдар ма?

Балалар жоқ

Қызыл телпек: қасқырдың даусын салайық (тыныс алу жаттығуы)

Балалар мен сендердің ептіліктеріңді көргім келеді.

Негізгі қимыл-қозғалыс түрі балаларға допты себетке лақтыруды үйрету.

Себетке доп лақтыру.

Сендер өте епті балалар екенсіңдер.

Қызыл телпек :балалар, сендердің көмектеріңмен әжемнің үйін таптық, енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын : «Қасқыр қақпан»

Әжесі: қызылтелпек сендер неге топ болып жүрсіңдер.

Қызыл телпек: әже бұл балалар маған сіздің үйіңізді тауып беруге көмектесті.

Әжесі: қызым онда мен балаларға пісірген бәлішімді берейін.

Қызыл телпек :балалар, сендердің көмектеріңмен әжемнің үйін таптық, енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын : «Қасқыр қақпан»

Қызылтелпек: қандай ақылды балалар ,өте білімді,өнерлі,епті,ұйымшыл екенсіңдер.

Балалар балабақшаға қайтатын уақытымыз да келіп жетті.

Балалар,ертегі кейіпкерлермен қоштасып,сендерді топтарыңа баруға көмектесейін.

Балалар ,біз қайда бардық.

«Ертегілер елінде»бізге қандай ертегі кейіпкерлері кездесті

Жарайсыңдар,балалар ,сендер ойын сауық кешіне жақсы қатыстыңдар.

Сендерге енді әжемнің пісірген бәлішін таратып берейін.

Енді орнымыздан тұрып,қонақтармен қоштасайық.

© 2010-2022