Планирование факультатива по физической культуре на тему Шахмат

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін Келісемін Ә/б отырысында қаралды

Мектеп директоры ДОІЖО Хаттама________

___________Г.Т.Хасенова _________Г.А.Шарипова «___» ____________

Н.Д.Мамырбекова



«Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Шахмат»

Үйірме сағатының оқу - тақырыптық жоспары











Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Нусупов Қадыр Наурызбаевич





2015-2016 оқу жылы



Түсінік хат

Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған кезінде оқушылар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастыруда шахматтың алатын орны зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойлдарын шоғырландыруына, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Астанада өткен тез шахмат пен блиц чемпионатының ашылу салтанатында «Шахмат адамдарды тез ойлатады, шешім қабылдатады және қадам жасатады. Мен бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген балаларының спорттың осы түрімен айналысатынына қуаныштымын» деген болатын. Сонымен қатар мектептердің оқу жоспарларына шахмат сабақтары енгізіліп отыр.

Шахмат - екі тұлғаның көрнекі түрде сайысу түрі. Ол бізге адамның шығармашылық дәрежесін анықтауға қажет. Шахмат ойнаушының үнемі жетілуінен, жүйелі түрде дайындық сағаттарын жүргізуден кейін нәтиже күтуге болады. Сонымен қатар шахматты үйретудегі жаттықтырушының шығармашылық деңгейінің жоғары болуы қажет.

Бағдарлама 7-14 жас аралығындағы балаларға арналған. Оқыту мерзімі 2 жыл.

Бағдарламаның тиімділігі - уақыт талабымен сәйкес. Жеке тұлғаны жетілдіру қиын мәселе болғандықтан, шахматты үйретудің құрылымы мен мазмұны мақсатқа бағытталған мінез қалыптастыруға тәрбиелейді. Сабақтан тыс білім беру жүйесінде шахматты үйрету жүйесі оқушылардың жеке қабілеттіліктерін айқындап, жетілдіре отырып оның тұлға ретінде жалпы жетілуі мен тәрбиесіне бағытталады

Бағдарламаның ерекшелігі балаға даралап білім беруге бағытталғандығында. Ол бағдарламаға енгізілген және екі негізгі бағыт алады. Алдымен әр шахмат ойнаушының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеуде, екіншіден әр тәрбиеленушінің өмірге көзқарасы, жағдаяттарды шеше білуі есепке алынады. Баланың жеке қасиеттерін табиғи, физикалық және психологиялық қасиеттерін білуді талап етеді.

Бағдарламаның жаңалығы мұғалімнің сабақтарда қолданатын, балалардың жеке және жалпы логикалық ерекшеліктерін жетілдіретін дидактикалық материалдарын (карточкалар, шахматтық этюдтар және тапсырмалар) әзірлеуінде, зерттеу әдісін қолдануында (шахматтың шығу тарихы туралы рефераттар мен баяндамалар жазуында), мектептің материалдық жағдайын ескере отырып оқу-тақырыптық жоспарын құруда.

Бағдарламаның мақсаты : шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау.

Бағдарламаның міндеттері:

Білім беру:

· Шахматтың шығу тарихымен таныстыру;

· Ойын ережелерін үйрету;

· Оқушыларға шахмат ойыны туралы теориялық білім беру, сайыстар өткізу ережелерімен таныстыру.

Жетілдіру:

· Тұлғаның логикалық ойлауын, есте сақтауын, орнықтылығын жаңа басқа да жағымды қасиеттерін жетілдіру;

· Төзімділігін, өз өзіне және қарсыласына сынмен қарауын;

· Логикалық ойлау әлемі мен бейнелеп ойлаудың сұлулығын бойлатып, қоршаған орта туралы елесін кеңейту;

Тәрбиелік:

· Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру; · Өзін тәртіпке салуға тәрбиелеу;

· Еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге.

Бұл бағдарламаны игеру барысында оқушылардың пәнді игеруімен қатар ұжымда жұмыстана білуі қалыптасады.

Оқушылардың пәндік құзырлылығы:

1. Техникалық, оқушылардың

· Жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық шахмат сайыстарына қатысуында;

· Ойын барысында шахматтық есептер мен этюдтарды шешу барысында қалыптасатын іс әрекеттері.

2. Интеллектуалдық, оқушылардың

· Ойынға сараптама жасауымен;

· Арнайы әдебиеттерді оқуымен;

· Үздік ойыншылардың ойындарын қарап талдауымен қалыптасатын іс әрекеттері.

Апталық жүктеме бірінші жылы аптасына 1 сағаттан /34 сағат.

Оқу тобында 10-15 оқушы болады.

























Оқыту бағдарламасы

Оқушылардың білім біліктілігіне қойылатын талаптар.

Бірінші жылды аяқтағаннан кейін оқушы білу керек:

· шахматы ойнау ережесін;

· ойнаушының құқы мен міндеттерін;

· шахматтың шығу тарихын:

· ойын тактикасы туралы негізгі түсінік.

Орындай білуі керек:

· алған білімдерін практикада қолдана білу;

· назарларын, ойларын шоғырландырып, уақытты үнемдеу;

· шахматы құштарлықпен ойнау.

Оқу жоспары

Оқу тақырыптары мен іс әрекеттері

Сағат саны

теория

практика

барлығы

1

Кіріспе. Ұйымдастыру сағаты.

1

-

1

2

Шахмат- спорт, ғылым, өнер.

9

-

9

3

Шахмат ойнау ережелері, шахмат күресінің ерекшеліктері.

1

8

9

4

Мат қоюдың қарапайым схемасы.

1

10

11

5

Тактика

1

12

13

6

Эндшпиль

1

4

5

7

Дебют

1

4

5

8

Этюдтер мен есептерді шешу сайыстары.

-

2

2

9

Бір уақыттағы ойындар

-

2

2

10

Сайыстар (турнирлер)

-

4

4

11

Жеке оқытулар

-

6

6

12

Қорытынды сағат

1

-

1

Барлығы:

16

52

68



Р/с

Тақырыптар

Сағат саны

Өтілетін күні

1

Кіріспе. Ұйымдастыру сағаты.

1


2

Шахмат- спорт, ғылым, өнер.

1


3

Шахмат ойынының тарихы

1


4

Шахмат туралы түсінік

1


5

Шахмат тақтасы

1


6

Шахмат фигуралары

1


7

Термин сөздер

1


8

Атақты шахматшылар

1


9

Қазақстан шахмат спорты жетістіктері

1


10

Шахмат ойынының маңыздылығы

1


11

Шахмат ойынының ережесі

1


12

Патша және уәзір жүрістері

1


13

Патша және уәзір жүрістері

1


14

Тура және ат жүрістері

1


15

Тура және ат жүрістері

1


16

Піл және пешка жүрістері

1


17

Піл және пешка жүрістері

1


18

Ойында жасалатын айла тәсілдер

1


19

Ойында жасалатын айла тәсілдер

1


20

Мат қоюдың қарапайым схемасы

1


21

Уәзірмен мат қою

1


22

Уәзірмен мат қою

1


23

Турамен мат қою

1


24

Турамен мат қою

1


25

Пілмен мат қою

1


26

Пілмен мат қою

1


27

Атпен мат қою

1


28

Атпен мат қою

1


29

Пешкамен мат қою

1


30

Пешкамен мат қою

1


31

Тактика

1


32

Атпен және уәзірмен шабуылдау

1


33

Атпен және уәзірмен шабуылдау

1


34

Пілмен және уәзірмен шабылдау

1


35

Пілмен және уәзірмен шабылдау

1


36

Турамен және атпен шабуылдау

1


37

Турамен және атпен шабуылдау

1


38

Уәзір және пілмен қорғану

1


39

Уәзір және пілмен қорғану

1


40

Ат және турамен қорғану

1


41

Ат және турамен қорғану

1


42

Пешкамен қорғану

1


43

Пешкамен қорғану

1


44

Эндшпиль

1


45

Патшаның көмегімен пешканы уәзірлікке жеткізу

1


46

Патшаның көмегімен пешканы уәзірлікке жеткізу

1


47

Пілдің көмегімен пешканы уәзірге шағару

1


48

Пілдің көмегімен пешканы уәзірге шағару

1


49

Дебюд

1


50

Тастардың жүрісін шапшан ұйымдастыру

1


51

Тастардың жүрісін шапшан ұйымдастыру

1


52

Тақтаның ортасын жаулап алу

1


53

Тақтаның ортасын жаулап алу

1


54

Этюттер мен есептерді шешу сайыстары

1


55

Этюттер мен есептерді шешу сайыстары

1


56

Бір уақыттағы ойындар

1


57

Бір уақыттағы ойындар

1


58

Сайыстар /ұлдар арасында/

1


59

Сайыстар /ұлдар арасында/

1


60

Сайыстар /қыздар арасында/

1


61

Сайыстар /қыздар арасында/

1


62

Жеке оқытулар

1


63

Жеке оқытулар

1


64

Жеке оқытулар

1


65

Жеке оқытулар

1


66

Жеке оқытулар

1


67

Жеке оқытулар

1


68

Қорытынды сағат

1



Барлығы

68 сағат




© 2010-2022