Тоғыз құмалақ ережесі, жүру және жазу жүйесін үйрету

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7 Ұлттық ойындар сағаты.

І.Сабақтың тақырыбы: Тоғыз құмалақ ережесі ,жүру және жазу жүйесін үйрету.

ІІ.Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ақпараттық техналогияны пайдалана отырып оқушыларға

тоғызқұмалақ ойынының ерекшелігін көрсете отырып , ойын ережесін

үйрету,жүру мен жазу жүйесін жетілдіру.

2.Дамытушылық: Ойын ережесін , жүру және жазу жүйесін түсіндіру арқылы

оқушылардың ұлттық ойындар туралы білімін толықтыру,шапшаң және

қисынды ойлау біліктіліктерін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Ойын негізінде ұлттық тәрбиемен ,салт-дәстүрді құрметтейтін

ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

ІІІ.сабақтың кезеңдері: 1. Ұлттық ойынның маңыздылығын артырп, оқушыларды

қызықтыру.

2. тарихи деректер,тоғызқұмалақ тақтасына түсінік беру

3.тоғызқұмалақ ойынының ережесін түсіндіріп, жүрістер

жасау және жазу жүйесін үйрету.

4. игерілген әдістерді пайдала отырып , командалық сайыс

ұйымдастыру

5.қорытынды

ІV:Сабақтың түрі: интерактивті сабақ

V.Сабақтың әдіс -тәсілдері: интерактивті , магнитті тақтамен жұмыс,командалық жарыс.

VІ. Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта,Компьютер,сандық бейне камера,фотоаппарат,тоғызқұмалақ тақтасы,қазақстан картасы,Қазақстан -2030 стратегиясы, магнитті тақта ,магниттер.

VІІ.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Оқушыларды топтастыру.

1.кезең Ұлттық ойындар мағынасын ашып ойларын ортаға салады. Оқушылардың ойларын ашық айтуға жұмылдыру арқылы ұлттық ойындардың маңыздылығын анықтауға мүмкідік береді.

2 кезең Тоғызқұмалақ сұрақтар арқылы түсінік

3кезең ойын ережесін түсіндіре отырып интерактивтті тақтада жүріс жасауға тарту.жүрісті ойланып дұрыс шешім қабылдап жасау керектгіне баса назар аудару қажет.

Оларды қорғаныс ,шабуыл жасаудың тиімділігімен және тактикалық әдістерді дұрыс жасауға бейімдеу.

Тұздықты қалай алу керек және қай отаудан алған жөн.

Жүрстердің хаттамасы , жазылу жүйесін түсіндіріп тақтаға оқушыларды тарту.

4 кезең Магнитті тақтада игерілген әдістерді пайдаланып екі топты сайыстыру арқылы сабақты бекіту

5 қорытынды Интерактивті тақтада тапсырмалар

Тоғызқұмалақ көшпенді қазақ халхымен бірге жасасқан ұлттық ойындардың бірі . Тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап ,дамып келе жатыр . Терең ойды талап ететін ,ойнасаң қызығына тоймайтын халық даналары қалдырған тоғызқұмалақ ойынын дамыта отырып , ұлттық рухымызды асқақтатайық.


© 2010-2022