Сабақтың тақырыбы: Үстел мен ойыншының ара қашықтығы

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үстел мен ойыншының ара қашықтығы
Білімділік: Теннис ойынының шығу тарихы туралы жалпы түсінік
Дамытушылық: Оқушыларды ракетканы дұрыс ұстап, допты дәл соғуға, ара қашықтықты дұрыс сақтауға, шапшаңдылыққа баулу.
Тәрбиелік: Ойынға қатысушыларға төрешіге қарсы келмеуге, қарсыласқа дөрекі болмай сыпайы болуға қалыптастыру.
Керекті құралдар: Үстел теннисі, ракетка, ақ, сары түсті теннис добы.
Өтетін орны: Спорт зал

Кіріспе бөлім:
Оқушыларды сапқа тұрғызу
Мәлімдеме қабылдау
Оқушылармен сәлемдесу
Төменгі жылдамдықта ара қашықтықты сақтай отырып жүгіру.
Жүгіру кезіндегі орындалатын жаттығулар:
- тізені жоғары көтеріп жүгіру;
- өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;
- артпен жүгіру;
- жай жүгіру;
- біртіндеп жүріске көшу;
- тыныс алу жаттығулары;
Жалпы дамыту жаттығуларын орындау

Негізгі бөлім:
Үстел теннисі - арнайы ережелерге сәйкес, ойын үстелiнiң үстінде, ақ және сары доппен және ракетканың көмегімен ойнауға негізделген спорт түрі.
Ойын барысында ойыншылар үстелмен ара қашықтықты сақтап ойын көрсетуі тиіс. Ойыншы үстелмен ара қашықтықты сақтай алмаса, қарсыласының соққысын тосуы қиын болады. Ойыншы үстелге жақындамай 60 - 80см ара қашықтықты ұстаған жөн.

Ойыншыға рұқсат етілмейтін жағдайлар:

- төрешіге қарсы келуге;
- төрешіге дөрекі сөйлеуге;
- қарсыласқа дөрекі сөйлеуге;
- қасақана допты еденге, үстелге ұруға;
Ойыншыға рұқсат етілетін жағдайлар:
- көп доптардың ішінен өзіне доп таңдауға;
- ойын алдында 2 минут дайындалуға;
- төреші демалуға рұқсат бергенде жаттықтырушысынан кеңес алуына;
- азғана яғни 2 - 3 минут үзіліс жасауына мүмкіндігі бар;

Қорытынды бөлім:
Оқушылардың сабақ барысын түсінгені туралы сұрақ жауап арқылы білу.
Үстел теннисін практика жүзінде ойнату.
Оқушылардың сабақ барысындағы жетістіктерімен кемшіліктерін атап өту.
Оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: Сабақ барысында меңгергенін үй жағдайында қайталау.
Оқушылармен қоштасу

© 2010-2022