Дене шынықытыру Аттап отыра жүру

Раздел Физкультура
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Денсаулық, Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Аттап отыра жүру

Мақсаты: 1. Шашырап жұптасып жүру мен жүгіруге жаттықтыру.

2. Жылдамдық және ептіліктерін дамыту.

3. Көлбеу қойылған баспалдаққа міну арқылы білте таяқшаны дұрыс ұстауға үйрету; кесек ағаштан аттап жүругеи үйрету (ауыспалы қадам)

Құрал-жабдықтар: әр балаға екі жалаушадан, 6-8 кесек ағаш.

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылыық

1.Жұптасып жүру, жан-жаққа шашырап жүгіру.

2.Бір қатар сапқа тұрғызып, тапсырманы түсіндіру.

Балалар нұсқаушының көмегімен жұптасып тұруға ыңғайланады және шамамен бір шеңбер жұптасып жүреді, одан кейін педагог жан-жаққа шашырап жүгіруге белгі береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.ЖДЖ (жалаушалармен орындау):

Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жалаушаларды жоғары көтеру, оларды айқастырып, бір-біріне соғып тықылдату, төмен түсіру.

Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды иыққа қойып қойып ұстап тұру. Отыру, жалаушаларды алға созу, тұру, бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: тізерлеп отыру, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жалаушаларды жоғары көтеру, оларды оңға және солға бұлғау, бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жүрумен алмастыра отырып, бір орында қос аяқпен секіру (2рет). Балалар өз орындарына отырады .

Көлбеу қойылған баспалдақпен жүру.

Педагог тапсырманы түсіндіреді.

2.Кесек ағаштан аттап жүру.


3. «Реттілік және ретсіздік» қимыл-қозғалыс ойыны.

Педагог әртүрлі қимылдарды көрсетіп, оны қайталауын және соңғы қимылды есте сақтауын сұрайды, мысалы: «Жалаушалардыекі жаққа соз!»

«Жалаушаларды жоғары көтер!», топты ерекше атап өтеді.

«Бірінші жалаушаны жоғары көтер, екіншісін төмен түсір!».

Кенеттен ол «Ретсіздік!» дегенде барлығы жан-жаққа шашырап қашады да, жалаушаларын жоғары көтеріп бұлғайды.

«Реттілік!» деген белгі бойынша барлығы өз орындарына тұрады, соңғы көрсетілген қимылды көрсетеді.Педагог жаттығуды жақсы көрсеткен балаларды мадақтайды.


Жаттығулар педагогпен бірге орындалады

Жаттығуларды 4-6 рет қайталау



Балаларды жаттығуды кезекпен екі реттен орындайды

Кесек ағаштарды екі қатарға қояды, олардың арақашықтығы 20-25см. Екі баладан бір уақытта орындайды.


Балаларды екі қатар тізбекте тұрады, әрқайсысының қолында жалауша болады. Осы жаттығуда балалардың зейіні, есте сақтауы және шапшаңдық сияқты қасиеттері дамиды, балалар ұжым болып әрекет етуге үйренеді

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог жүру кезінде денетұлғаларын дұрыс ұстап жүрулерін қадағалайды.

Қолдарын белге қойып жүру түрлерін орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: шашырап жұптасып жүру мен жүгіруді;

Түсінеді: ойынның шарттарын;

Қолданады: көлбеу қойылған баспалдаққа мінку арқылы білте таяқшаны дұрыс ұстауды; кесек ағаштап аттап жүруді.



© 2010-2022