Жеңіл атлетика сабақ жоспары 6-сынып

Раздел Физкультура
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жеңіл атлетика. Бір орыннан ұзындыққа секіруді үйрену

6 сыныбына арналған жеңіл атлетикадан ашық сабақ
жоспары № ____

Сабақ тақырыбы: Жеңіл атлетика. Бір орыннан ұзындыққа секіруді үйрену
Сабақ мақсаты: Оқушылардың қимыл - қозғалысын арттыру, секіруге үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, үйрету, қайталау, жаттығу, ойын.
Құрал - жабдықтар: Ұзындық өлшегіш, ысқырық, эстафеталық таяқша және т. б.

Сабақ мазмұны
Жалпы сапқа тұру. Баянат беру. Сәлемдесу. Сабақ тақырыбымен таныстыру.

I. Бір орында бұрылу жаттығулары
II. Жүру: 1. Аяқтың ұшымен
2. Өкшемен
3. Табанның ішімен, сыртымен
4. Жартылай отыра, толық отырып

III. Жүгіру: 1. Жай жүгіріс
2. Тізені көтере
3. Аяқты қайшылай
4. Оң, сол қапталмен т. б.

IV. Демалу жатығулары.
Жалпы дамыту жаттығулары:
1. Б. Қ. Аяқ иық деңгейінде, қол белде.
1 - 4 басты оң жаққа айналдыру, 1 - 4 басты сол жаққа айналдыру.
2. Б. Қ. Қол иықта 1 - 4 алға қарай, 1 - 4 артқа қарай айналдыру.
3. Б. Қ. Қол кеудеде. 1 - 2 қолды бүге артқа, 1 - 2 қолды жазып оңға, 1 - 2 қолды жазып солға.
4. Б. Қ. Қол желкеде, 1 - 2 денені оң жаққа, 3 - 4 сол жаққа бұру.
5. Б. Қ. Оң қол белде, сол қол жоғары. 1 - 2 оңға, 3 - 4 солға еңкею.
6. Б. Қ. Қол белде, аяқ иық деңгейінде ашулы.
1 - Қолды еңкейіп, оң аяққа
2 - ортаға
3 - сол аяқтың ұшына тигізу
7. Б. Қ. Қол белде.
1 - Отырып қолды еденге тіреу
2 - Аяқты артқа сермеу
3 - Отырып қолды еденге тіреу



© 2010-2022