«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» атты отбасылық-спорттық сайыс жоспары

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

атты отбасылық-спорттық сайыс

Мақсаты: ата-аналарды, оқушыларды бұқаралық спортқа тарту, отбасы арасындағы бірлік, татулыққа дәріптеу, намысты, жігерлі болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: шығыршықтар, доптар, шарлар, қапшықтар, секірме жіптер, хоккей таяғы, теннис добы, гимнастикалық таяқшалар.

Өту барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым!

Бүгін сіздер «Оқу шаттығы» жобасы аясында өткелі отырған «Әкем, анам және мен» спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Биылғы жыл дүбірлі оқиғаларға толы. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейлі тойы. Сайысқа қатысқалы отырған 3 - сынып оқушылары мен ата-аналарына да мерекелік көңіл-күй тілейміз!

Сайысымызды мемлекеттік әнұранмен бастаймыз.

Жүргізуші:

Жанұялар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрқайсының жігер-күші жалындап

Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.

Спорт десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын отбасыларды бүгінгі

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

«Толағай» тобы - Ахметбековтер отбасы

«Болашақ» тобы - Бутабаевтар отбасы

«Достық» тобы - Мажыровтар отбасы

«Жас қыран» тобы - Бегаевтар отбасы

Сайыскерлерге дене қыздыру жаттығуы сергіту сәтін бастаймыз.

Сайыс болған соң әділқазыларсыз болу мүмкін емес.

Әділқазылар мүшелері:

1.Жарылғапова Қ.А. - қалалық білім бөлімінің әдіскері

2.Есмағанбетов Н.М. - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

3.Шермұханбет А.М. - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Сайысқа қатысушы отбасы реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады. Өз топтарын таныстырып өтеді.

Сайыстың бағдарламасында:

  1. «Капитандар» сайысы

  2. «Ең епті әке» сайысы

  3. «Үзілмейтін шынжыр» отбасылық эстафета

  4. Аналар сайысы

  5. Спорттық-зияткерлік сайыс

Жүргізуші:

Өнерсіздік зор айып,

Ән мен күйге басайық.

Бәріңізді құттықтап,

Әннен шашу шашайық.

Алдарыңызда «Күншуақ - 2014» республикалық балалар шығармашылығы байқауы жеңімпаздары Дәукенов Алихан мен Сапарбек Толғанай «Отан» әнімен қарсы алыңыздар!

  1. Капитандар сайысы

Әкесі мен анасы шығыршықты қатарласа ұстайды. Ұлы (қызы) шығыршық арасынан өтеді, бала өтіп болысымен, шығыршық алға қойылып отырады. Белгіленген қашықтықты айналып өтеді.Ең төменгі уақыт көрсеткен команда жеңімпаз аталады.

  1. «Ең епті әке» сайысы

Мәреде әкесінің қолында хоккей таяғы мен доп болады. Бұйрық бойынша допты таяқшалардың арасынан жүргізе отырып, орындық үстіндегі 3 дротикті алып, шарды атады. Қайтарды тіке допты жүргізе отырып, кері қайтады. Әр жарылған шар 1 сек. уақытын үнемдейді. Жеңіске ең аз уақыт көрсеткен әке жетеді.

  1. «Үзілмейтін шынжыр» отбасылық эстафета.

1 кезең - баласы қолындағы футбол добымен гимнастикалық таяқша арасымен жүгіре өтіп, шығыршыққа қолындағы добын қояды. Тақтайша бетіндегі тапсырмаларды орындайды. Қайтарда тіке жүгіріп өтеді.

2 кезең - анасы қолындағы волейбол добымен гимнастикалық таяқшаны айналып жүгіріп, қолындағы добын шығыршыққа қояды. Тақтайша бетіндегі тапсырмаларды орындайды. Қайтарда тіке жүгіріп өтеді.

Сергіту сәтінде сіздердің алдарыңызда Алматы қаласында болып өткен VII Қазақстан Черлидинг Чемпионатында ІІ орын жеңімпазы «Лучезарный» командасы өз өнерлерін көрсетеді. Қабыл алыңыздар!

  1. Аналар сайысы

Анасы 1 минутта баскетболдық торға доп түсіреді. Әкесі мен баласы доптарды алып, беріп тұрады.

  1. Спорттық - зияткерлік сайыс

Баласы орындық үстімен жүгіреді, тунельден өтеді. Шығыршықты өзіне киеді, тапсырмалар орындайды. (Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мақалды толықтыр).

...бір рет өледі,

... мың рет өледі.

(ер, қорқақ)

Болат ... шынығады,

Батыр ... шынығады.

(қайнауда, майданда)

Ер жігіт елі үшін ..., елі үшін ...

(туады, өледі)

Анасы орындық үстімен жүгіреді, туннельден өтеді. Шығыршықты өзіне киеді, тапсырманы орындайды. 5 рет секірме жіптен секіреді.

Әкесі орындық үстімен жүгіреді, туннельден өтеді. Тақтайша бетіндегі тапсырмаларды орындайды. Қайтарда тіке жүгіріп өтеді. 10 рет қолды бүгіп-жазу жаттығуын орындайды.

Сайыс кезеңдері де өз мәресіне жетті. Әділқазылар әділ бағаларын шығаруыңызды өтінеміз.

Сіздерге арнап «Күншуақ-2013» республикалық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпазы Досанғали Жандос «Алға, Қазақстан!» әнін қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Жарыс заңды ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Сөз кезегі әділқазылар мүшесіне беріледі.

Сайысты бағалау реті:

«Жеңіске деген ынтасы үшін» -

3 орын - «Достық» тобы, Мажыровтар отбасы

2 орын - «Болашақ» тобы, Бутабаевтар отбасы

1 орын - «Толағай» тобы, Ахметбековтер отбасы

Сайыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Сайыс көңілді әнмен аяқталады.



© 2010-2022