Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау. Допты алып жүру
Сабақтың мақсаты:
Допты алып жүру техникасын, қозғалыс жылдамдығын, ептілікті дамыту. Ұйымшылдыққа тәртіптілікке тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар:
Баскетбол доптары, ысқырғыш, арнайы кедергі құралдар.
Дайындық бөлімі - 12 минут.
Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.
Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру.
Команда «Оңға!», «Оң иықпен алға бас!»
Әртүрлі жүрулер:
-Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;
-Қол желкеде, өкшемен жүру;
-Қол белде, жартылай отырып жүру
Жүгіру:
- Тізені алға көтеріп жүгіру;
- Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермеу;
- Оң, сол жақпен жанға жылжу:
- Оң, сол аяқпен секіру;
- Артқа қарап жүгіру;
- Жүгіріп келе жатып, кенеттен тоқтау;
- Ирелеңдеп жүгіру;
- Тенис добын алу.
Жүру.
Қолдың басын жаттықтыру:
-Қолдың басын айналдыру:
-Жұдырықты ашып, жұму;
-Қолды айқастырып айналдыру;
-Қолды бастан айналдыру:
Негізгі бөлім - 28 минут.
Сыныпты екіге бөлу.
Допты беру және қабылдау
Жетілдіру әдістері:
а) бір орында тұрып,
ә) тізерлеп,
б) түгелдей отырып (аяқты алға созып),
в) допты қозғалысты кеудеден беру қабылдау


Допты алып жүру;
Жетілдіру әдістері:
1. Допты соғу
а) жоғары деңгейде
б) Допты аяқты сәл бүгіп,
ә) тізерлеп отырып соғу (оң, сол қолмен).
2. Тізерлеп оң және сол қолмен допты соғу
3. Допты алып жүру
4. Жұптаса допты алып жүру
5. Кедергілер арқылы допты алып жүру
6. «Жыланша» жүру
Қозғалмалы ойын

«Қасқыр мен қойлар»
Ойыншылар - «Қойлар» екі шеңбердің ішінде тұрады. Әр ойыншыда доп. Бір ойыншы -«қасқыр» шеңбер сыртында доппен тұрады. Мұғалім -«қасқыр жоқ», - деген кезде «қойлар» алаңда еркін қозғалады (қасқырда еркін қозғалады, бірақ қойларға тимейді).
Мұғалім -«қасқыр келе жатыр», - деген кезде қасқыр шеңбер сыртындағы ойыншыға допты тигізуге тырысады («қойларға» шеңбер іші қауіпсіз).
Доп тиген ойыншы -«қасқыр» болады. Ойын осылай жалғаса береді.

Қорытынды бөлім - 5 минут.
Денені созу.
Сапқа түру.
Қорытынды.
Бағалау.

Үй тапсырма:
Секіргішпен секіру, дене көтеру.
Ұйымдасқан түрде залдан шығу.



© 2010-2022