Ағаш аттан секіру 4 сынып

Раздел Физкультура
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ағаш аттан секіру

Сабақтың мақсаты: ептіліктерін, аяқ пен қолдың бұлшық еттерін шынықтыру.

Керекті құрал-жабдықтар: аған ат, төсеніштер.

Өтетін орны: спорт зал

Кіріспе бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекші баяндауы. Сәлемдесу. Тексеру. Төменгі жылдамдықта арақашықтық сақтай отырып жүгіру. Жүгіру кезінде жаттығулар жасау. Біртіндеп жүріске көшу. Тыныс алу жаттығулары.

Негізгі бөлім. Ағаш аттн секіру үшін көпіршелерде секіру жаттығулары жасалады. Көпіршеден секіру ұлдар мен қыздарға бірдей. Ағаш атты қажеттілігіне қарай төмендетуге, жоғарлатуға болады. Бұл жаттығуды орындау үшін жүгіріп келіп аяқпен серпіле қолды тіреп, аяқты кеудеге жылдам жинап алып отыру. Ат үстінен кеудені жаза, қолмен көмектесіп серпіле секіру. Ұшу кезінде белді артқа қарай ию. Төсеніш үстіне түскенде мүмкіндігінше қол жоғарыда, өкше бір жерде болуы керек.

Ағаш аттан секіру: екпіндікпен жүгіру, көпіршені басу, аяқпен серпілу, қолды ағаш атқа тірегенге дейін қалықтп ұшу, қолмен серпілу, қолмен серпілуден кейін қалықтап ұшу, жерге түсу.

Қорытынды бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Жаттығуды жақсы орындаған оқушыларды атап өтіп, бағалау. Үйге тапсырма: Ағаш атсыз жүгіріп келіп аяқты ашып, тізеден бүгіп секіріп үйрену.



© 2010-2022